«Жалпыадамзатты? ??ндылы?тар – мектепті? т?тастай педагогикалы? ?дерісіні? негізі» атты та?ырыбы бойынша м??алімдерге арнал?ан ?дістемелік семинарды? жоспары.


Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың жоспары
Мектеп: Мәдениет қазақ - орыс орта мектебі
Семинарды тыңдаушылардың саны: 5
өзін – өзі тану сабағын беретін мұғалімдер (әдістеме бірлестігі)
Мерзімі: __________Мұғалім: Исмаилова А.А.
Мұғалімдерге арналған әдістемелік тақырыбы:
«Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі»
Мақсаты: Жалпыадамзаттық құндылық ұғымының мәнін ашып, олардың өзін - өзі танудағы сүйіспеншілікті оятып, риясыз қызмет ете білуге баулу.
Міндетті:
Өзін - өзі тануға және жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінікті тереңдетіп, жауапкершілігін арттыру.
Жалпыадамзаттық құндылықтарды тереңдете отырып өмірге деген сүйіспеншілігін және өмір қиыншылықтарын жеңуге талпынысын дамыту.
Бұл өмірде кешірімді болуға тәрбиелеу. Ресустары: (материалдары көздері)
Жоспар
Ұйымдастыру кезеңі. Өз семинарымды тыныштық сәтінен бастаймын. № Нұрға бөлену.
Дәйек сөз
3.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері.
- Бейнеролик: Ш.А. Амонашвили.
(Три главных совета по воспитанию детей)
https://youtu.be/a2sgrb4cdJg
4.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.
-Бейнеролик: Два младенца. https://youtu.be/XStktIPXzGU;
- Бейнеролик: Великая речь Махатмы Ганди
https://youtu.be/gcdzuWeDV0A;
-Өсиетнама : Екі қасқыр HYPERLINK "https://youtu.be/8UNGGQzhe7Y" https://youtu.be/8UNGGQzhe7Y;
-Бейнеролик: Ішкі тыныштық (Конфу панда);
- Бейнеролик: өсиетнама «Счастливая семья» HYPERLINK "https://youtu.be/AM7D8nXDZAU" https://youtu.be/AM7D8nXDZAU.
5.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын басқа пәндермен ықпалдастыру.
- Бейнеролик: Кристаллы воды. Влияние слов на кристаллы воды. https://youtu.be/WJFN85-LwVo. Талдау
Презентация тайындаймын, презентацияға Ұлы адамдардың сөздерін, бейнероликтерді кіргіземін.
Үй тапсырмасы:
Януш Корчак туралы бейнефильмді көруге ұсынамын. «Януш Корчак как любить ребенка» https://youtu.be/gkR8l_QeVywЖиналыстың қорытынды сәті.
Мұғалімдердің сұрақтарына жауап.
Ән айту: Жігіттер тобы «Дүние керуен».
https://youtu.be/-zKKyeCCT3s
Назарларыңызға рахмет! Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың сценари (әзірлеме)
Тақырыбы
«Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі»
1.Кіріспе сөз
Сәлеметсізбе, құрметті әріптестер, бүгін біз сізбен жалпыадамзаттық құндылықтар және «Өзін өзі тану»бағдарламызда қандай өзгерістер жайлы сөйлесеміз.
Ұйымдастыру кезеңі. Өз семинарымды тыныштық сәтінен бастаймын.
№ Нұрға бөлену.
2.Дәйек сөз
Өмір - кеме, жүзем онда демеңіз,
Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.
Халық даналығы
3.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері.
- Бейнеролик: Ш.А. Амонашвили. (Три главных совета по воспитанию детей)
https://youtu.be/a2sgrb4cdJgРухани адамгершілік білім беру үдерісі жүрекке арналған білім, ол интелектуалық білінмен айтарлықтай өзгеше. Рухани адамгершілік білім ішкі білім.
Батыс психологиясында үш бағыт қарастырады:
Психоаналитикалық бағыт бірінші толқын (З.Фрейд, Э.Эриксон, К.Хоран)
Бихевиористік бағыт:адамның тәртібі оның физиологиясына байланысты (екінші толқын Д.Б.Уотсон). «Өз құмарлығының тозағына күймеген адам, оларды жеңе алмайды.
Тән мен жан нышандардың өзара біте қайнасуының тереңдігі сонша, біз тәндік нышан арқылы жанның қасиетті туралы, сол сияқты жанның ерекшеліктері арқылы тәннің тиісті формалары туралы да терең зерделей аламыз.Адамдар да өсімдіктер сияқты кейбіреулері жарықта, кейбіреулері көлеңкеде өскенді қалайды. Жарықтан гөрі көлеңкені қалайтындар бар», деген К.Г.Юнг. Ал К.Р. Роджерстің ойынша, біздің әрқайсысымыз жан мен тән, сезім мен парасаттылық арасында айырмашылығы жойылған, өзара интеграцияланған бір бүтіндікке жанталаса талпынған екі бөліктен тұрады.Адамның ізгілігіне сенбейтін адамдарға ізгіліктің көрінісі де сирек кездеседі.Абрахам Маслоу...менің өз қажеттіліктерімді қанағаттандыру кезінде байқағаным, өз кезегінде жаңа және одан да терең қанағаттанбаушылыққа ауысып отыратын уақытша бақытқа ғана жеткізеді. Оның ойынша, әр адамға мәңгілік рухани құндылықтарда жоғары қажеттіліктер (метақажеттіліктер)тән. Егер олар қанағаттандырылмаса, метапотологиялар дамиды.
Гуманистік бағыт - үшінші толқын(Карл Роджерс, А.Маслоу, Эрик Фромм). Бихевиоризм (ағылшын тілінен аударғанда behavior – тәртіп). Кең мағынасы адам мен жануарлардың ағзасының сыртқы ортаның әсерін қабылдау әсерін бақылайтын психология саласы.
Ғалымдар : Джон Бродес Уотсон, Эдуард Чейс Толмен және басқалары. З.Фрейд бірінші рет бейнесаналық (санадан тыс) бөлігін ажырата отырып, адам санасының құрылымын жасады. Ол невроздарды зерттей отырып , сана саласынан шығып қалған эмоцияларды тапты және оларды түпкі сана (подсознание)деп атады. З. Фрейд негізінен патологиялық жағдайларды қарастырғандықтан, оның теориясын жан жақты ету адам мүмкіндіктерін шектеуге әкеліп соқтырды. К.Г.Юнг сананың төменгі, жеке тұлғалық деңгейінен басқа жоғары деңгейінің (жоғары сана)бар екеніне назар аудара отырып, бейсаналық ұғымын кеңейтті.
4.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.
-Бейнеролик: Два младенца. https://youtu.be/XStktIPXzGU;
- Бейнеролик: Великая речь Махатмы Ганди
https://youtu.be/gcdzuWeDV0A-Өсиетнама : Екі қасқыр HYPERLINK "https://youtu.be/8UNGGQzhe7Y" https://youtu.be/8UNGGQzhe7Y;
-Бейнеролик: Ішкі тыныштық (Конфу панда);
- Бейнеролик: өсиетнама «Счастливая семья» HYPERLINK "https://youtu.be/AM7D8nXDZAU" https://youtu.be/AM7D8nXDZAU.
- Аксиология (грекше axia - құндылық және logos - ілім)- «құндылық» категориясын зерттейтін философия саласы. Адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай – күйлерді құндылықтар деп аталады.Т.И.Петракова ұсынған құндылықтар жүйесінің жіктемесі олар үш түрге бөліп қарастыруды көздейді: табиға, жүре пайда болған және абсолюттік.
- Табиға құндылықтар – бұл адамның табиғи күші мен жан –дүниесінің қабілеттілігі құндылықтары: яғни, ақыл –ой, сезім, күш-жігер.
-Жүре пайда болатын құндылықтар –бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайлық, сыйластық, жанашырлық , кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабырлық).
-Абсолюттік жалпы адамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар. Абсолюттік(мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға рухани –адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады.Мәңгілік адамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке жол ашады. Жалпыадамзаттық құндылықтар барлық адами қасиеттердің өзегі болып табылады. (1 сурет)
Ақиқат,Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адал деп атауға болады.
Ақиқат – негізігі жалпы адами құндылық. Ақиқатты тану үшін адам өзіне мен кіммін?өмірімнің мақсаты не? Үйлесімді өмірді қалай сүремін? Деген сұрақтар қоя бастайды.Ақиқат - басқа құндылықтардың қайнар көзі болып тбылады. Оны шын мәнінде танысаң барлық іс –әрекеттер ақиқатпен сәйкестенеді. Әр адамның шыңы жеке, ақиқат қана бір деген даналықты халқымызды бекер айтпаған Ұлы ақын Абай атамыз.
Бейнеролик :Два младенца. https://youtu.be/XStktIPXzGUАқиқаттан туындағанның барлығы –дұрыс әрекет.
Пифагор (б.з.д.570-490) Мен «Осы жерде жіне тап қазір»күйіне түсу мүмкіндігінен бақыт көремін, осы күйге түскенде біз Өзімізді түсінеміз, біз Бармыз, Мен –Бармын..., Мен болу – әрқашан бақыт...
Бақыт өмір сүрудің Ұлы ғылымы тек қана тап қазір өмір сүру болып табылады.
Қиянат жасамау – түсіну ретіндегі Сүйіспеншілік. Түсіну –барлық тіршілікті қиянат жасамауға алып келу тұтастығы.Қиянат жасамау –Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет және ішкі тыныштықтың іс жүзіндегі тәтті жемісі. Өзіне қатысты қиянат жасамау
Өзіне қатысты қиянат жасамау –бұл өз сезім мүшелеріне қиянат жасамау:
Өтірік айту, дөрекі сөйлеу –тілге қиянат;
Жаман сөз есту –құлаққа қиянат;
Барлығынан жамандық көру –көзге қиянат;
Жаман иіс иіскеу – мұрынға қиянат;
Жаман әрекет жасау –тәнге қиянат;
Жағымсыз ойлар –бүкіл әлемге қиянат.
Жақсылық ойла,
Жақсылыққа қара,
Жақсылықты есті,
Жақсылықты айт,
Жақсылық істе –бақытқа бастар жол осы.
Қиянат жасаудың себептері:
Сүйіспеншіліктің жетіспеуі;
Рухани –адамгершілік білімнің жетіспеуі;
Өзгеріске қарсылық ретінде қиянат;
Әлем туралы өзіндік түсінігіне сәйкес әлемді өзгерту ниетінен туындаған қиянат.
«Ең қуаттылырдың қаруы –қиянат жасамау»Махатма Ганди,
Бейнеролик: Великая речь Махатмы Ганди
https://youtu.be/gcdzuWeDV0A
Өсиетнама : Екі қасқыр https://youtu.be/8UNGGQzhe7YІшкі тыныштық пен қуаныш осы өмірдің бөлінбейтін бөлшегі емес, ішкі тыныштық пен қуаныш бұл біздің шынайы ішкі табиғатымыз. Жан тыныштығы асау мұхитқа ұқсайды. Мұхиттың жан тыныштығы өзінің тереңінде. Әрбір адам –бұл мұхит. Адам ақиқатты сезініп сүйіспеншілікпен дұрыс қадам жасаса, онда оның қөңілі мен жан тыныштығы хош иісті гүлдей бал –бұл жайнайды. Конфуций: «Жақсы адамды кездестірсең, одан үйренуге тырыс, ал жаман мінез –құлықтағы адамды кездестірсең, өзіңді зертте»,–деген. Сезімнің сергек болсын, айнала қоршаған ортаға немқұрайды қарама! Басыңа қиыншылық түссе, рухынды түсірме. Асығыс әрекетке көшпе, алдымен жақсылап ойланып ал. Мәселеден адами қасиетке лайықты шығудың жолын жайдары, жан тыныштығыда отырып ойластыр.
Ішкі тыныштықты сақтауға көмектесеьіе даналық інжулерінен:
Бәрі өтті, бұл да өтеді;
Барлық болып жатқандардың бәрі, жақсылыққа қарай бастайды;
Бүкіләлем бұл –айна. Мен өз бейнемнің қайта шағылысуын ғана көрме.
Бейнеролик: Ішкі тыныштық (Конфу панда)
Сүйіспеншілік –бұл таза, риясыз және шүбәсіз сүйішпеншілік, өмір тірек болатын жасампаз қуат.
Жоғары аталған бес құндылықтардың алғашқы екеуі –ақиқат пен дұрыс әрекет шын мәнінде барлық адамгершіліктің мәнін қамтиды. Адалдық, тұтастығы мен адалдық, демек, екі қазірдің өзінде тән, барлық жағдайларда, ар –ождан ішкі дауыа бойынша шындық және акт айтып. Шыншылдық, туралық пен адалдық іштей осы екеуі тән, яғни барлық жағдайларда шындықты айт және іштегі ар –ұждан дауысына сәйкес әрекет ет. Егер кім де кім риясыз сүйіспеншілікпен әрекет етсе, ол жетістікке жеткеніне жеңіліске ұшырғанына, рахаттану немесе жан күйзелісіне, қуаныш немесе қайғыға қарамастан ол толық ішкі тыныштық пен сабырлықта болады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды: ақиқат, дұрыс әрекет, ішікі тыныштық, сүйіспеншілік, қиянат жасамауды түсінігісі келгендерді, күнделікті өмірде қолданатын және шынайылықпен, ынта –жігерімен таратын кез –келген адамды шынайы білімді адам деп айтуға болады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды осылай зерделеу жалпыадамзаттық құдылықтар мен ұлттық құндылықтар арасында арасында қарама –қайшылықты жояды, өйткені кез келген ұлттық мәдениет сияқты ол да негізі рухани бастау болып табылатын мәңгілік құндылықтарға негізделген. Біргей рухани бастау – ол рух, оның ұлты болмайды. Рух рухани – адамгершілік құндылықтар ретінде барлық ұлттық мәдеттерде, әр түрлі тілдерде, поэзияда, дәстүрлерде, тұрмыста, діннің түрлерінде бірдей көрініс береді. Жалпыадамзаттық құндылықтар бұл контексте ұлттық, мәдение мұра призмасы арқылы танылып, өз аясын табиғи түрде жалпыадамзаттық ауқымға дейін кеңейтеді.
Бейнеролик: өсиетнама «Счастливая семья» https://youtu.be/AM7D8nXDZAU5.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын басқа пәндермен ықпалдастыру.
- Бейнеролик: Кристаллы воды. Влияние слов на кристаллы воды. https://youtu.be/WJFN85-LwVo.
Ықпалдасу – бүгінгі таңда адамның ғылыми ойлауын және ілемдік көзқарасын анықтайды. Философиялық сөздік ұғымға мынадай түсінік береді: ықпалдасу – әр текті бөліктер мен элеметтердің бірігуімен байланысты даму.
Ықпалдастыру процесі (от лат.integratio – біріктіру, қалыпқа келтіру)бірін –бірі толықтыратын, бір –бірмен байланысты жеке ұғымдарды бір тұтас етіп біріктіру. Ықпалдастырудың әдістемелік негізгі ғылым негізін игеруде және әлемдегі барлық заңдылықтарын түсінуде пәнішілік және пәнаралық байланысты орната білу. Қалай ықпалдастыруға болады?
Сыртқы ықпалдасу –өзін –өзі тану пәнінің әдістерін қолдану.
Ішкі ықпалдастыру – дүниетанымды мәнге ие.
Білім берудің екі аспектісі үйлесімді дамуы керек:
Интеллектуалдық –сыртқы білім беру, ақылға арналған білім. Жақсы білім, өмірде өзін –өзі қамтамасыз етуге үйрену.
Рухани –адамгершілік –ішкі білім, жүрекке арналған білім, үйлесімділік.
Ықпалдастыру жолдары:
Ғылымдардың даму тарихы мен ұлы ғалымдардың өмірінен шабыттандыратын мысалдар келтіру.
Қазіргі ғылыми жаңалықтармен таныстыру.
Әрбір оқу пәндерінің мазмұнынан жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау.
Ықпалдастыру бұл түрлері құстың қос қанаты сияқты. Құстың бір қанаты сау болмаса, ол ұша алмайды. Білім беруде де солай, интеллектуалдық білім мен рухани – адамгершілік білімді құстың қос қанатындай тең ұстағанда ғана мақсатқа қол жеткіземіз. Алайда, мұғалімдер «Өзін –өзі тану»пәнін басқа пәндермен дұрыс ықпалдастыру жолдарын біле білмейді, олд сабақта «шаттық шеңбері» немесе сабақ үстінде ойын, тренингтер сияқты оқушыларды ойын, сауықтарды өткізу деп ойлайды. Бұл ықпалдастыру болмайды ол тек қана әдіс –тәсілдерді қолдау ғана болып табылады. Ықпалдастыру жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең мәнді, мазмұнды деігейде өткізілуі керек. «Өзін –өзі тану»пәнінің мазмұнының негізгі жалпыадамдық құндылықтардан тұра, ал барлық әдістемелік тәсілдер: жағымды ойлау, өсиетнама айту, ән айту, шығармашылық жұмыс, ойындар терең рухани –адамгершілік мәнімен болуы міндет.Қай заманда болмасын балалар жанды білімді қажет еткен және одан әрі қажет етуде. Онда жанды білім мен жансыз білім дегеніміз не? Ізгілік педагогикасының негізгін қалаушы ұлы педагог Ш.А.Амонашвили бұл сұраққа былай жауап береді: «Жансыз білім дегеніміз мектеп табалдырығын атап шыға салысымен үмытылатын және ол туралы оқушыны еш өкіндірмейтін сыртқа берілетін білім». Ал жанды білім Беру мәдениетін құрады.
Тірі білім:
Адамдарды шабыттандырады;
Ғылымдар көкжиегіне шақырады;
Жаңа өмір жасауға жандандырады;
Жаңа білім мен эволюцияны туындатады.
Жанды білім –қанат бітірсе, жансыз білім –аяқты көтертпейтін жүк тәріздес деп түсіндіреді. Өзін – өзі тану мұғалімі, ең алдымен, өзін өзі тануға, өзін өзі жүзеге асыруға, өзін өзі анықтауға қабілетті, оқушалардың қалай тәрбиелегісі келсе, өзі де солай болуға ұмтыладын педагог.
(Жансыз және жанды білім беру сурет). «Өзін өзі тану»–тұтастықты, адамдықты, руханилылықты қамтамасыз ететін метапән.мысал, жапон ғалымы Масару Эмоттоның зерттеуі: су – ақпаратты жан жақты тасымалдаушы, ол кристалл күйінде адамның сөзін, ойын қабылдап алады екен. Жер бетіндегінің бәрі тербелісте, сол сияқты сөз де тербелісте болады. Егер шеңбер сызса, онда ол сөз сүйіспеншілікті тербеліске түседі, жанданады. Су осы тербелістерді өзінің кристалды құрылымында сақтайды. Жақсы сөздерден құрылған кристалл әдемі, үйлесімді формадан болады, ал ажаман сөздерден түзілген кристалл – ұсқынсыз, байланысы жоқ, симметриялы емес, үйлесімі жоқ кристаллдар түзеді. Адамның денесі 70% судан тұратының ескере отырып, сөз бен ойдың адам денсаулығына қаншалықты әсер ететіндігіне қорытынды жасауға болады.
Бейнеролик: Кристаллы воды. Влияние слов на кристаллы воды. https://youtu.be/WJFN85-LwVo6.Үй тапсырмасы
Януш Корчак туралы бейнефильмді көруге ұсынамын.
«Януш Корчак как любить ребенка» https://youtu.be/gkR8l_QeVyw7.Жиналыстың қорытынды сәті.
Мұғалімдердің сұрақтарына жауап.
Ән айту: Жігіттер тобы «Дүние керуен». https://youtu.be/-zKKyeCCT3s
Назарларыңызға рахмет!