Ж?лдызды аспан. ?лемні? ??рылымы ж?не масштабтары
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
С.Саттаров атындағы №57 мектеп – лицейі
Сабақ жоспары
Тақырыбы: Жұлдызды аспан. Әлемнің құрылымы және масштабтары
9 – сынып
Орындаған: _________Есембекова Ж.
Тексерген: __________Сатенова Ш.К.
Қарағанды 2014
§38. Жұлдызды аспан.
Әлемнің құрылымы және масштабтары
Өткізілген күні: 25 қаңтар 2014 жыл
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың тақырыбы: Жұлдызды аспан. Әлемнің құрылымы және масштабтары
Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік: Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
ә)Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ғылыми танымдық көзқарасын дамыту.
б)Тәрбиелік: Аталған құбылыстарды күнделікті өмірмен ұштастыру. Физиканың техникамен, психология және т.б. ғылымдармен байланысын көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, видео материал
Сабақтың жоспары:
а)Ұйымдастыру кезеңіне – 1минут
б)Жаңа сабақты түсіндіру – 15минут
в) Бекіту тапсырмаларын орындау – 20минут
г) Қорытындылау – 5 минут
д)Үйге тапсырма беру – 1минут
е)Оқушыларды бағалау – 2минут
Сабақтың барысы:
а)Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу және сабаққа көңіл бөлу.
б)Жаңа сабақты түсіндіру: жаңа сабақтың тақырыбын жазу, жұлдыздар мен шоқжұлдыздар туралы мағлұмат беру.
в)Сабақты бекіту кезеңі:оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақ қойып, жауап алып, видео материал тамашалау.
д) рефлексия: «Ақылдының алты қалпағы»
г)Үйге тапсырма беру: §38. Жұлдызды аспан. Әлемнің құрылымы және масштабтары тақырыбын оқу, мазмұндау
е) Бағалау
б)Жаңа сабақты түсіндіру:
§38. Жұлдызды аспан.
Әлемнің құрылымы және масштабтары
Айсыз ашық түні аспаннан сан жетпес жұлдыздар жымыңдап, адамның көңілін өздеріне ерісіз аударады. Шынында да, жер бетінің кез келген орнынан бір мезетте аспан күмбезінен құралсыз көзбен үш мыңға тарта жұлдызды көруге болады. Оларды танып білмек үшін адамдар өте ерте заманда жұлдыздардың өзара орналасуын жан – жануарларға немесе басқа нәрселерге ұқсатып топтастырып, оларға шоқжұлдыз атауларын берген.
Ең танымал шоқжұлдыздар Жетіқарақшы (Үлкен Аю), Геркулес, Торпақ, Аққу, Бүркіт, Қарақұрт, Жылан, сужылан т.б.
Шоқжұлдыздардың астрономияда осы күндері қолданылып жүрген атауларының 48-і өте ертеден Египет (Мысыр), Вавилон және Грекия замандарынан белгілі. Ежелгі Гиппарх (б.д.д. 180 не 190 – 125 жж.), Птоломей (90-160жж.) шоқжұлдыз атауларын бір жүйеге келтіріп, олардағы шоқжұлдыздардың атауларын біржүйеге келтіріп, олардағы жұлдыздардың алғашқы тізімдерін, суреттемесін жасаған. Бірақ ол тізімде Жер шарының солтүстік жарты шарында орналасқан елді мекендердің аспанында көрінетін шоқжұлдыздар ғана қамтылған. Ал аспанның қалған бөліктерінің жұлдыздарын саяхатшылар ХVІ – ХVІІІ ғасырларда оңтүстікке шеккен сапарларында шоқжұлдыздарға топтастырып, картаға түсірген.
Шоқжұлдыз дегеніміз – аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі.
Аспанда барлығы 88 шоқжұлдыз белгіленген. Шоқжұлдыз шекаралары Халықаралық астрономия одағының (ХАО) арнаулы қаулысы бойынша бекітілген, бірақ олардың ешқандай физикалық мағынасы жоқ. Шоқжұлдыздардың 31-і аспанның солтүстік жарты шарында, 48-і оңтүстік жарты шарында, ал қалған 9-ы аспан экваторының бойында екі жарты шарға да ортақ орналасқан. Халықаралық деңгейде шоқжұлдыз атаулары латын тілінде қолданылады. Ұлт тілдерінде олар латын тілінен тікелей аударылып қолданылады.
Жарық жұлдыздардың көпшілігінің ежелден келе жатқан өзіндік атаулары бар.
1603 жылы Йоган Байер әр шоқжұлдыздағы жарық жұлдыздарды грек алфавитінің әріптерімен таңбалауды ұсынды. Әдетте, ең жарық жұлдыз α, одан сәл солғындау жұлдыздар реті бойынша грек алфавитінің келесі әріптерімен белгіленді.
Түнгі аспанға қарағанымызда жұлдыздардың жарықтылықтары әр түрлі екндігін аңғарамыз. Сириус, Арктур, және Вега жарқырап көзге бірден түссе, Алькордың көмескі жұлдыз екендігін аңғарамыз. Жұлдыздардың көзге көрінерлік жарықтылығын санмен өрнектеу үшін астрономдар көрінерлік жарықтылығын санмен өрнектеу үшін астрономдар көрінерлік жұлдыздық шама деген ұғымды пайдаланды. Мұны алғаш ежелгі грек астрономы Гиппарх енгізген. Ол аспандағы көзге көрінетінжұлдыздарды алты топқа бөліп, ең жарық жұлдыздарды бірінші жұлдыздық шамаға, ал ең көмескілерін алтыншы жұлдыздық шамаға тағайындады.
ХІХ ғасырдың ортасында ағылшын астрономы Норман Погсон жұлдыздық шаманың осы заманғы шкаласын ұсынды. Бұл шкалада 5 жұлдыздық шама (ж.ш.) жұлдыз жарықтылығының 100 есе өзгеруін көрсетеді. Демек, бір ж.ш. айырмашылығы жұлдыз жарықтылығының 5100≈2,512 есе өзгеруіне сәйкес келеді.
Көрінерлік ж.ш. m (латынның magnitudo – шама сөзінен) әрпімен таңбаланады.
Астрономияда жұлдыз жалтырлығы (жылтырауы) деген ұғым қолданылады. Ол жұлдыздың одан келетін сәулеге перпендикуляр орналасқан бірлік ауданды жарықтандыратын жарық мөлшерін береді.
Екі жұлдыздың Е1,Е2 жалтырлығы мен олардың m1, m2 жұлдыздық шамалары арасындағы байланыс Погсон формуласымен өрнектеледі:
Е1Е2=2,512m1-m2Жарық өлшегіш аспап – фотометрді пайдаланып жүргізілген өте дәл өлшеулер жұлдыз жалтырлығының әрқилы болатындығын көрсетеді. Сондықтан кейбір жұлдыздардың жалтырлығы ж.ш. бойынша бөлшек және теріс мәндермен де өрнектеледі.
Аспандағы ең жарық жұлдыз Сүмбіленің (Сириус) көрінерлік ж.ш.-сы m= -1,58; Күннің ж.ш.-сы m= -26,6; толған Айдың ж.ш.-сы m=-12,7.
Бір жұлдыздың жалтырлығы жоғары, ал енді біреуінің төмен болуы жұлдызыдың шын мәніндегі жарықтылығы туралы мәлімет бере алмайды. Себебі жарық жұлдыздың бізге жақын орналасуы себебінен көрінерлік ж.ш.-сы жоғары болуы мүмкін, бірақ тура осындай жұлдыздың алысырақ орналасуы себебінен көрінерлікмж.ш.-сы төмен болады.
Жұлдыздардың шын мәніндегі жарықтылығын анықтау үшін абсолют жұлдыздық шама , жұлдыздың стандарт қашықтық – 10 парсек немесе 32,6 жарық жылы қашықтықта орналасқандағы көрінерлік ж.ш.
Мұндай қашықтықта көрінерлік ж.ш. аспандағы ең жарық жұлдыз Сириус үшін +1,4, Күн үшін +4,49, ал Бетельгейзе үшін -6,0, Ригель үшін -7,0 болар еді.
М – абсолют ж.ш., m – көрінерлік ж.ш. және жұлдызға дейінгі қашықтық – R (парсекпен өрнектелген) өзара мына формуламен байланысқан:
М=m+ 5 – 5lgR
в)Сабақты бекіту кезеңі: осы тақырып бойынша видеоматериал тамашалау.
1. Шоқжұлдыз дегеніміз не?
2. Аспанда қанша шоқжұлдыз бар?
3. Жұлдыздар шоқжұлдыз құрамында қалай белгілінеді?
4. Көрінерлік және абсолют жұлдыздық шамалар нені білдіреді?
д) рефлексия: «Ақылдының алты қалпағы»
«Алты қалпақ» әдісінде ойлау алты түрлі тәртіпке бөлінеді, олардың әр қайсысы шляпа түрінде өз түсі болады.
Қызыл қалпақ. Сезім. Көкейкөз, сезім және сезіну. Сезімге негіз беруді талап етпейді.
Сары қалпақ. Айрықша. Мұны неге істеуге болады? Айрықшалығы неде? Не үшін оны істеу керек? Неге бұл істеледі?
Қара қалпақ. Сақтық жасау. Талқылау. Бағалау. Шын ба осы?
Жасыл қалпақ. Шығармашылық. Түрлі ойлар. Жаңа ойлар. Ұсыныстар. Тиісті шешімдер мен іс-әрекеттердің қайсысы ? Баламалары қандай?
Ақ қалпақ. Ақпарат. Сұрақтар.
Көк қалпақ. Ойлауды ұйымдастыру. Ойлау туралы ой.
г)Үйге тапсырма беру: §38. Жұлдызды аспан. Әлемнің құрылымы және масштабтары тақырыбын оқу, мазмұндау
е) Бағалау