С?лем — с?зді? анасы


«Сәлем – сөздің анасы»
Әдептілік ізеттілік әлемі.

Адамда жақсы қасиет болмаса,
Оған бақ та, бақыт та қонбайды.
Ж.Баласағұн
Білімділік мақсаты: «Болар елдің баласын сәнінен емес, сәлемімен таны.»- деген, қазақ халқының ұрпағына тән иба мен имандылыққа, үлкенге құрмет, кішіге ізет, мейірімділікке баулу, амандасу салт-мазмұны жағынан өте бай ата дәстүр екендігін терен ұғындыру, оқушылардың зердесіне жеткізу.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды адам бейындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, оны игеруге, айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасай отырып, әдет-ғұрпы мол, дәстүрді жалғастырушы қайырымды ұрпақ тәрбиелеу.
Базалық ұғым: Халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрдің, жалғастырушы ұлттық тәрбие ерекшеліктерін терең білуге, құрметтеуге үйрету.
Колданатың көрнекіліктер: Қанатты сөздер, кітаптар
Барысы:
Кіріспе бөлім.
Адамгершіліктің қарапайым қағидалары туралы.
Төле бидің «Данагүл» әнгімесінен үзінді оқу.
Қорытындылау.
Пайдаланылатын қанатты сөздер:
Қыз анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұл атадан үйренбей сапар шеқпес.
Қорқыт ата.
Болар елдің баласын сәнінен емес, cәлемінен таны.
Халық мәтелі.
Сәлем беру-имандылық, инабаттылық, көрегендік, әдептілік,адамгершілік,
ізеттілік, тілектестіктің белгісі.
«Кім бірінші болып амандасса,
сол Алланың алдында ең қадірмен кісі»,-деген екен
Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз.
Мұғалім: Сәлемдесу деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Сәлем – әдептіліктің белгісі.
Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру,сәлем қылу сияқты түрлері бар.
Сәлемдесу-кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп,
қуанышқа бөленуі, бір-біріне аман-саулық тілеп, тілектестігін,
ниеттестігін білдіруі. Амандасу адамгершіліктің, әдептіліктің
бір белгісі болып табылады.
Мұғалім: Амандасудың қандай түрлері бар?
-Сәлеметсіз бе?
-Аман-саусыз ба?
-Аман-сау болыңыз!
-Аман-есенсіз бе?
-Аман-есен болыңыз!
-Бала-шағаңыз, мал-жаныңыз аман ба?
-Ассалаумағалейкум!
-Уа алайкум- ас салам!
-Сізге амандық тілейміз!
Мұғалім: Сәлемдесу рәсімі туралы не білеміз.
Адамның адамгершілік атты асыл қасиетті игерген , мәдинетті нағыз адам болып өсуі, әрі халықтың ғасырлар бойы дамып қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиесін бойға сіңіруіне байланысты.
Үлттық тәлім-тәрбиенің негізгі мақсаттарының бірі балаларды сыпайылыққа, кішіпейілділікке, ізеттілікке, қайырымдылыққа,баулу.
Халқымыздың жас ұрпакты инабаттылыққа, әдептілікке үйрететін тәлімі мен рәсімдері көп. Солардың бірі-сәлемдесу рәсімі.
Ана тіліміздің баға жетпес байлығы мен жас ұрпаққа жол сілтер бағыт-бағдарларының айналасында сөз қозғаймыз.
Ақжүніс: Сәлеметсіз бе?!-кішігірім ғана бір ауыз сөз.
Ал бірақ бұл " Мен сені аман-есен ұшырастырып түрмын, ағайын.
Пейілің шырайлы, жүзің жарқын болсын, мен сені сыйлаймын, сені де сыйластық танытады деп білемін. Өз басым саған денсаулық, амандық, бақыт тілеймін",- деген бір қауым ойларды меңзейді.
Саят: "Болар, елдің баласын сәнімен емес, сәлемінен таны"- деген қариялар. Олай болса біз сіздерге сәлемдесу,
амандасу жолдары туралы айтып берейік.
Нұрсейіт: Адамзат баласының дамуы, өркениеттің алға жылжуы адамдар арасындағы қарым-қатынасқа тікелей байланысты. Ізгі ниетсіз, адамгершіліктің қарапайым қағидаларынсыз қоғамның алға басуы мүмкін емес. Онда адамдық қарым-қатынастарда ерекше орны бар қағидалар, өмір сүруімізді жеңілдететін мінез-құлықтың
этикалық нормалары сөз етіледі.
Мұғалім: Амандасу деген не?
Аружан: Амандасу - бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі.
Адам баласы дамуының балаң кезінде амандасу қолында тасы не басқадай қаруы жоқтықты көрсету үшін жасалған қауіпсіздік әрекеті.
-"Міне,көрдің бе,қолымда дәнеңе де жоқ",-деп оң қолды көтеріп сәлемдесу, "Сенбесен алақанымды ұстап көр",- деп оң қолды көтеру ықыластың шарасы.
Оң қолды көтеру немесе оң қолды ұсыну, қару ұстайтын оң қолдың бос екендігін, жауластықниетінің жоқтығын аңғартады.
Балдырған: Амандасу әр халықтың мәдениетінің алғашқы беташары. Халық сәлемдесуге ежелден-ақерекше мән берген. Тәрбиені амандасу, жөн сұраудан бастаған. Адам үшін әрбір күн амандасудун басталуға тиіс.
Нұрайым: Осындай ізгі шара біртіндеп амандасу сиақты тамаша әдетке, одан бірте-бірте мінез-құлықнормасына айналған.
Қазақхалқында амандасуға айрықша мән беріледі. әдетте кіші-үлкенге, аттылы жаяуға бұрын амандасады.
Мұғалім: Амандасудың қандай түрлері бар?
Гүлсән: Армысыздар!-амандасудың ежелгі қазақы түрі.
Сәлеметсіз бе?-амандық сұрау, сәлем беру.
Құдайберген: Қол беріп амандасу - шынайы ізгі ниетті білдіреді. Имандылыққағидасы бойынша қол беріп амандасқанда бетті бөтен жаққа бұрып немесе теріс қарап амандасуға болмайды. Амандасушылар бір-бірінің көзіне тура қарап, шын пейілмен, жылы жүзбен амандасқандары жөн. Тіріс қарап амандасу менсінбегендіктің белгісі
әйел адамның немесе қыз баланың қол беруі міндетті емес.
Саят: Төс қағыстырып амандасу - ер жігіттердің, батырлардың шынай достығын, кездесуге қуанышын білдіреді. Бір-біріне сенетін жігіттер ғана осылай амандасады.
Жадыра: Қолдан сүйіп амандасу - әжелердің немесе апалардың жеткіншектердің, жас өспірімдердің қолынан сүюі. Ол балаларға, жас ұрпаққа деген құрметті білдіреді. қолдың тек сыртынан ғана сүйеді. Алақаннан сүюге болмайды.
Гүлсән: Көзден сүйіп амандасу - әжелер немесе аналар өте жақсы көретін немерелерін қатты сағынғанда көзінен сүйіп амандасады.
Искеп амандасу - қариялар, ақсақалдар кішкентай бөбектерді искеп амандасады.
Ақжүніс: Маңдайынан сүйіп амандасу - үлкен адамдар кішкентай бөбектерді балалардың, жеткіншектердің маңдайынан сүйіп амандасады.
Нұрайым: Көпшілік отырған жерге келген кісі арқайсысына емес,
жұрттың бәріне ортақ бір ғана сәлем береді.
Дастархан басында отырғандардың бәріне ортақ бір ғана сәлем береді.
Аружан: Қол алысу арқашанда достықты білдіруге тиіс және екінші адамның қолын ауыртпайтындай қысу керек. Қолды селқос, сұлық ұсынса дұрыс емес. Тамақтанып отырған кезде, ас үстінде қол ұсынбайды. қолғапты, бас киімді шешіп амандасу да адамды құрметтегеннің белгісі.
Гүлсән: Сәлемдескенде ешқашан дауысты көтермей, жылы шыраймен, ізет көрсету - сәлемдесу әдебінің шарты. Дауыс ырғағының өзі маңызды қызмет атқарады. Кейбір елде адамдар дауыс ырғағынан -ақ"кім екенініңді білдім" дейді. Бұл кездейсоқайтылған сөз емес. Көне көз қария бір сәтте-ақбойыңыздағы барлыққасиетіңізді байқап қалады.
Раушан: Егер сен амандасу үстінде қабағыңды шытып естілер-естілмес ерінді жыбырлатып және үлкен кісінің қолын қаттыраққысып жіберсең, сенің дөрекілігің бірден көрінеді.
Айдын: Сәлем беруде кездесушілер бір-біріне "сәлем" деп ишара етсе, ол қазақ халқының әдептілік ишаратына сәйкес келмейді.
Мұндай сәлемдесу Еуропа халықтарында көп кездеседі.
Саят: Үлкенге сәлем берушінің міндетті, қазақта "Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді" деген дәстүр бар. Алыстан келген кісіге сәлем беру тәртібі жасқа байланысты емес. Ал кездескенде кіші үлкенге сәлем бермей кетсе, ол көргенсіздік, әдепсіздік болады.
Қуаныш: Қалыптасқан дәстүр бойынша үлкен қария ауыл сыртында отырса, аттүсті келе жатқан адам арқан бойы жақындағанда аттан түсіп, айрықша сәлем берген. Жас адам ұзақ жолдан келсе, ауылдағы қариялар барып, сәлем беріп шығуға міндетті болған.
Мұғалім: Қазір балалар әңгіме бойынша жұмыс істейміз.
Гүлсән Төле бидің "Данагүл" әңгімесінен үзінді оқиды.
Сол үзінді бойынша өз пікірімізді білдіреміз.
Төле бидің"Данагүл" әңгімесінен үзінді көрініс.
Мұғалім: Осы әңгімеден Данагүлдің қандай екенін көреміз
(оқушылардың пікірлері)
Мұғалім: Сонда қыз бала қандай болуы керек деп ойлайсыңдар ?
Мұғалім: Міне балалар, қыз бала болашақана, келін.
Сондықтан қыздар әдепті ақылды, инабатты болуы керек.
Мұғалім: Қазақ келіндері қалай сәлем беруі керек?
Раушан: Ал "Сәлем" беру қазақ келіндеріне тән ізеттілік белгісі.Келін үлкен адамдарға қолын кеудесіне қойып, сәл иіліп, дауысын шығармай сәлем береді. Ата-бата салтымен қанымызға енген мұндай жақсы қасиеттер бала бойына ана сүтімен бірге енедіГүлсән: Мәнге толы қазағымның ғұмыры,
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.
Кеше ғана керексіз ғып тастаған,
ғажап екен әдеті мен ғұрыбы
әнге толы қазағымның тірлігі,
Кіріп тұрса ынтымақпен бірлігі әр жүректе бүршік жарып гүлдейді.
Сезіміңді сергітетін жыл гүлі!
Аружан:
Ел тарихы, жыр тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлт пен бауырласа жетерміз,
Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз.
Халқымз ақсақалды атаны, ақжаулықты ананы, ақшашты әжені-жалпы үлкенді сыйлап, алдынан кесіп өтпеу ата дәстүріміз.
Мұғалім: Басқа халықтарда қандай амандасу түрлері бар?
Саят: Амандасу қай халықтың болмасын мәдениетінің алғашқы беташары сияқты. әр халықтың амандасу рәсімі, салттары алуан түрлі болып келеді.
Құдайберген: Хал-жағдай, ат-қөлік амандығын сұрап,алдынан өтеді.
Саят: Ал егер жапан далада, түзде жүрген жастардың қасынан қария, не жасы үлкен адам өтіп бара жатса, жастар қарияларға, жасы үлкен адамға әдейі бұрылып барып сәлем беріп, амандасуға тиісті.
Меруерт: Ауылға келген қонақпен Ауыл адамдарынын амандасуында белгілі ережесі бар.
Нұрсейіт: Жалпы ауыл адамдары ұзақ сапардан келген ағайынға жиылып келіп амандасу немесе алыс сапарға аттанғалы жатқан адамға жиылып барып «жол болсын» деп тілек айту дәстүрі бар.
Қорытынды
Мұғалім: « Сәлем -сөздін анасы» дегенді қалай түсінесіндер
Раушан: Ертелі кеш өзіңе таныс адамдарды көргенде немесе мұғаліміңмен жолыққанда сен: Сәлеметсіз бе? Дейсің оларда
«Сәлемет пе, айналайын!» деп саган мейіріммен қарайды.
Гүлсән: Сонымен, қорыта келгенде, әдепті сыпайы, кішіпейілділікті , біз бойымызға ана сүтімен, атанын тілімен дарытады екенбіз.
Нұрайым: Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергенде.
Мұғалім: Жалпы қазақ халқының қандай тәрбиесі болмасын, үлкенді сыйлаудан баста алады. Салт-дәстүр, өнеге ретінде қазақтың қанына сініп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген.Қазақ халқының амандасу салты - мазмұны жағынан өте бай.