Ашы? саба? «С?лем – с?зді? анасы»
Тақырыбы: «Сәлем – сөздің анасы»
Мақсаты: Халқымыздың салт – дәстүріндегі инабаттылық ережесі туралытүсініктерін тереңдету арқылы балаларды сәлемдесу мәдениетіне, үлкендісыйлауға, имандылыққа тәрбиелеу.
Балаларды әдептілікке, кішіпейілділікке, сыпайылыққа, адамдар мен қарым– қатынас жасай білуге баулу.
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, үйрету.
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, нақыл сөздер.
Барысы:
І. Ұйымдастыру ІІ. Кіріспе ІІІ. Сәлем беру түрлері ІV. ҚорытындыАмандасу.
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын келді күнҚайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгінСәлеметсіз бе, амансыз ба?
Бәріміз күндей жарқырайықБәріміз тату болайық!
Құрметті апайлар мен жас бүлдіршіндер!
Бүгінгі «Сәлем – сөздің анасы» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
«Сәлем – сөздің анасы» деп аталатын тақырып, яғни ол тегін емес. Неге десеңіздер сәлем — әдептілік белгісі.
Сәлемдесу адамдардың бір – бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөлену, тілдесу, яғни ізеттілік пен инабаттылық нышанын білдіреді.
«Сәлем – сөздің анасы» деп неге айтқан?