С?лем-с?зді? анасы атты т?рбие са?аты/3-сынып


Тақырыбы: «Сәлем- сөздің анасы»
Мақсаты:
Оқушыларды әдептілікке, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу. Бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру;
Халықтың салт-дәстүрімен таныстырып, өз халқының дәстүрі мен салтын, мәдениетін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, бойларына сіңіру;
Оқушыларға қазақ халқының сәлем беру, сәлем алу, сәлемдесу рәсімдерін айту арқылы «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» атты нақыл сөз негізінде тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, әдеби монтаж.
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, «Сәлемдесу - әдептілік белгісі», «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» атты қабырға газеттер. Оқушылар шығармашылығынан көрме.
І. Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалім: Халықтық педагогика – кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар, шешен билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы болып табылады. Ол болашақ ұрпақты өмір сүруге тәрбиелейтін тәрбие кітабы. Тәрбие тамыры қазақ халқының қаны мен жанында.
Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың «Сәлем - сөздің анасы» деп аталуы тәрбие көзі сәлемнен басталатынын балаларға түсіндіру болмақ. Оның ішінде ең адамға керектісі ата дәстүрі деп ойлаймын. Сәлем беру, сәлем алу сияқты қасиетті сөздермен танысып, оның мән-мағынасын жете ұғыну болып табылады.
1-оқушы: Сәлемдесу- әдептілік белгісі.
2-оқушы: Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты көптеген түрлері бар.
3-оқушы: Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі. Бір-біріне аман-саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін білдіру, әдептілік пен ізеттілік нышанын көрсетіп, жақсылыққа жарылқауы.
4-оқушы: Әрбір адам «қайырлы таң» , «қайырлы күн» , «қайырлы кеш» деген сөздерді амандасуға қосып, тәуліктің үш мезгілінде де бір-бірімен ақ жарқын амандасуға тиіс.
5-оқушы: Амандасу – адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады.
6-оқушы: Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не болмаса қол беріп амандасады.
7-оқушы: Сәлем беруде кездесушілер бір-біріне «сәлем» деп қолымен ишарат етсе, ол қазақ халқының әдептілік ишаратына сәйкес келмейді. Ондай сәлемдесу көбінесе Еуропа халықтарында кездеседі.
8-оқушы: Үлкен адамға сәлем беру – кіші адамның міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді» деген әдеп бар.
9-оқушы: Жасының үлкендігін міндет етпей, алыс жол жүріп келген немесе ауылға алғаш рет ат басын тіреген адамға үлкен адамдар өзі келіп сәлем береді.
ІІ. Мақал - мәтелдер айтысы.
«Көргенді бала алыстан сәлем береді.»
«Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді.»
«Сәлемдесудің артығы жоқ.»
«Әдебі жақсының-сәлемі жақсы.»
«Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы.»
«Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені.»
«Сәлем берген саулық алады.»
«Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді.»
10-оқушы: Алыстан келген адамға сәлем беру тәртібі жасқа, үлкен-кішіге байланысты емес.
11-оқушы: Халқымызда ақсақалды атаны, ақ жаулықты ананы, ақ шашты әжені, жалпы үлкенді сыйлап, алдынан қия өтпеу – ата дәстүріміз.
13-оқушы: Қарттарға амандасудың қарапайым түрінде қаншама мейірім, қамқорлық, әдемі жарастық жатыр.

ІІІ. Көрініс көрсету.
1. Қарт ата мен жас жігіттің сәлемдесуі.
2. Әже мен қыз баланың сәлемдесуі.
14-оқушы: Кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік болып саналады.
15-оқушы: Сәлем беру – амандық, инабаттылық, көргенділік және мәдениеттілік белгісі.
16-оқушы: Қазақ халқында егер үлкен кісі кездессе, оны таныса да, танымаса да, кіші адам оған сәлем беруге міндетті, ол әдептіліктің бір белгісі ретінде қалыптасқан дәстүр.
17-оқушы: Ертеде ауыл сыртында отырған қарияға ат үстінде келе жатқан адам арқан бойы жақындағанда, аттан түсіп, айрықша құрметтеп сәлем беретін болған.
18-оқушы: Соңғы қалыптасқан дәстүр бойынша сәлемдесуші не сәлем беруші қол алысып амандасады, ұзақ уақыт көріспегенде қауышып, құшақтасып амандасады.
19-оқушы: Сәлемдескенде, сәлем бергенде әркім дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, қоңыр дауыспен, сыйласымдылық үнмен, аптықпай, салмақпен, әдеппен сөйлеу керек.
Мұғалім: «Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені», деп халқымыз бекер айтпаған.
«Не деу керек?»

Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын,
Саған таңдап әперді.
- Не деп барып жеу керек? Бәрі: «Рахмет!»
Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу-айқай.
Сен де шықтың көршіңді,
Қағып кеттің байқамай.
- Мұндайда не деу керек? «Кешіріңіз!»
Әжең сенің түскі асқа,
Қант-кәмпит салды мол.
Жұрттан бұрын ыдысқа,
Өз бетіңмен салдың қол.
- Жөн еді не айтқаның? «Рұқсат па?»
Осы келген бетіңде
Допты қудың, жарыстың.
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір танысың.
Не деу керек? «Сәлеметсіз бе?»
ІҮ. Қорытынды
Көп жасаған қарияАта салты – ардақты,
Ақылы теңіз – дария. Әрбір сөзі - салмақты
Көп өнеге сөзі бар Сол сөздерді ұқпасаң,
Сөзі соқпақ, өзі нәр. Тістерсің бір күні бармақты.
Мақал-мәтелдерге түсінік беру:
«Алыстан сәлем – береді, әдепті елдің баласы.»
«Сәлем - әдептіліктің белгісі.»
«Үлкенге құрмет – кішіге міндет.»
Мұғалім: «Сөз саласын табу қиын емес, Анасын табу қиын», - деп Жамбыл атамыз айтқан екен. Ендеше, «Сәлем – сөздің анасы, білгені жөн әр қазақтың баласы» дей келе,тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.