Анашым дара та?ым дошкольникам
Музыка әуенімен балалар ортаға би қимылдарын орындап кіреді. Қолдарында гүлдер атрибуттары бар.
Би композициясы: «Көрікті көктем»
Жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметті ата-аналар, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын. Аспанымыз гүлдей жайнап, сіздерге әдемі көтеріңкі көңіл күй сыйласын.!!!
Ән: «Отаныма көктем келді»
Жүргізуші: (алақанын тосып) Тамшылар! Тамшылар!Бұл жаңбыр ғой! Бұл көктемнің алғашқы жаңбыры, бізді қарсы алғалы жауып тұр!Бізде оны қарсы алайық! Жаңбыр, жаңбыр- жау, жау! Өлкемізге нәр бер!
Балалар: ( қосылып) Жаңбыр, жаңбыр- жау,жау! Өлкемізге нәр бер!
( музыка әуенімен ортаға Көктем келеді келеді)
Көктем: Армысыңдар аналар, балалар! Міне менде сағынып сіздерге жеттім.Меркелеріңіз құтты болсын! Мен құр келмедім балалар өзіммен бірге өнерлі балаларымды ала келдім. Қане менің көмекшілерім қайдасыңдар ортаға шығып биден шашу шашайық.
Би: «Саңырауқұлақтар»
Көктем: Жарайсыңдар кішкентай саңырауқұлақтар! Аналарымыздың көңілін бір көтеріп тастадыңдар.
Жүргізуші: Көктем Ханшайымы! Сізді балалар асыға күтті, келіңіз төрге шығыңыз, бізбен бірге аналардың мерекесін тойлаңыз. Ал біздің балалар өздерінің тақпақтарын айтып берсін.
Тақпақтар: 1,2,3,4,5,6,
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!
Біз доспыз гүлдермен
Бекерге жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден
Анаға сыйлаймыз!
Ән: «Ел жатқанда жатпаған»
Көктем: Қандай өнерлі балалар, жарайсыңдар рахмет сендерге. Меніңде аяулы аналарға әзірлеген сыйлығым бар, қане менің кішкентай қызғалдақтарым ортаға шығып өнер көрсетіңдер.
Би: «Қызғалдақтар»
Жүргізуші: Рахмет сізге Көктем Ханшайымы, рахмет кішкентай қызғалдақтар,келесі кезекте балаларымыздың әжелеріне арнаған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
Тақпақтар: 1,2,3,4,5,6,
Көктем Ханшайымы: Балалар мен сендермен бірге ойын ойнағым келеді.
Жүргізуші: Әрине Көктем Ханшайымы қазір біздің балалар анасымен бірге сорпа әзірлеп ойын ойнайды.
Ойын: «Анамызға сорпа әзірлейміз»
( анасымен бала қосылып ойнайды)
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!
Әлпештеген аялаған.
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған
Өнерімді арнаймын.
Би: «Теңізшілер»
Жүргізуші: Рахмет балалар ! Кішкентай теңізшілерімізге қошемет көрсетіп қояйық.
Балалар айтыңдаршы теңізшілер қайда жүреді? Олар не істейді? Дұрыс балалар, балық аулайды:Қане біздерде балық аулап көрейікші.
Ойын: «Балық аулау» 1. 2 бала
2. ата-ана
Жүргізуші: Ару ана- өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілінің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары.
Ән: «Құттықтаймын мама»
Көктем: Жарайсыңдар балалар! Сендер өте білімді, алғыр, көңілді балалар екенсіңдер. Меніңде кететін уақытым болды, құрметті ақ жаулықты аналар, мейірімді әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын, аспанымыз ашық болсын! Сау болыңдар!!!
1-ші жүргізуші: Ана- біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз.
2-ші жүргізуші: Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз-екеуі бірге.
Бекітемін
№32 «Қуаныш» МДҰ-ның
меңгерушісі: А.Е. Ескалиева
________________________
«Анашым дара таңым»
тақырыбындағы ортаңғы «Бәйшешек» тобының мерекелік ертеңгілігі
Дайындаған: Аетова Л.Т.
Тәрбиешілер: Қуат Ж.Б..
Тұралы Н.Е.
Ақтөбе 2016 ж