4 класс Астана келбеті — ?лт келбеті
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жанкелдин орта мектебі
Бастауыш сынып мұғаілімі Гүлсім Әжібаева
Білімі: жоғары
Санаты: I
Cыныбы: 4 Астана келбеті - ұлт келбеті
Мақсаты: Еліміздің ордасы -Астана қаласы туралы мәліметтер беру.
Оқушылардың жаңа астананың ерекшеліктерін тани білу қабілетін жетілдіру.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы орнын сезіне білуге және елжандылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: “Астананың көркем ғимараттары” бүктемесі, плакаттар.
Жүрісі: 1. Ұйымдастыру.
2.Психологиялық дайындық
- Балалар, аспанға қарайықшы, не көреміз?
- Сәлеметсіздер ме? Амансыз ба?
- Күндей жарқырап жүрейікші!
- Бәріміз дос болайық!
- Бәріміз тату болайық?
- Аспанымыз ашық болсын!
- Жеріміз бай болсын!
- Еліміз аман болсын!
Әнұран орындалады.
3. Сұрақ -жауап.
- Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды?
-Қазақстан Республикасының рәміздері қандай?
- Біздің ұлтымыз қалай аталады?
- Біз қай тілде сөйлесеміз?
- Қазақстан Республикасының елордасы қалай аталады?
Кіріспе әңгіме
Таңғажайып дархан да алып жеріміздің қақ ортасы, кіндігі -Астана қаласы. Тәуелсіз еліміздің перзенті -Астана қаласы ай өткен сайын айбаттанып, жылдар өткен сайын сұлуланып келеді. Астананы қазір барша жұрт қызыға тамашалауда.Халқымыз бүгінгі астанамен мақтанумен болды.
Астана - мемлекетіміздің биік мәртебесі, жоғары дәрежесі,бақ берекесі, елдік пен ерліктің тұтқасы, дербестігіміздің дара тумасы.
Астана - дүниежүзілік сахнада бейбітшілік пен келісім ордасы.Астана батыс пен шағысты байланыстырп жатқан алтын көпірі. Ақордалы астананың бас саулетшісіН. Назарбаевтың “Астана отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі”деген қанатты қағидасы барлық қазақстандықтардың жүрегіне нұр шуағын құяды.
Ертедегі ер бабамыз Едігеден бастап, айбынды Абылайға дейінгі хандырамыздың бәрі осы Есіл бойында орда тіккендері тегін болмаса керек. Халқымыз жаңак да жас мемлекеттің астанасын өзінің қалаған жеріне, өзініңқалауы бойынша орнатты. Астана қаласының құрылысына білек сыбанып, бар күш қайратын салды, әр көшеге, әр үйге жүрек мейірін, перзентін сүйіспеншілігін, жан жылуын жұмсады.
Астана осылайша халқымыздың аялы алақаны, ыстық мейіріммен тұрғызылды. Сондықтан бұл қала бәрімізге ерекше қымбыт, айрықша аяулы.
5. “Астана мәңгі жүрегімізде”(Астана туралы не білеміз?)
Шұғыла: 1997жылы 6 мамырда ҚР астанасы болып жарияланды.
Гүлнафис: 1998 жылы 6 мамырда ҚР президентінің жарлығымен Ақмола қаласы атауы Астана боп өзгерді.
Алмас: Астананың аумағы 710,2 шаршы километр. Бүгінде Астананы көшірген сәттен бастап бар жоғы 10 жыл өткенде қаланың халқы 3 есе көбейді. 2011жылдың өзінде -ақ халық саны 1миллионға дейін көбеюі мүмкін.
Дінасыл: 1999 жылдың шілде айында елордамыз ЮНЕСКО -ның “әлем қаласы” сыйлығына ие болды.
Нұрилла: Халқымыздың ұлы жазушысы Ш. Мұртаза : “Беу, заман ай! Кеше ғана батпағы мидай болып жатқан далада бүгін сәулетті қала салынды . Ол болашақтың кепілі болмақ. Құдай қаласа, келер ұрпақтың алдынан ақ таң атар. Мен тәңірден соны тілеймін”
Рамазан: Халық жазушысы Ә.Кекілбаев: “Астана -егемендік перзенті.Тәуелсіздік рәмізі. Жаңарған Қазақстанның гүлдей құлпырып, күндей нұрланып, айдай жарқыраған бет жүздігі.”
Әбдімәжит: Дәл бүгін заманымыз бен жеке басымызға түскен ауыртпалықты қара нардай көтерген,салиқалы ақылымен, көнбіс жұмсақ мінезімен, ел тыныштығын қорғап, соның қайырын зор төзімділікпен тосып келе жатқан Қазақ халқына рахметімізді айтайық.
Аршын: Дәл бүгін өзгенің ала жібін аттамаған, мейірімді халыққа бас болып, дара даналығымен көш бастап келе жатқан Елбасымызға айтайық.
Рахымжан: Дәл бүгін “ Ат құлағынан шыққан елдің ұлдары бақытты болады” деген көне қазақтың ырым сөзін еске алайық - біз ұлы сапарға бой түзедік. Осы сапарда барлық қиындақтарды жеңіп шығу үшін, қазақ халқының бақыты үшін жанымызды салайық.Бізде одан басқа жол да жоқ.Ойда жоқ, ниетте жоқ.
Мұғалім: Дәл бүгін қазақ елінің астанасы мәңгілік, қазақ халқының болашағы жарқын деген ой айтамыз. Сол қызықты бәріміз бірге көруге жазсын деп Алладан тілейік. Тәуелсіздігіміздің 21жылдығы құтты болсын! Болашаққа батыл қадам жасайық.
6. “Ғажайып қала Астана” (Үйге берілген тапсырмамен жұмыс. Сурет салу, мүсін, т,б)
7. “Астана айбынды ақ ордам”атты әдеби монтаж
8.”Кім көбірек біледі?” сұраққа жауап
9.Көрнекілікпен жұмыс
10. Астанаға тілек
11.Қорытынды.
Астана туралы көп толғауға болады. Кезінде облыс орталығы болған шағын қала аз уақыттың ішінде адам танымастай өзгерді. Еліміздің жас астанасы туралы бүгін шет мемлекеттер де жақсы біледі. Бүкіл әлем астанаға көз тініп отыр. Оларелордамыздың жоғары даму қарқынына, келбетіне тәнті. Астана төткүл дүние тамсанғандай ғажайып қалаға айналып келеді. Елінің ертеңін тойлаған басшының бар арманы туған халқы үшін шаhар орнату болса керек. Астананың келбеті ұлтымыздың келбеті ертеңге деген үнілі үміті, арманы мен тілегі.
12. “Елордадан естелік” (Қонақтарға 21 жылдық эмблемасы сыйға беріліп, фотоға түсіріледі. )
13.Хор: “Астана”
Cоңы