Шеберлік-сыныбы: ?лы Же?іске 70 жыл! ?аза?станды?тар ?лы Отан со?ысы жылдарында


Бекітемін" "Келісемін"
мектеп директоры Аккулиев.М. Мақтарал АББ әдіскері Ратов.Ө.
"Т.Аубакиров атындаға жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
І деңгей сертификатталған тарих пәні мұғалімі Алибекова Тарбия Кантургановна
Мақтарал аудандық тарих пән мұғалімдерінің Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерекесіне арнап ұйымдастырылған семинарында өткізген
Шеберлік-сыныбының (ШС) жоспары:
Мерзімі Тақырыбы: "Ұлы Жеңіс- ұрпаққа аманат"
"Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында"
ШС мақсаты мен міндеттері: Сыни тұрғысынан ойлау және жазу стратегияларын тарих сабағында қолдану тиімділігіне көз жеткізу."Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер" негізінде әдістемелік жұмысты жетілдіру.Диалогтің маңызын ашу,сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу.Үйренушілердің дайын жауаптарды қанағат тұтпай,оларды ой-толғаныс арқылы өзіндік пікір құрастыруға,проблема шешуде өзіндік тұрғыдан жауап табуға ынталандыру..
Күтілетін нәтижелер: Мұғалімдер СТО стратегияларын тәжірибеде қолдану жолдарын біледі.Сабақты жақсартудағы маңыздылығын түсінеді.СТО әдістерін үйренеді,өз тәжірибесінде қолдануға ниет білдіреді.Қатысушылар өз ойларын жүйелеп жеткізе біледі.Топпен жұмыс жасау қажеттігін түсінеді.Ортақ шешім қабылдай алады.Өзін-өзі және басқаларды да бағалай алады.Тақырыпқа баға бере алады.
Түйінді идеялар Сын тұрғысынан ойлауды дамытуда сұрақтардың маңызы ерекше. Сыныпта әртүрлі сипаттағы сұрақтар қойылуы үшін оқушыны оған үйретіп қана қоймай, сонымен бірге сол ортаны жасау қажет.Сондықтан мұғалімдер үшін нақты стратегиялар ұсынылады.Оқушылардың қызығушылығын қалай ояту керектігін біледі.
Кімге жүргізіледі: Мұғалімдерге
ШС барысы: Қызығшылығын ояту,ой шақыру,тұсаукесер,мағынаны тану,ой толғаныс,рефлексия,топтық жұмыс,жұптық жұмыс.
Әдістер мен тәсілдер: "Орны ауыстырылған әріптер","Қар көшкіні",“Болжау стратегиясы”,”Миға шабуыл”,"Артығын тап",топқа бөлу, постер дайындау, «Топтық тергеу», "Ыстық орындық",Венн диаграммасы,Эссе жазу,"Синкуейн" немесе бес жолды өлең стратегиясы,кері байланыс.
Құрал-жабдықтар: Интербелсенді тақта,бейнежазба,
Дидактикалық материалдар: флипчарттар, маркерлер,парақшалар
Шеберлік сабақ мазмұны
Жұмыс кезеңдері Кезеңдер мазмұны Қатысушылар әрекеті Уақыт Ресурстар
Кіріспе.
Қызығушылығын ояту.
1.Ой шақыру
Мақсаты: жағымды атмосфера қалыптастыру, тыңдаушылардың жұмысқа деген қызығушылығын ояту, көтеріңкі көңілмен кірісуін қамтамасыз ету.
Психологиялық дайындық.
1.Сергіту сәті.
1- топ: “Өзі туралы кластер”
2 топ:"Есім-акроним"
3 топ: "Қар көшкіні"
ФБ. Мадақтау сөздері: 
Қатысушылар орындарынан тұрып,шеңбер құрайды.Әрбір қатысушы өз есімін атап, оған бастапқы әріптен басталатын бір сын есімін (эпитет) қосады. Мәселен, «Айгүл» есімі «А» әрпінен басталады, яғни Айнаш өз есіміне «алғыр» (немесе «алғыр», «айбынды», «асқақ», «айлалы», «арынды», т.б.) сияқты сын есімді қосады. Келесі қатысушыда дәл осылай өз есімін атайды, оған сын есім қосады да, алдында тұрған барлық студенттердің есімдері мен эпитеттерін қайталап шығуы керек: «Алғыр Айнаш, думанды Дәмеш, сабырлы Сейітжан, әділ Әбілғазы, асқар Асан, реңді Рызуангүл, жалынды Жомарт! Ал мен - берекелі Бақытпын!».
Бұл тәсілді қолданғанда қатысушыларға мұқият тыңдау мен зейін қою қасиеттерін іске қосу қажет. 3 минут Интерактивті тақта
Слайд
2.Топтастыру
Ой шақыру
“Болжау стратегиясы”
Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болмақ?
Қандай тақырып маңында өрбиді деп ойлайсыздар?
2.Топтарға бөлу
“Білім ағашына” ілінген түрлі түсті стикерлерден мұғалімдер өздері таңдаған түстер бойынша топтасады.
"Адасқан әріптер"
ФБ. Мадақтау сөздері:  Таңдаған түстері бойынша орындарына жайғасып болған соң,әрбір мұғалім стикеріне қаламсаппен өзінің есімін жазып қояды.Бұл әдіс өз тобындағы әріптесімен оңай қарым-қатынас жасауға,әрі сабақ жүргізуші мұғалімге бейтаныс әріптесінің есімін тануға көмектеседі.
1 топ – “Әлия” (ЯӘИЛ)
2 топ – “Мәншүк” (ҮШНӘКМ)
3 топ – “Хиуаз” (ЗХУАИ) 5 мин "Білім ағашы"
Стикерлер
ІІ.Тұсаукесер Ұлы Отан соғысы туралы таныстырылым
”Миға шабуыл”
"Артығын ата" Таныстырылымды "Миға шабуыл" әдісімен сұрақтарды қоя отырып,өткенді еске түсіру."Не білемін?"-сұрағына жауап алу.
"Артығын ата"
1.Мәншүк,Әлия,Хиуаз,Роза
2.Мәлік,Төлеген,Бауыржан,Нұркен
3.Сталинград,Ленинград,Мәскеу,Киев
4.Рақымжан,Бақтыораз,Қасым,Талғат
5.Нұрлыбаев,Қауымбаев,Әбдібеков,Ғабдуллин
6.Абай,Ыбырай,Жамбыл,Мұхтар
Сыни тұрғыдан ойлана тақырыпқа қатысы жоқ артық сөзді тауып,түніктеме беруі қажет. 10 мин Жұлдызшалар
А4
Кеспе парақтар
ІІІ.Мағынаны тану
«Мәтін бөліктері»
"Кластер" «Мәтін бөліктері» 
Мәтінді өз беттерімен оқытуға арналған «Топтық тергеу» әдісі.
"Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында"
1 топ. "Мәскеу шайқасы"
2 топ. "Ленинград шайқасы"
3 топ. "Сталинград шайқасы"
"Екі жұлдыз,бір тілек" 1- топ. Баяндап берушілер. Олардың тапсырмасы: мәтінді оқып, мазмұнын өз көзқарастарын қосып баяндау.
2-топ. Зерттеушілер.Мәтін кейіпкерлеріне зерттеушілік әңгіме жүргізу.
3- топ. Сұрақ құрастырушылар.Мәтінді оқып, жоғары деңгейлі сұрақтар дайындайды.4- топ. Бейнелеуші- суретшілер.Мәтін мазмұны бойынша сурет салады.5- топ. Сілтеме табушылар.Мәтін мазмұнына сәйкес мақал- мәтелдер, афоризмдер, қанатты сөздер тауып сәйкестігін дәлелдейді.6- топ. Дәнекершілер.Мәтіндегі оқиғаны бүгінгі өмірмен байланыстырады. 12 мин А4 парақтары
Мәтін
Плакат
Маркер
Суреттер
Сергіту сәті "Ыстық орындық" стратегиясы
«Құпия тұлғалар мен даталар» 
ФБ. Мадақтау сөздері:  Қатысушылар парақшалардағы
ҰОС батырларының суреттері мен даталарды сұраққа айналдырып әріптестеріне қояды,дұрыс жауабын табуға әрекет етеді.Әр топтан бір қатысушыдан шығады,3 тапсырманы орындауы шарт. 3 мин Орындық, Батырлар суреттері,даталар жазылған парақшалар
АКТ Бейнежазба
1 минут үнсіздік сәті “Бауыржан Момышұлы“ туралы бейнежазбаны тыңдату.
Мұғалімдерден бейнежазбадан алған әсер туралы пікіралысу, диалог құру.”
ҰОС құрбандарын еске алу. 3 мин Бейнежазба
Жұлдызшалар
Ой толғаныс Венн диаграммасы
Эссе жазу
"Синкуейн" немесе бес жолды өлең стратегиясы 1 топ: Мәншүк пен Әлияны салыстырады.
2 топ:"Ардагер атаға хат"
3 топ: 1)Тақырыптың аты: Бауыржан Момышұлы
2) Сипаты: 2 сөз
3) Қимылы,Не істеді? 3 сөз
4) Түйін,нақыл сөз
5) Тақырыпқа синоним сөз 10 мин Бағалау Топтық бағалау
Өзін-өзі бағалау ФБ құралдары
Өзін-өзі бағалау парақшасын толтырады 2 мин Бағалау парақшасы
6. Рефлексия
«бір минуттай ойланыңыз...» Өткенге бір сәт үңіліңіз…
Бүгін Сіз не үйрендіңіз?
Сіз үшін не қызықты болды?
Бір сәтке алға қараңыз…
Бұл материалды өз тәжірибеңізде қалай қолданбақсыз?
2 мин Рефлексия парақтары