«Б?гінгі дарын иесі-ерте?гі егеменді елімізді? тірегі»
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
Баяндама
Тақырыбы: «Бүгінгі дарын иесі-ертеңгі егеменді еліміздің тірегі»
Баяндамашы: Бекетаева С.К.
Орал - 2013
Мазмұны:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1.И.С.Лейтес қабілетті балалар категориясы
2. Оқушылардың дарындылығын анықтауға арналған әдіс-тәсілдері
3. «Оқу мен жазуды сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының стратегияларын сабақта қолдану.
ІІІ Қорытынды бөлім
ІV Қолданылған әдебиеттер тізімі
Аннотация
Балалар бойындағы дарындылық қабілетін жетілдіру жолдары қарастыру, теориялық талдау жасау. Кеңес және шетел психологиясындағы дарындылықты зерттеу ерекшеліктеріне сараптама жасау. Дарындылықтың белгілері мен түрлеріне психологиялық талдау жасау. Дарындылық пен қабілеттің өзара сабақтастығы мен бірлесітігінің психологиялық негіздерін қарастыру. Қазақстан Республикасындағы дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесінің маңыздылығы мен артықшылықтарына талдау беру. Ақыл- ой дарындылығы: диагностикасы және оқу- тәрбие мәселелерін қарастыру. Балалар бойындағы дарындылық қабілетін анықтау әрекетінің маңызын ашып, жолдарын белгілеп, құралдарын таңдау. Балалар бойындағы дарындылық қабілетін эксперименттік зерттеу арқылы ашу.
«Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш қуат,
қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек»
Н.Ә.Назарбаев
Ертедегі Қытайда дарынды балаларды «Шэнь тон», яғни киелі бала деп атаған. Расында дарынды балаларды киелі бала деп атауға болады. Бірақ осы дарынды балаларды дер кезінде байқап, оларға дұрыс жол сілтеу қажет.
Жалпы педагогика-психология ғылымында «дарындылық» мәселесіне қазіргі таңда көп көңіл бөлінуде. Дарынды бала-ол өзі жаңа болжамдар мен идеяларды, теорияларды, схема, зерттеулер жасай білетін қабілеті бар болуы шарт. Басқа сөзбен айтқанда, дарындылық-ол жоғары потенциялы бар, шығармашыл тұлға; өзінің алдына ғылыми-техникалық мәселелерді қойып және оны өздігінен шеше білетін -адам.
И.С.Лейтес қабілетті балалардың үш категориясын көрсетті. Олар:
1. Ақыл –ой деңгейінің жоғарлығы ерте кезден байқалатын балалар.
2. Мектептің жекеленген пәндеріне және әр түрлі іс-әрекетіне
қабілетті балалар,
3. Қабілеттері айқындалмаған потенциалды балалар.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,білім,ар,мінез, деген қасиеттерімен озады»деген Абай.Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес.Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады.Дарынды,жас талапты жастар-бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев:«Бізге керегі-шын дарындылар.Нарық қол аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын,тарланбоз жүйріктерін қолдауға,қорғауға міндетті»,-деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.
Мұғалім өзінің теориялық білімі арқылы оқушы бойына өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады.Мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды балаларға білім беруді ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу ерекше дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады.Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты,кәсіби тағдыры жақсы мұғалімге байланысты.
Баланың бойында күш қуаты жеткілікті,шын дарынды екеніне сендіру-ұстаз бойындағы құдіретті күш,өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді.Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұзтаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік,бала жанын жазбай танушылық қасиеті қажет-ақ. Бала бойындағы дарындылық,ғылымилық қабілетін ашу,жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу,айқындау-ең басты мәселе.Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі-өз ойын дәлелдей алатын,жан-жақты білімді,білімін жүзеге асыра алатын,қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер,ақылды адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру.Ол үшін белгілі бір жоба болуы шарт.Яғни,оқушының дарындылығын айқындау,шығармашылығын зерттеу,анықтау, белгілі бір бағыт-бағдарлама бойынша жұмыс жүргізуі қажет.
Дарынды балаларды анықтау және зерттеу.
Дарынды балалар қандай? Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен бірден көзге түседі. Дарынды балаларды қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың 3 котегориясын анықтап берді.
Бірініші категория – ой - өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар.
Екінші категория – жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар.
Үшінші категория – дарындылық күш – қажырымен ерекшеленетін оқушылар.
Ой - өрістік қабілетімен ерте жастан көзге түскен оқушыларға сектептегі оқу кезіндегі қарқындылық тән. Кейбіреулерінің ақыл-ойы табанды түрде дамиды да өзқатарластарын басып озады. Олардың ақыл - ойының кемеңгерлігі сонша – оларды байқамау мүмкін емес. Бала дарындылығының байқалмайтын жақтарыда кездеседі. Кейде тіпті баланың есейген шағында сирек кездесетін қабілеттері көрініс тауып жатады. Бала бойындағы белгілі бір қабілеттің жарқын көрінісі ой - өріс деңгейінің жалпы дамуымен, ғылымның, өнердің арнайы бір саласын бейімделуімен сипатталады. Дарынды баланың өзгешелігі неде? Оқушы пікірінің ерекшелігі мен дербестігінде, сұрақты әр қырынан қарастыруында. Бұл қабілеттер оқушының жоғары деңгейін көрсетіп тұр, бірақ бұл қабілеттерді мектепте дамытуға жағдай жасалмаған. Баланың дарындылығын байқағанда не істеу керек? Бала дарындылығының өзіндік қырларын білген педагог оны оқыту үрдісінде тиімді пайдалануына болады. Қазір ғылыми әдебиеттерде әлемде дарынды балалардың диогностикасы туралы түрлі мағлұматтар бар. Бала дарындылығының негізгі белгілерін Ү.Б.Жексенбаева өз еңбектерінде былай көрсеткен:
- арнайы психометриялық тест;
- баланы бақылаудың түрлі тәсілдері (оқу және оқудан тыс әрекеттерінде, зертханалық жағдайларды)
- арнайы бағдарлама аясында сынақ сабақтарын өткізу;
- педагог тарапынан оқушының іс - әрекеті мен мінез - құлқын эксперттік бағалау;
- әр түрлі зияткерлік жарыстар, байқаулар, олимпиадалар т.б. өткізу;
- оқушы шығармасының туындыларын эксперттік бағалау;
- арнай психодиогностикалық тренинг;
Дарындылық - жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Сондықтан оларға тән ортақ көрсеткіштерді белгілеу мүмкін емес. Әйтседе, Ү.Б.Жексенбаева өз еңбекетерінде дарындылықтың бірнеше көрсеткіштерін берген. Олар – психомоторлық, интеллекутуалдық, академиялық, шығармашылық және әлекметтік дарындылық.
Дарындылықты анықтау сауалнамалары балаланың қабілеттеріне жасалған ұзақ уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және әлсіз пстхологиялық сапаларын дәлірек анықтау мен қажетті психо-педагогикалық көмекті ұймдастыру үшін қажет. Психоөлшеу сауалнамалары бала бойындағы қөайсыбір дарынның байқалуы мен өзгеру қозғалыстарын зерделеуде септігін тигізеді. Дарындылық табиғатының ғылыми тұжырымдамаларының ішіндегі ең маңыздысы динамикалық тұжырым болып табылады. Ол қабілетті балалар диогностикасы туралы қалыптасқан, яғни дарынды балаларды «бір сәттік» іріктеу сатысынан оларды жетілдіру мен оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескере отырып, ұзақ мерзімді диогностикалау сатысына дейінгі кезең туралы бір жақты пікірді түбегейлі өзгертеді. Дарынды балалар диогностикасын ұйымдастырудың маңызды шарттарының бірі - теориялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейлерден тұратын диогностика моделін шығару болып табылады. Демек, дарынды балаларды анықтау – арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет ететін өте күрделі мәселе және дарынды балалармен жұмыс істеудегі қажетті кезең болып табылады. Оқушының дамуы мен тәрбиелілік деңгейін диогностикалаудың барлық түрлері сияқты бала дарынын анықтауда бала оқитын сыныптың сынып жетекшісімен және психологпен ата-ана пікірлерін ескеріп, мүмкіндігінше педагогикалық кеңестер жүргізген дұрыс.
Дарынды баланы анықтауға қажет әдістер.
Дарындылықты анықтау әдістемелері баланың қабілеттеріне жасалған ұзақ уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және әлсіз психологиялық сапаларын дәлірек анықтаумен қажетті психо-педагогикалық көмекті ұйымдастыру үшін қажет. Дарынды баланың психикасын анықтауда кең ауқымды түрлі әдістер қолданылады:
- арнайы психологиялық сұрақнама, әдістемелер;
- баланың іс-әрекетін мұғалімдер, ата-аналар, психологтар тарапынан экспертті бағалау;
- балалардың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелерін мамандар тарапынан сараптау;
- түрлі танымдық олимпиадалар, конференциялар, спорт жарыстарын, шығармашылық байқаулар, фестивальдар және т.б, ұйымдастыру;
- белгілі дарын түрін талдау міндеттеріне байланысты түрлі әдістерді пайдалана отырып, психодиогностикалық зерттеу жүргізу.
Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдері қолданамыз;
баланың отбасы жағдайын зерттеу;
шығармашылық қабілетін анықтау ;
сауалнамалар, психодиагностикалық тренингтерді өткізу;
ата-анасымен әңгімелесу;
пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарына қатыстыру;
оқу жылы басында дарынды балаларға арналған тиімді жоспар жасалуы керек.
Әр сабақ барысында оқушыларға мынадай талаптар қойып жұмыс жасау:
-қоршаған ортаны сезе білу,құбылыс себептерін іздене білу;
-ақыл парасатты игеріп,ойлау,сезім қабілеттерін арттыру;
-алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;
-өзін-өзі талдауды,өзін-өзі бағалай білуді меңгеру;
Басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу,осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);
Дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу үшін электронды технологияның мүмкіндігі өте зор болып табылады.
өзіндік тексерудің(өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі;
бақылау формалары:толықтыруды қажет ететін тестілер жүйесі;
балама жауаптары бар тестілер (шешімі дұрыс немесе дұрыс емес);
таңдамалы тесті(бірнеше жауаптардың дұрысы таңдалынады);
диктант ретінде құрастырылған тесті(мәтін арқылы оқытып отырған жағдайда керекті сөз қойылып отырады);
сәкестілік тесті(өзара байланысқан фактілерді табуға құрылған);
Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру.Бұл жерде мұғалім қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу керек
Дарынды оқушымен үнемі жұмыс жасау,баланы үнемі ізденіске жетелейді. Баланың жетістігін мақтай отырып,өз ісінің нәтижелі болуына және оны талдап анализ жасауына ықпал жасау керек.Жасалған жұмыстарға қарай оқушылардың бейімділік деңгейін анықтап,олимпиадаларға,сайыстарға,ғылыми–практикалық конференцияларға(ізденімпаз-
дық жұмыс,зерттеу жұмысы,рефераттар қорғау,жоба қорғау) оқушылардың аудандық,облыстық республикалық шығармалар,жобалар байқауына қатысуға іріктеу.Осындай дарынды балалармен жұмыс жүргізгенде көптеген нәтижелерге жетуге болады(білім сапасы артады,олимпиада,ғылыми жобалардан орындар ).
Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болуы керек.Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп,тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет.Дарынды да қабілетті оқушыларды ғылымға баулу,ғылым арқылы жас ұрпақты дарындылыққа баулу әр ұстаздың міндеті.Ендеше баланы заманына қарай икемдеп,өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу,оларды шығармашылық бағытта жан-жақты бағытта дамыту-бүгінгі күннің басты талабы екенін әр ұстаз естен шығармауы абзал.
Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі әлемнің 18 елінде сынақтан өткен «оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының стратегияларын сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже: оқушының оқуға қызығушылығы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, пікір таластыра білуді, ойын жүйелі түрде жеткізуді, эссе, өлең жолдарын құрастыруды, қиялдауды үйренеді.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»жобасының оқушы құзіреттілігін дамытуда да маңызы зор.Бұл бағдарламаның мақсаты:Кез келген аудиторияда,оқушылардың кез келген мазмұнға сын тұрғысынан ойлау арқылы өз көзқарасын білдіруге тәрбиелейді.Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес,шыңдалған ойлау.Бұл бағдарламаның құрылымында ерекшелік бар.Бұл құрылым үш фазадан тұрады.
Олар өз қызметтеріне байланысты аталады:
қызығушылықты ояту;
мағынаны ажырату;
ой толғаныс.
Қызығушылықты ояту оқушылар үшін сабаққа қатысудағы алғашқы қадам.Бұрынғы білімдері мен сезімдеріне немесе әсерлеріне еніп,жаңа білімге мазмұн қалап,болашақта зерттеу жүргізулеріне күш алуларына және орындалуы керек тапсырмалар жөніндегі жеке және топтық түсініктерді қалыптастыруларына көмектеседі.Сонымен қатар оқушының жаңа идеямен мәліметтерді үйренуге және оны өзіндегі білім негізімен ұштастыруда іштей немесе сырттай белсенді болатын –болмайтындықтарын шешуі де алғашқы кезеңде іске асады.Қызығушылықты ояту ұзақ, әрі мағыналы оқытудың қажетті психологиялық негізін салады.
Мағынаны тану кезеңі оқушылар жаңа мәліметпен,идеямен немесе жаңа мазмұнмен кез келіп қалғанда іске асады.Дәрісті басқаратын талқылау,кітап оқу,бейнетаспа,өнер қойылымдары немесе басқа да нұсқау әдістерінің қайсысы болмасын осы кезде іске асады.
Оқушылар жаңа білімді бұрынғымен біріктіре отырып,белгісіздіктен белгіліге қарай жүретін ақпарат пен идеяның маңыздылығы жөнінде шешім қабылдаулары қажет.
Оқушылар жаңа идеяны қабылдайды,ескімен жаңаны ұштастырады,ойлау қабілетін кеңейтіп,не түсінгенін анықтайды.
Ой толғаныс –үйрену процесінің соңғы кезеңі болады да,бұл кезде оқушылар алған білімдерін сыртқа шығарып,түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп бере бастайды.
Саналы талқылаулар мен білімді тәжірибиеде қолдану,жаңа идеялар мен ұғымдарды жинақтаумен,мазмұн жөніндегі өздерінің ашық ұсыныстарымен немесе бір зерттеуді бастаумен айғақталады.Бұл процес арқылы оқушылар өздерінің ойын нақтылайды,қатарластары мен мұғаліммен кері байланыса отырып мәліметтер жинағы мен құрылым мағынасын сынақтан өткізеді.Яғни іштей ойлануға үйретеді,ой алмасады.Белсенді түрде өз білімін үйрену жолына қайта қарап,өзгерістер енгізеді.Осы кезеңдер әртүрлі стратегиялар,яғни әдіс –тәсілдер арқылы жүзеге асады.
Тұлғалық бағдарлы көзқарас тұрғысынан қарастыратын болса,мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас,түсіндіруден түсінуге,монологтан диалогқа,әлеуметтік бақылаудан дамытуға ,басқарудан өзін-өзі басқаруға көшу болып табылады.Мұғалімнің негізгі міндеті-оқушымен қарым –қатынас,оқушылардың өзара түсінуі,оларға шығармашылық үшін жағдай жасау.
Сыни ойлау философиясындағы басты мақсат:оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп,өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйренуі керек.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасында 100-ге жуық стратегиялар бар.Қазіргі кезде көп қолданылып жүрген стратегиялар:венн диаграммасы,Т кестесі,ой қозғау,түртіп алу,пікір-сайыс,кубизм, дискуссиялық өрнек,кластер т.б.
Бұл бағдарламаны сабақта үнемі қолдану барысында бұрын сәтсіздіктен қашып,оқуға талаптанбайтын,ғылымның маңызын төмен санап,білімнің қажет екенін ескермейтін,
құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар,әсіресе үлгерімі орташа деңгейдегі оқушылардың сабаққа ынтасы өзгереді.Ал үздіктер мен оқу екпінділерінің көпшілігі не жазаланбау үшін не мадақтау үшін,не өзгелерден жоғарырақ болу үшін оқып келсе,енді қызықты ақпараттарды өз бетінше іздеп тауып,өзгелермен ой бөлісуге асығатын болады Мұның бәрі олардың табысқа жиі жетіп,өз күшіне сенуінің арқасында болып жатқан өзгерістер.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының тиімді жақтары
1.Оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады.
2.Сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды.
3.Оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады.
4.Мұғалім мен оқушылар арсында ізгілік қарым –қатынастар орнайды.
Сонымен оқушының үлгерімі,дарынды балаларды анықтау, дамыту,білім сапасын жоғарылату мұғалімнің өз міндетіне,шеберлігіне байланысты.
«Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы әдістерін
Бұл технологияның ерекшелігі – оқушының танымдық белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыра білу. Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру мұғалімнің оқушының өзін-өзі
дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылығының өздігінен іс-әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына себін тигізеді. Мұндай жаңа технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап оқушының берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, оқушыға өз ойын рет-ретімен толық жеткізуді үйрету болып табылады. Балаға өз ойын қысылмастан айтуға мүмкіндік беру, оған пікір еркіндігін сездіру оқушының сол сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар сабақ барысында техникалық жабдықтарға, көрнекіліктерге жүгіну оқытушыға уақытты үнемдеуге, аз уақыттың ішінде бірнеше оқушының білімін бағалауға, бағдарламадағы материалды қай дәрежеде меңгергенін айқындауға мүмкіндік береді, бұл оқушының білім деңгейін қадағалаудың ең тиімді тәсілі. Себебі, оқушының білімін тексеру, оның мүмкіндіктерін айқындау – оқыту кезеңінің ең маңызды бөлігі.
Жаңа технологияны білім беру саласында тиімді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ – ұлттың ұлт болып қалуының кепілі.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:1 Айтбаева А. "Дарынды бала" мәселелері /А. Айтбаева // Ұлағат.- 2005. - N 3. - Б. 90-932 Аманжолова Ж. Дарынды балалармен жұмыс/ Ж. Аманжолова // Бастауыш мектеп.- 2005. - N 1. - Б. 273 Әбдірашитқызы А Дарынды оқушыларды даярлау жолдары/ А.Әбдірашитқызы // Ұлағат.- 2007. - N 6. - Б.17-22.4 Әбілмәжін Н. Дарынды оқушымен жұмыс ерекшеліктері/ Н.Әбілмәжін //Педагогический мир.- 2005. - N 4. - Б. 8. 5 Әлмағанбетова Ұ. Е. Дарынды оқушының шығармашылық инициативасын дамыту / Ұ. Е. Әлмағанбетова// Педагогика.- 2007. - N 2. - Б. 2-6.6 Байғабұлова А. Оқушылардың дарындылық қабілетін ашудағы мектептің ғылыми қоғамының ролі/ А .Байғабұлова // Дарын. – 2004. – N 4.- Б.83-85.7 Байжұманова Б., Ашимбаева А. Қабілет ұғымына теориялық талдау/ Байжұманова Б., Ашимбаева А // Ізденіс. Гуманитарлық ғылымдар сериясы.- 2005. - N 2. - Б. 199-2018 Боранбаева С.И., Молдакаримова А.Н. Педагогикалық шеберлікті жетілдіру арқылы оқушы дарындылығын зерттеу және дамыту/ Боранбаева С.И., Молдакаримова А.Н // Дарын.- 2001.-N1.- Б.59-739 Даумов Н.Ғ. Дарынды балалармен жеке жұмыстарды ұйымдастыру//Дарын. – 2004. – N 3.- Б. 59-67.10. Егімбаева А. Дарынды балалармен жұмыс түрлері /Егімбаева А // Қазақстан мектебі.- 2007. - N 3. - Б. 18-20.11 Еремкин Е. Школа одаренности. Тайна рождения гениев.- Москва: АиФ Принт, 2003.- 333 с.12 Жексенбаева Ү. Жеке тұлға дарындылығы/ Жексенбаева Ү // Қазақстан мектебі.- 2005. - N1. - Б. 41-4413 Жұмашев Қ. Дарынды тану және оқыту мәселелері// Қазақстан мектебі.- 2002.-N1-2.-Б.23-214 Кленин В.М., Шушенькова Л.И. Первые итоги работы лицея по развитию одаренности детей/ Кленин В.М., Шушенькова Л.И // Педагогический вестник ВКО.- 2001. - N1. - С. 57-5815 Көшкентаева М. Педагогикалық-психологиялық диагностикалау жолдары, әдістері// Мектеп директоры=Директор школы.- 2004. - N5.-Б. 9-1816 Кречмер Э. Гениальные люди / Пер. с нем. Г.Б.Ноткина. - СПб.: Академический проект, 1999.- 303 с.: ил.17 Кудияр Г. Теоретические и прикладные аспекты выявления интеллектуально одаренных детей // Ұлт тағылымы.- 2006. - N 2. - С. 101-10518 Кузнецова С.В. Развитие одаренности учащихся начальных классов в педагогическом процессе школы.- Караганда: Б. и., 2004.- 24 с.19 Кулетова А.М. Бастауыш сыныптағы дарындылық қабілеттерін анықтау/ Кулетова А.М //Вестник Павлодарского университета.- 2005. – N 4.20 Қожамқұлқызы Ж. Дарындылыққа барар жол// Биология және салауаттылық негізі.- 2005.- N1.- Б. 15-1621 Қоңырбаева К. Дарынды балаларды оқыту мәселелері: Дарынды, талантты балаларды оқыту мәселелері жайында/ Қоңырбаева К. // Қазақстан мектебі.- 2000.-N 3.-Б.17-122 Қуатбеков Е. Н. Мектепті ғылыми тұрғыдан басқару//Дарын.- 2005. - N 6. - Б. 6-1223 Құрманбаева М. Дарынды оқушылармен жұмыс/ Құрманбаева М. // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.- 2006. - N 2. - Б. 26-324 Ландау Э.Одаренность требует мужества: Психологическое сопровождение одаренного ребенка.- М.: Academіa, 2002.- 143 с.25 Лейтес Н.С. Возрастная одаренность школьников: Учеб. пособ. для студ. пед. вузов.- М.: Академия, 2000.- 320 с.26 Мүрсәлімова М. Дарынды балалармен жұмыс/ Мүрсәлімова М. // Қазақстан мектебі.- 2004. - N6. - Б. 34-3627 Нұркенова Ж. Дарындылықты дамыту жолдары / . Нұркенова Ж // Еңбекке үйрету=Трудовое обучение.- 2006 .- N 2-3 . - Б. 28-2928 Одаренность// Педагогический мир.- 2003. - N 8. - С.2; 829 Одаренные дети: выявление – обучение - развитие: Специальный выпуск// Начальная школа.- 2000.-N3.-С.3-7930 Павлова С. Методика выявления одаренности и творческой направленности детей/ Павлова С. // Прикладная психология и психоанализ.- 2000.-N2.-С.29-3331 Панов В. (доктор психологическ наук). Одаренность-что она есть и как с ней быть?// Семья и школа.- 2000.-N12.-С.10-1232 Психология индивидуальных различий / Под ред.Ю.Б.Гиппенрейтер и Я.Романова.- М.: ЧеРо, 2000.- 776 с.: ил.-(Хрестоматия по психологии)33 Сағатбеков М. Жас гимназияның жарқын істері// Қазақстан мектебі.- 2004. - N6 - Б. 17-20.34 Сәрсенбаева Қ. Дарынды дамыту-ұстаз парызы/ Сәрсенбаева Қ. // Сыныптағы тәрбие.- 2004. - N 3. - Б. 8-935 Сәрсенбаева Қ. Дарынды және қабілетті оқушыларға білім беру жүйесін жетілдірудің әдістемелік негіздері//Сыныптағы тәрбие.- 2004. - N 4. - Б. 3-536. Тоқбергенова М. Дарынды оқушымен жұмыс [Мәтін] /Тоқбергенова М. //Қазақстан мұғалімі.- 2007. - 3 сәуір. - Б. 6.37 Түсіпова К.Т. Дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі басқаруды жетілдіру// Дарын.- 2001.-N5.-Б.81-8838 Утебаев Б. Дарынды балалармен жұмыс жүйесі/ Утебаев Б. // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.- 2006. - N 6. - Б. 36-4239 Шаронова Н.Б. Формирование дивергентного мышления учащихся как основа развития одаренности/ Шаронова Н.Б // Педагогический вестник ВКО.- 2001. - N1. - С. 59-6340 Шевченко В. Ростки таланта: [Одаренность в контексте непрерывного многоуровнего образования"] // Казахстанская правда.- 2002.-1 июня.-С.8