«Алуан-алуан к?сіп бар, Та?дай біл де, талап


Тақырыбы: «Алуан-алуан кәсіп бар,
Таңдай біл де, талап қыл».
Мақсаты: Оқушылырдың таңдаған мамандықтары, олардың қоғамға тигізетін пайдасы жайлы айта келіп, өмірге қызығушылығын арттыру, жан-жақты үлгілі, өнегелі адам болып қалыптасуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мамандықтар жайлы суреттер, нақыл сөздер
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды бүгінгі күнгі пікіралмасуға даярлау.
ІІ.Негізгі бөлім:
Жүргізуші:
Кәсіптер көп қастерлі
Алуан – алуан сыры бар.
Бейіміңді ескер де,
Таңдап соның бірін ал.
Темір қанат сұңқардың
Құлағында ойнаған.
Тіліп бұлттың ұлтанын
Ұшқыш болғың келе ме?
Тастап арзан ойыңды,
Жақ та үміттің алауын,
Ортаға сал ойыңды
Қане қайсы қалауың?
Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар және мектеп бітіруші түлектер!
Құрметті ұстаздар, оқушылар.
Ұлы данышпан атамыз: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан,» - деп сіздердей жалынды жастарға өмірдегі өз жолдарыңызды жаңылмай тауып, еліміздің өркендеуіне үлестеріңізді қосу үшін еңбектенулеріңіз керектігін ескерткендей емес пе?
Олай болса, бүгінгі «Алуан – алуан кәсіп бар, Таңдай біл де, талап қыл» пікірталасымызды бастаймыз.
Пікірталасымызды бастау үшін бітіруші түлектердің сынып жетекшісі Тойшыбаев Мақсат ағайға сөз береміз.
Бүгінгі мектеп бітіруші жастардың алдында: «Кім болам? Қандай болуым керек? Неге қабілеттімін? Қай жерге керекпін?» деген сан алуан сұрақтар тұрғаны анық. Талапкерлердің жүрек түкпіріндегі ой-арманын, алдына қойған мақсаттарын, кім болғысы келетінін өздерінен білгеніміз дұрыс шығар.
Мамандықтың ішінен әркім өзіне лайық деп, мен қалаған, мен іздеген мамандық деп таңдап, талаптанып әректетенуде.
Халық үшін теміржол қатынасында қалтқысыз қызмет етіп жүргендер қаншама десеңші! Жүрек қалауымен таңдаған адам ғана қиын мамандықтың қыр – сырын жақсы меңгереді.
Біздің ортамызда темір жол мамандығын таңдаған Абдурахманова Бағилаға сөз береміз.
Бейбіт өмірдің тыныштығын сақтап, халықтар арасында ынтымақ, түсіністік болу үшін, тәртіп орнауы үшін жұмыс жасайтын «Ішкі істер қызметкері болсам» -деп армандап жүрген түлектердің бірі Бегманова Перизаттың таңдаған мамандығы бойынша пікірін білсек.
Біздің заманымыз, өмір сүріп жатқан ғасырымыз – білімділер ғасыры. Оқимын, білгім келеді, үйренемін, ізденемін дегенге барлық мүмкіндік жасалған заман. Ақпараттың дамыған заманы. Қазір қайда болсақ та бұқара ақпарат құралдарынсыз, яғни газет - журналдардан көз ашпай отырған азаматтарды көреміз. Заманымыз жақсы дамып келе жатқандықтан мамандықтың да түрі өте көп.
Болашақта журналист – тілші болғысы келетін Досжанова Арайлымның алдына қойған мақсатын және таңдаған мамандығының өзіндік себептерін білсек.
Дені сау адамның ынтасы да, қабілеті де жоғары болмақ... Адам денсаулығының мықты болуына көп көмегін тигізетін спортшы болғысы келетін Сейітқұлов Нұрланның осы мамандығы жайлы пікірін тыңдасақ.
ІІІ. Пікіралмасу. Төменде берілген сұрақтар бойынша оқушылардан жауап алып, пікіралмасу.
Сұрақтар:
Осы мамандыққа қабілетті екендеріңізді қалай білдіңіздер?
Егер таңдаған мамандықтардың бірі себептердің әсерінен ауысып кетуге мәжбүр болғанда қандай мамандық таңдар едіңдер?
3.Биыл алға қойған мақсатыңыз орындалмаса, өмір тоқтап қалмайды ғой, алдағы уақытта өзіңіздің таңдаған мамандығыңызға қол жеткіземін деп талпынбайсыз ба? Қол сілтеп кете бересіз бе?
4.Сіздердің еш біреуіңіз мұғалім мамандығын таңдамапсыздар. Сіздердің бойларыңызға білім нәрін сеуіп осы дәрежеге жеткізген ұстаз емес пе? Сендерде осы ұстаздарың сияқты алдағы ұрпаққа білім беріп, тәрбие беріп, ұстаз деген атқа бөленгілеріңіз келмей ме?
5.Оқушылардың таңдаған мамандығы бойынша мұғалімдердің пікірін тыңдасақ. (Пікіралмасуға қатысып отырған Айжан апай, Дәурен ағай, Болат ағай және мектеп психологы Сәрсенкүл апайлардың пікірі)
Ой қозғау: Оқушыларды екі топқа бөліп « Болашақ студент қандай болу керек?» және «Болашақ маман иегерлері қандай болу керек?» деген сұрақтар арқылы екі топтың пікірін тыңдау.
-Алтын ұя мектебінен өмірге қанат қағып ұшқалы отырған бітіруші балапандарға өз тілегін айтып, батасын беру үшін ұстаз –ана, тәжірибелі мұғалім Айпейсова Нұрипаға сөз береміз.
Қорытынды:
Кешті қорыту үшін сөз мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Насибеков Дәурен ағайға сөз беріледі.
Ойын: Әуе шары. Жүргізетін мектеп тәлімгері М. Дусбаева
Әуе шарына саяхат жасайық. Әуе шарына өздеріңмен бірге мына керекті нәрсені салыңдар.
Денсаулық.
Маххабат.
Отбасы.
Дін.
Білім.
Ас.
Өзін жоғары қою.
Күлкі.
Материалдық жағдай.
Ұйқы.
Өзімізбен бірге осы керек деген нәрсенің бәрін салып алдық. Жоғары көтерілгенде осының бәрі әуе шарға ауырлық етті, осының ішінен қалаған 2-еуін алып тастаймыз, қалғаны да ауырлық етті, тағы 2-еуін алып тастаймыз, ол да ауырлық етті, тағы 2-еуін алып тастаймыз, тағы 2-еуін алып тастаймыз. Қалған екеуі де ауырлық етіп тұр соның 1-еуін алып тастаймыз. Әуе шарына өздеріңмен бірге нені алып шықтыңдар.
Соңынан таңдап алған таңдауы бойынша сұрақ- жауап жүргізіледі.
Неге осы нәрсені таңдап алдың? Басқа нәрсе саған қажет емеспе?
Айпейсова Нұрипа Пірмашқызы
Қызылода облысы
Шиелі ауданы
Ботабай ауылы
№228 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Тақырыбы: Мамандық таңдау уақытқа тәуелді ме?
Мақсаты: 1. Оқушылардың мамандық таңдау жөніндегі ой-пікірін білу.
2. Оқушылардың өз ойын ашық айту және сөйлеу мәдениетінің
шеберлігін дамыту.
3. Өз ойын ашық жеткізуге және еркіндікке, болашақ өмірін болжай білуге тәрбиелеу.
Барысы:
Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бағдарлы оқыту ісіне байланысты 8-9-10-11 сыныптардың қатысуымен өтетін «Кеш қалмаңыз» бағдарламасын бастауға рұқсат етіңіздер. Яғни бүгінгі талқыға түсетін тақырып «Мамандық таңдау уақытқа тәуелді ме?»
Бар мәселе шешілер уақытпенен
Сонда болар барлығы тәртіппенен
Кеш қалмаңыз бірақ та өкінерсіз
Басталар мамандыққа әрекетім бүгіннен
деп бағдарламамыздың бірінші қонағын ортаға шақырайық.
1.Мұстафаев Қуаныш
сұрақ: Неліктен сіз мамандықты ерте таңдадыңыз?
2.Сонымен екінші қонағымызды ортаға шақырайық.
Яғни, ол мамандығымды 9-сыныптан кейін таңдаймын дейді.
Назарбекова Фарида
Сізге сұрақ: Сіз өмірде екі рет шығындалып, уақыттан ұтылмайсыз ба?
3.Сонымен, үшінші қонағымызды ортаға шақырайық. Ол мамандығымды 11-сыныптан кейін таңдаймын дейді.
Беркінбаева Назерке
Сізге сұрақ: сіз 11-сынып бітіріп жатқанда сіздің сыныптастарыңыз 1,2 жылдан кейін маман иесі болып шығады. Сонда сіз уақыттан ұтылмайсыз ба?
4.Төртінші қонағымызды ортаға шақырсақ.
Ол мамандығымды, келешегімді тек ата-анам ғана шешеді дейді.
10 сынып оқушысы Самидинов Біржан
Сізге сұрақ: Еріктің барлығы ата-анада екен. Сонда өз құқығыңыз қайда?
(Кеш қалмаңыз қонақтары осы сұрақтар төңірегінде пікіралмасып, бір- біріне сұрақ қойып, тақырып мазмұнын талқылайды)
Келесі кезек көрермендерде.
Сонымен бүгінгі пікірімізді сараптау үшін сөз кезегін сарапшы қонақтарымызға береміз.
Мектеп директоры М. Қойшыбай
Мектеп директорының бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары Н. Айпейсова
Мектеп психологы С. Дүйсенбаева
Ата- аналар комитетінің төрағасы Ж. Сейтқұлов
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д. Насибеков
Қорытынды:
Бағдарламаға қатысушы қонақтарымыздың ойын қорытындылау үшін сөз жазылған парақшалар таратылады. Өздеріңізге келген сөздерге байланысты қорытынды сөз немесе шумақ өлеңдермен қортындылайсыздар.
Ықпал3. Қабілет
Білім4. Ақша
Ия, уақыт емші, бәрінің шешуін уақыт табады. Біз бәріміз тек уақытқа ғана бағынамыз.
Сонымен, бүгінгі пікір таласымызды аяқтап,
Мамандық таңдау әлі кеш емес,
Біз айтқан әңгіме бос емес!
-деп, біз бүгінгі бағдарламамызды қорытындылаймыз.
Айпейсова Нұрипа Пірмашқызы
Қызылода облысы
Шиелі ауданы
Ботабай ауылы
№228 орта мектеп директорының бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары