Коучинг Рухани бай м??алім – табысты м??алім
Коучинг жоспары
05.01.17ж Бекітемін:
Тақырыбы: Рухани бай мұғалім – табысты мұғалім
Мақсаты:
Мұғалімдердің кәсіби дамуына көмек көрсету, теориялық және практикалық тәжірибемен бөлісу.
Оқу нәтижесі:
Сабақ беретін сыныптарында оқу мен оқытуды жетілдіреді,оқушылардың дамуы мен қалыптасуына жағдай жасау үшін кәсіби құзыреттіліктерін арттыру қажеттілігін түсінеді.
Негізгі идеялар:
Сыныптағы оқушылардың оқуын жақсарту үшін мұғалімдерге нені оқыту керек және қалай оқыту керектігі туралы мәлімет бере отырып, бүгінгі қоғамға қажет жаңа мұғалім моделін түсіндіру.
Материалдар мен құрал-жабдықтар: Мұғалімге арналған нұсқаулық екінші (негізгі) деңгей.Флипчарт,маркер,интерактивті тақта,магниттік тақта
Өткізу барысы:
Этап Тапсырма Уақыт Коучтың іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті
1.Ұйымдастыру.
Психологиялық тренинг өткізу. «Жұдырық» тренингі.Қатысу-
шылар бір- біріне қарама- қарсы отырады. 5 минут “Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз,
ойын ойнамағандықтан қартаямыз”.
Бернард Шоу
Амандасу,коучингтің тақырыбымен таныстырып,бүгінгі жұмыстарына сәттілік тілеу;
мұғалімдерді ортаға шақыру,тренинг шартымен таныстыру.
Қарама- қарсы топтың бірі жұдырықтарын жұмады, келесі топ жұмылған жұдырықты ашуға тырысулары керек.
Қорытынды: Жылы -жылы сөйлесең жылан да інінен шығады демекші, күш жұмсамай -ақ,қолыңызды аша салыңызшы деп өтінуге болады. Амандасады,ортаға шығып,тренингке қатысады.Жұмылған жұдырықтарды ашуға тырысады,күш жұмсайды.
2.Топқа бөлу, көрсетілім
2 минут Жыл мезгілдері арқылы мұғалімдерді 4 топқа бөлу.
І топ Дана ұстаздар Күз мезгілі
ІІ топ Мейірімді ұстаздар Жаз мезгілі
ІІІ топ Қатал ұстаздар Қыс мезгілі
ІҮ топ Шығармашыл ұстаздар Көктем мезгілі Топқа бөлінеді, топ басшысын сайлайды.
3. бейнебаян Ұстаздар туралы бейнебаян көрсетіледі
Бағалау парағы таратылады. Қатысушылар пікірі тыңдалады.
4.Шығармашылық топтық жұмыстар: Постер қорғау 6 минут І -ТОП: ДАНА ҰСТАЗДАР
«Мен қандай ұстазбын?» постер қорғау
2-ТОП:МЕЙІРІМДІ ҰСТАЗДАР
«Ұстаздың құндылықтары мен міндеттері туралы сұхбат» Рөлдік ойындар,диалог арқылы.
3-ТОП:ҚАТАЛ ҰСТАЗДАР
«Мұғалімнің үздіксіз дамуы үшін нені жетілдіру керек?» Постер қорғау
4- ТОП Шығармашыл ұстаздар
«Білім реформасына енгізер жаңалықтарыңыз» телебағдарлама түрінде.
Топтар ойланады,постерге түсіріп,бір спикер топ жұмысын қорғайды.
Ортақ пікірге келіп, жазғандарын қорғайды.
5. Сұраққа жауап “Әріптер сөйлейді”
Мақсаты:Әріптестер кез-келген әріпті таңдап алып, қойылған сұраққа қолдарындағы әріптен басталатын сөзбен жауап беруі тиіс.
Сұрақ: «Менің пәнім бойынша үлгермеуші болмау үшін не істей аламын?»
Ойларыңызды ортаға салып,жазып шықсаңыздар. Сұраққа жауап береді.
№ 1. 1-топ. «Нағыз ұстаз моделі» мұғалімдер көзімен.
2-топ. «Нағыз ұстаз моделі» оқушылар көзімен.
3-топ. «Нағыз ұстаз моделі» ата-аналар көзімен.
4 топ. «Нағыз ұстаз моделі» әкімшілік көзімен (Әр топтың жұмысы тыңдалады. Бірін-бірі формативті бағалайды.
6.Сергіту сәті 2 минут Ой сергек. Бір адам күнде жұмысқа барар кезде 9-қабаттан төменге лифтімен түседі екен де,жұмыстан қайтарда 5- қабатқа дейін лифтімен барады да, ары қарай жаяу көтеріледі екен, неге? ( себебі, ол ергежейлі екен). Көре отырып,өмірлеріне қажетті кеңестер алады.
7.Дебат №3 тапсырма 5 минут «Оқу бағдарламасындағы өзгеріс» (дебат)
Қатысушыларға « 5 күндік оқу жүйесінің жақсы жағы мен кемшіліктері» деген жағдаят беріледі Қатысушылар жағдаятқа байланысты келіспейтін дер мен қолдайтындар болып екі топқа бөлініп дебатқа түседі
8. бейнеролик №4
5 минут Ұстаздар туралы тәмсіл көрсетіледі «Мүмкіндік» Қатысушылар пікірі тыңдалады.
9..Бағалау 1 минут Топтардың жұмысын критериалды бағалау
Бір -бірінің жұмысын бағалайды.
10. «Ұстазым» әнін караокемен орындау
Дереккөздер: МАН ІІ деңгей ,интернет материалдары, тренингтер өткізуге арналған кітапша, бейнежазбалар
Бағалау парақшасы
Критерийлер 1-топ 2-топ 3-топ 4-топ
1 Топтың белсенділігі 2 Тақырыпты аша білуі 3 Эстетикалық талғамы 4 Пайдалы идеялар беруі Жалпы ұпай саны