занятие на тему :« Ойын ?рекеті ар?ылы баланы? ?орша?ан мен таби?атты зерттеу м?мкіндігін ашу»


«Билал-Назым атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Бөбек» шағын орталығы
Семинар тақырыбы:
« Ойын әрекеті арқылы баланың қоршаған мен табиғатты зерттеу мүмкіндігін ашу»
.
Жаркент қаласы,2015ж
«Бәйтерек» ересек тобы
Бас тәрбиеші Г А Мухтарова
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы:Қыс қызығы.
Мақсаты :Балаларды табиғатты сүюге және қамқорлық-жаңашырлық сезімге баулу.Жыл мезгіліне қарай болатын ауа райын бақылау.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:қыс,қар,аққала,орман.
Билингвалды сынары:зима,снег,снеговик,лес.
Заттық дамыту ортасы:қыс мезгіліне байланысты безендірілген орман көрінісі.Орманда қоқыстар шашылып жатыр,үйшік түр.
Тәрбиеші:
-Балалар,айтыңдаршы,қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі
-Қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
-Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?
Тақпақтар айтылады
Қыс суреті бір ғажап,
Тамашалап жас қарды
Кететін ойнап сырғанап,
Қыс думаны басталды.
-Балалар,бүгін қыстың боранды желі маған хат әкеліп тастады,хат оқып көрейік.
Хатты ашып оқиды: «Құрметті балалар!Сендерді орманға көмекке шақырамын.Асыға сендерді күтемін.Сәлеммен-Аққала »
-Балалар,аққалаға көмекке барамыз ба?Қазір қыс мезгілі болғандықтан,жолда көптеген келергілер кездесуі мүмкін.Сондықтан жылы киінуіміз керек.
Судың сыңғырлаған үні естіледі.
-Мұнда арық бар екен ,аяғымызды суға малмай өту үшін,су туралы жұмбақ айтуымыз керек екен:
Аяғы жоқ,қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды
Сақтамасаң қорын тек
Барша тіршілік құрайды.
Балалар,тепе-теңдік сақтап көпірден өтеді.
Балалардың алдынан үйілген омбы қарлардан аттап-аттап өтеміз.Біз орманға келдік.Аспанға қараңдаршы.Қандай әдемі бұлттар!
Орман іші шашылып жатыр,бір үйшік тұр.Үйшіктен аққала шығады.
-Балалар,біз Аққаланың үйіне де келдік,Аққаламен сәлемдесейік.
Аққала:Сәлеметсіңдер ме,балалар!Сендердің келгендеріңе өте қуаныштымын!Бірақ менің көңіл-күйім жоқ,сендерді орманға шақырған себебім,айналамыздың бәрі лас,ормандағы аң-құстарға,өсімдіктерге өте қиын болды.Орманға қонақтар көп келеді,өздерін қалай ұстауды білмейді,қоқыс қалдықтарын шашып,аң-құстарды үркітіп,от жағып кетеді.
-Егер қоқыстар шашылып жатса,орман мен орман тұрғыңдарына не болады?
Орман тұрғындарына қалай көмектесеміз?Орман іші таза болу үшін не істеуіміз керек?
-Орманның ішің қоқыстардан тазартуымыз керек.
-Ал,қоқыстарды қайда саламыз,балалар?
-Қоқыс салатын арнайы ыдыстарға саламыз.
Ойын «Қоқыстарды жинау»
Аққала:Қандай жақсы орман іші тап-таза болып қалды.Менің ормандағы достарым қатты қуанып болды.Мен сендерге ормандағы достарым туралы жұмбақтар жасырайың,табыңдаршы.
Аңдар туралы жұмбақтар:
1.Өзі айлакер,өзі қу
Жүрген жері айқай шу /түлкі/
2.Өзіне болған қорған орман.
Бір аң бар қорбан-қорбан. /аю/
3.Көленкесінен қорқып безектейді,
Ал ,оның баласын «көжек» дейді /қоян/
-Жарайсыңдар,балалар!Енді тыныштық сақтап,қысқы орманға саяхат жасайық.
-Балалар осы ағаштың пайдасы қандай?
-Ағаштар бойынан таза ауа бөліп шығарады,ауаны желпіп салқындатады,күзде егінді желден қорғайды,жазда ыстық лепке сая болып,жердің бетін кептірмейді.
Отырғыз ағаш,
Жөн болмақ еңбек еткенін,
Келмесе шамаң еккенге,
Сындырма жұрттың еккенін.
-Қараңдаршы,балалар,мұнда қыстап қалған құстар да бар екен.Бұл құстар қалай аталады?Қыстап қалған құстарға қандай қамқорлық көрсетеміз? Қыстап қалған құстарға жем,су,нан қоқымдарын береміз.
Қыстап қалған құстарға арналған жем салғыш ағаш басына ілінеді.
Аққала :Жарайсыңдар,балалар!Менің сендермен қоштасатын уақытым да болып қалды.Сендерге көп-көп рақмет.Мына тәттімен топтарына барған соң шай ішіңдер.
Ойын «Не болар еді?»
-Балалар ,егер күн болмаса не болар еді?Егер су болмаса не болар еді?
Ауа болмаса не болар еді?Қане енді табиғатқа ризашылығымызды сөзбен жеткізейік.
-Күн,сәуле шашқаның үшін рақмет!Таза ауа,саған рақмет!Бұлт,жауын сепкенің үшін рақмет!Ағаш,көлеңкең үшін рақмет!Жер,саған жомарттығың үшін рақмет!Табиғат,сұлулығың үшін рақмет!
Тәрбиеші: «Адамның табиғатсыз күні жоқ.Табиғаттың мұны айтқанға тілі жоқ»
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Қыс мезгілін және айларын атай биледі.
Нені игереді:Қыс мезгілінде табиғатта болатын құбылыстарды бақылай алуға дағдыландыру.
Нені білу керек:Қоршаған ортаның тазалығын сақтай білу керек.

«Бәйтерек» ересек тобы
Бас тәрбиеші Г А Мухтарова
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Есте сақтау қабилетін дамыту.
Мақсаты:Ойын арқылы балалардың есте сақтау қабилеттерін дамыту,заттарды санауға,салыстыруға үйрету.
Ұйымдастырушылық-оятушылық
Шаттық шеңберге тұрғызу
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы таң,балалар,қайырлы таң,апайлар!
Шаттық шеңберіне тұрып,тәрбиешімен бірге өлең жолдарын айтады.
Тәрбиеші циркке билеттер бар екенін айтады.
-Циркке барғыларын келе ме?
Балалар циркке баруға келіседі.
-Ендеше,менің сұрақтарыма жауап береді.
-Казір жылдың қай мезгілі?
-Қыс айларын атап беріңдер.
-Қыс мезгілінң ерекшеліктері қандай?
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
Әдемі безендірілген цирк алаңында екі сайқымазақ қарсы алады.Тәрбиеші сұоақтар қояды.
Тәрбиеші сұрақтарына балалар жауап береді.
-Циркте қандай аңдар өнер көрсетеді?
-Циріктегі аңдарды кімдер үйретеді?
-Сайқымазақ қолында қанша шар бар?
-Түстерін кім айтып береді?
-Мына жерде неше маймыл отыр?
-Жоғарыда қанша маймыл,төменде қанша маймыл отыр?
Сергіту сәті:Сайқымазақ қимылдарын қайтала
Д/О «Аңдарды коректеңдір»
Ойын барысы:аңдар жейтін коректік заттарды өз иесіне апарып беру және санау.Маймылға банан беру т.б.Қай аңның корегі көп,санау,салыстыру.
-Сайқымазаққа кім санамақ айтып береді.
Санамақ айтады
Кел,санайық санамақ
Саусақтарды даралап
Бас бармағым-әкем,
Балан үйрек-анам,
Ортан терек-ағам,
Шылдыр шүмек-сен,
Кішкентай бөбек мен.
Жұмбақ есеп,сурет бойынша жұмбақ есептерді шешеді.
Ағаштың артында неше қоян отырды?
Қорған артында неше мысық бар?
Жұмбақтар
1.Еріксе құйрығымен ойнайды
Зеріксе ұйқыға бір тоймайды /мысық/
2.Адамға серік,күзетке берік./ит/
3.Қыс бойында тәттіұйқыға барады /аю/
Аңдар туралы кім жұмбақ айтады?
Ойын жаттығу:музыка әуенімен аңдардың қимылын жасату.
Құрастыру .Аюды кім жылдам құрастырады?
Аюды дайын пішіндерден құрастырады.
Зейнеп өзінің аңдарымен өнер көрсетуге келіпті,барыстардың өнерін тамашалау.
Барыстар би билеп береді
Сайқымазаққа батпырауық керек екен.Мына геометриялықпішіндерді бояп,заңдылығын сақтап құрастырып береді.
Рефлекстік-түзету
Сайқымазақ балаларға рақмет айтады.
Қорытыңды сұрақтар қою.
Балалар қорытынды сұрақтарға жауап береді.
Балалар бүгінгі оқу іс-әрекеті барысында жеткен жетістіктеріне қуанады.
-Қайда бардыңдар?
-Не ұнады?
-Қандай аңдар көрдіңдер?
Белсенді балаларды мақтау,мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:1-5 ке дейін сандар
Нені игереді:санау салыстыру дағдысы
Нені білу керек:1-5 ке дейінгі сандармен есеп шығара білуге үйрету.