Урок казахского языка ?орша?ан ортаны ?ор?ау 6 класс


Пән: Қазақ тілі
Сынып: 6
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғау
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың сөйлемдегі сөздердің мағыналық, тұлғалық жағынан өзара байланысын түсіндіре отырып, қоршаған ортаны қорғау әр адамның міндеті екенін түсіндіру. Есімдіктің жасалу жолдарын түсіндіру.
Деңгейлік мақсаттары:
Барлығы есімдіктуралы біледі
Көбі есімдік түрлерін ажырата алады
Біреулері есімдік түрлерін пайдаланып, әңгіме құрайды.
Әдіс-тәсілі: Кластер, ақпараттық ақаулық, «сұрақ-жауап» стратегиясы, постер жасау, кесте «Ертеректе не білідім? Не білдім? Не білгім келеді»
Көрнекіліктер:ватман, маркер, бағалау парағы, Қоршаған орта туралы презентация, оқулық мәтіні, т.б.
Пәнаралық байланыс: биология, география,
Күтілетін нәтиже:
1. Қоршаған ортаны қорғау туралы білім алады.2. Білімді өз беттерімен меңгереді.3. Сөздік қоры артады.4. Бірін-бірі тыңдауға үйренеді.5. Сыни ойлайды.
Табыс критерийлері:
Мен өз жауаптарымды дәлелдей аламын;
Мен топта өз идеямды ұсына аламын;
Мен қазақ тілінде өз ойымды еркін жеткізе аламын.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу.
Психологиялық ахуал тудыру. Балалар шеңбер жасап, бір-бірінің қолдарын ұстап, осы сабаққа байланысты жылы лебіздерін айтады. ( Бағалау «Бас бармақ»). Топтарға бөлу. Ағаш аттары мен гүл аттары тәсілі арқылы бөлінеді. Әр оқушыға бағалау парағын үлестіремін.
1 деңгей – Білу. Тақырыпқа шығу мақсатында «Қоршаған ортаны қорғау» (слайд көрсету). Оқушылар бүгінгі тақырып қандай ажыратады.
Жаңа сөздермен таныстыру:
қоршаған орта-окружающая среда
мәселе-проблема
болашақ-будущее
мөлдір-прозрачный
река-өзен
леса-орман/тоғай
поля-дала
равнины-жазық/ тегістік
водапады-сарқырама
цветы-гүлдер
Осы сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру. Смайлик арқылы бағалайды.
Миға шабуыл әдісі. Кластер жасау «Қоршаған орта» ұжымдық жұмыс. Мұғалім бағалайды.
Қоршаған орта



2-деңгей - Түсіну. «Қоршаған ортаны қорғау» мәтіні таратылады.
Топтық жұмыс:Тақтаға әрбір топтан бір оқушыдан шығып суретті көре отырып табиғатқа байланысты мақал-мәтелдер айтқызады. (Оқушылар топта талдайды, постерге түсіреді, қорғайды. )
«2 жұлдыз, бір тілек» - стикерлерге өз пікірлерін жазып, бір-бірінің постерін бағалайды
3-деңгей - Қолдану.1-топ. Мәтін бойынша сұрақтар (жұқа және қалың) құрастырады. 2-топ. Диалог құрастырады. Бір-бірін бағалау
4-деңгей – Талдау. 1-тапсырма. Мәтінге ат қою.Мәтіннен есімдіктерді тапқызу. (Дұрыс жауаптар слайдта жазып тұр) Критерий бойынша бағалау
2 – тапсырма. Кім жылдам? Берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру.Дұрыс жауаптар слайдта жазып тұр)Бір-бірін жұмысын тексеру
Қоршаған, біз, жауаптымыз, үшін, орта.Өздері, мәселелерге, адамдар, экологиялық, кінәлі.Болу, таза, қоршаған, керек, орта, дені, адамның, сау, үшін.Дүниежүзілік, қоршаған, қорғау, ортаны, күні, 5-маусым.
5-деңгей – Синтездеу 1. Енді кім тапқыр ,әрі жылдам екенін көрейік: Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды қойыңдар. 1. Жан-жануар... мен өсімдік... дүниесі. 3.Табиғат...ар-ұжданы таза,саналы адам... ғана қорғай алады. 4.Орман...мен өсімдіктер..., жануар... мен аң-құстар...қорғап сақтайтын қорық көп. «Бағдаршам» тәсілі арқылы бағалайды.
2. Тестпен жұмыс:1. Қоршаған ортаны қорғаудың күні қашан? А) 1 маусым; В) 5 маусым; С) 6 маусым2. Сол күнде адамдар қандай жұмыс өткізіледі? Артықты табыңдар. А) ағаш отырғызады; В) саябақтарды тазалайды; С) жұмысқа бармайды
3.Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар. Таза ауа қалдыру - .... борышымыз А)менің В) біздің С ) сендердің4. Сілтеу есімдікті табыңдар. А) мынау В) өзім С) біз 5. Қазақстан республикасында неше қорық бар? А) 9; В) 7 С) 10Критерий бойынша бағалау«5» - қате жоқ, «4» – 1 қате, «3» - 2 қате, «2» - 2-ден астам
6- деңгей – Бағалау. Әр оқушы өзінің бағалау парағынан баға қойылады. Оқушылар кестені толтырады. «Ертеректе не білдім? Не білдім? Не білгім келеді?»
Үй жұмысы: «Қоршаған ортаны қорғау- біздің парызымыз» тақырыбына эссе жазу немесе сурет салу не презентация жасау.