«Т?уелсіз елді? білімді ?рпа?тары»


Тақырыбы:
«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»
атты интеллектуалды - танымдық сайысМақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан - жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру;Көрнекілігі: Елбасы Н. А. Назарбаевтың суреті, еліміздің рәміздері, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған кітап көрмесі, нақыл сөздер жазылған плакаттар, қазақ халқының тарихи тұлғаларының, мәдениет және әдебиет өнері қайраткерлерінің суреттері, слайд - шоу.Қолданылған құрал - жабдықтар: компьютер, презентациялар, марапаттау қағаздары; суреттер салынған конверттер.Сайыстың барысы:Жүргізуші: 
- Армысыздар құрметті бүгінгі сайыстың қонақтары, сайысқа қатысушылар және жанкүйер қауым!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» атты интеллектуалды - танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!Жүргізуші:
Қазақстан- егеменді ел, тәуелсіз ел,
Болашаққа нық басып буынған бел.
Көкке өрлеген байрақты желбіретіп,
Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел!
Тәуелсіздік- бастауы бар бақыттың,
Тәуелсіздік- ұлтың менен ұраның.
Шартарапта шаттығындай азаттық,
Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!
Көк байрағы, Елтаңбасы, бірлігі,
Шалқи берсін Әнұраны Қазақтың!
Әнұран орындалады.
Сіздерді алда келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Бұл күндері Қазақстан өзінің ең басты мейрамы – Тәуелсіздік күнін атап өтуде
1991 жылғы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды.
Бұл мереке – ұлы мереке, шын мәнінде ұлы мереке. Ежелден қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Мұнан 25 жыл бұрын қазақ жерінде атқан тәуелсіздік таңы – Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан даланың мына дархан төсін қанымен, терімен суарған ата бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі дейміз.
Бүгінгі шарамыз ҚР Тәуелсіздік күніне арналған.
Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз қаласынан, өз өлкесінен, өз мектебінен басталады.Міне, бүгінгі біздің интеллектуалды - танымдық «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» атты сайыс осыған дәлел.
Біз тәуелсіздік таңының жарық жұлдыздары сендер деп білеміз. Олай болса, ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырайық.
(музыка)
Ортаға «Нұрлы жол» және «Мәңгілік ел» топ мүшелері шығады, орындарына жайғасады. Топтарға арналған үстелдер әзірленеді және әр үстелде топтың атауы жазылған кесте көрсетіледі.
Жүргізуші: - Рахмет, құрметті оқушылар, бүгінгі сайыста сендерге үлкен сәттілік тілейміз.Ал енді, сайысымыздың әділқазы алқасы және сайыс барысымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.
Шын жүйрік шабысынан танылады,Қатты білім, терең ой саналады.Баға берер әділқазы ортамыздаСіздерге құрметпен қол соғылады.Әділқазы алқасының мүшелері:
Төрағасы:
Мүшелері:
Сайыс 6 кезеңнен тұрады:І. Таныстыру
ІІ. Бәйге.
ІІІ. Ән сұрақ
ІV. «Тіл шебері».
V. «Суреттің сырын ашар кім?»
VІ. Теңге алу
Жүргізуші:
Ақталған ақ арманы, үміттері,
Қашан көрсең жүреді күліп тегі.
Қаумалаған ағайын, аманбысың,
Аманбысың сайыстың үміткері.- дей отырып ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз!
Сайысымыздың І кезеңін бастайық. І Таныстыру. Бұл кезеңде әр топ өздерімен таныстырып өтеді.
Жүргізуші:
Әрқашанда білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген,
Сәлем бердік ұландарға талапкер,
Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен- деп сайысымыздың ІІ кезеңі «Бәйгені» бастаймыз. Бұл сайыстың шарты бойынша әр топқа 12 сұрақтан қойылады.
«Нұрлы жол» тобының сұрақтары:
Тәуке ханның зандар жинағы (Жеті жарғы)
ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің кайнар көзі (халық)
Қазақ хандығының алғашқы ханы (Керей)
Қазақстан БҰҰ-ға кірген жылы (1992 ж.)
Қазақ автономиясының алғашкы астанасы (Орынбор)
Бала туғанда қазақтар қандай той жасайды (шілдехана)
Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада орналасқан (Түркістан)
Ұлы Отан соғысында қазақ арасында ең жас болған Кеңес одағының батыры кім? (Ж. Елеусізов)
«Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі кім болды? (О. Сүлейменов)
ҚР Жаңа Конституциясы неше баптан тұрады? (98)
Қазақтың тұңғыш академигі (Қ. Сәтбаев)
Отырар қаласы басында қалай аталды (Фараб)
«Мәңгілік ел» тобының сұрақтары:
Астана қай өзеннің жағасында салынған (Есіл)
Тың игеру жылдары (1954-1956 ж.)
«Алаш» партиясы құрылған жыл (1917 ж.)
Малдың жаппай қырылуы (жұт)
Алғашқы қазақ ғарышкері (Т. Әубәкіров)
Түйенің сүтінен жасалған сусын (шұбат)
1929-1997 жж. Қазақстанның астанасы (Алматы)
Алашахан күмбезі орналасқан жер (Орталық Қазақстан)
Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақстандық (Р. Қошқарбаев)
Бала бірінші сыныпқа барғанда қандай той жасалады? (Тілашар)
Қазақстанда Наурыз қай жылдан бастап тойлана бастады? - 1989 жылдан бастап тойланады.
Тәуелсіздік монументінің биіктігі - 28 метр
Жүргізуші: Сайысымыздың келесі 3 кезеңі «Ән сұрақ» деп аталады. Әр дұрыс сұраққа- 5 ұпай. Бұл сайыстың шарты бойынша бірінші әннің басталуын тыңдап, содан соң әннің атынжәне орындаушысын табуларыңыз керек. Ал бастайық.
1 ӘН: «Астана»- Қ.Нұртас. - ДО
2 ӘН: «Жаса қазағым»- Тоқтар Серіков. -РЕ
3 ӘН: «Жаным қазақ»- Төреғали Төреәлі. –МИ
4 ӘН: «Мекенім Қазақстан»- Беркут пен Аиша. –ФА
5 ӘН: «Атамекен»- Ескендір Хасанғалиев. –Соль
6 ӘН: «Қазақ елі»- Роза Рымбаева. –ЛЯ
7 ӘН: «Отаным Менің»- Т.Серіков, Д.Таңатаров, С.Медеуов. -СИ
Жүргізуші: Сайысымыздың келесі 4 кезеңі «Тіл шебері» деп аталады. Сайыстың шарты бойынша мақалдың басы айтылады, әрі қарай жалғастыру керек. Және қызылмен жазылған сөзді екі тілде айту керек, орысша және ағылшынша. Әр дұрыс сұраққа- 5 ұпай.
1 «Нұрлы жол» тобына:
Туған жердей жер болмас...
(Туған елдей ел болмас). Ел-страна-countryТіл тас жарады,
(Тас жармаса, бас жарады). Тас-камень-stoneЕл елдің бәрі – жақсы,
(Өз елің бәрінен – жақсы). Жақсы-хороший-good Жері байдың –
(Елі бай) бай-богатый-rich5) Ұстамен жақын болсаң, іс-дело-workІсің бітер.
«Мәңгілік ел» тобына:
1.... адам – ормансыз бұлбұл. (Отан, Родина, homeland)
2. Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан ... ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер. (жаман, плохой, bad)
3.... тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады. (тіл, язык, language)
4.... көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды. (досы, друг, friend)
5. Балалы... – базар,
Баласыз... – қу мазар. (үй, дом, home - house)
Жүргізуші: Сайысымыздың келесі 5 кезеңі «Суреттің сырын ашар кім?» деп аталады. Әп топқа 3 суреттен жасырылады, әр суретте жасырылған нысанның атын табу керек. Әр дұрыс сұраққа- 5 ұпай.
«Нұрлы жол» тобына:
1 сурет- 2006 жылы желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына орай Алматыда ашылған «Тәуелсіздік таңы» деп аталады.
2 сурет- «Қазақ Елі» деп аталатын монумент.
3 сурет- «Бәйтерек» монументі.
«Мәңгілік ел» тобына:
4 сурет- «Тәуелсіздік монументі» деп аталады.
5 сурет- 2001 жылдың 29 тамызында Семей қаласындағы «Полковничий» аралында Семей ядролық полигон құрбандарына арналған үлкен ескерткіш қойылды. «Өлімнен де күшті» мемориал жобасының авторы - Шота Уәлиханов.
6 сурет- Хазірет Сұлтан мешіті.
Жүргізуші: Құрметті сайысқа қатысушылар сайысымыздың келесі 6 кезеңі: «Теңге алу» деп аталады. Бұл сайыстың шарты бойынша Өнер, Спорт, Әртүрлі деген ұяшықтарда 10-нан бастап 40-қа дейін ұпайлар алу үшін, сол ұяшықта жасырылған сұраққа жауап беру керек.
Өнер 10 20 30 40
Спорт 10 20 30 40
Әртүрлі 10 20 30 40
«ӨНЕР»
10- Тұңғыш қазақ мультфильмінің аты қалай аталады? («Қарлығаштың құйрығы неге
айыр»)
20- Қазақ қобызының түп нұсқасын кім жасаған? (« Қорқыт ата»)
30- Қазақ даласының музыкалық символы «Сарыарқа» күйінің авторы? (Кұрманғазы)
40- «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (Ілияс Есенберлин)
СПОРТ
10- Қазақ спортшылары арасынан тұңғыш рет Олимпиада чемпионы атанған кім? (Балуан Жақсылық Үшкемпіров)
20- Қазақта тұңғыш дүние жүзі чемпионы атағын алған палуан кім?(Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
30- Садақтан немесе мылтықтан атпен бар пәрменімен шауып келе жатқан күйде тігілген тиынды атып түсіру ойыны? (Жамбы ату немесе Алтын қабақ деп атайды.)
40- Қазақтың ұлттық спорт түрлерін атап бер. (көкпар, бәйге,теңге алу, жамбы ату, т.с.с)
ӘР ТҮРЛІ
10- Астана қаласы Қазақстанның нешінші астанасы? (4)
20- Қазақ хандығының даңқты қолбасшыларының бірі, әйгілі Қабанбай батырдың жорыққа мінген тұлпарының аты (Қубас).
30- 24 жасында КСРО халық әртісі атағын алды. «Қазақтың бұлбұлы» аталған әнші. (Күләш Байсейітова )
40- ҚР - да «халық қаһарманы» және «ғасыр адамы» атағын иеленген қайраткер?
(Тоқтар Әубәкіров)
Әділ қазылар алқасы сайыс қорытындысын шығарғанша көремендерге мынадай логикалық сұрақтар қоюға рұқсат етіңіздер.
Көрермендерге қойылатын логикалық сұрақтар.
Күрекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз күйінде)
Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)
Есік пен терезенің арасында не тұрады? («пен» тұр)
Орыс күнтізбесіндегі ең қысқа ай? (Май - үш әріптен тұрады)
Қай өзен ең қорқынышты ? (Тигр өзені)
Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақты)
Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс? (шәйді қасықпен араластырған дұрыс)
Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз ба?)
Қар жауады, күн жылынып, ери бастайды, біраздан соң жаңбыр жауады, одан кейін аяз қатты тұрса, не байқалады? (көктайғақ болатындығы)
Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады? (бәрі жарылып қалады)
Қазақстандағы аты да, мінезі де бұзық өзен қайда?  (Талдықорған облысы,    
        Тентек өзені.) 
Жүргізуші:
Бойларыңда от бар екен байқадым,Жүректерде шоқ бар екен байқадым.Әрқашанда осы өнерді сөндірмей,Біліміңмен шарықтай бер әрдайым.Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті.
Жеңімпаз топты анықтау үшін сөз кезегі әділ - қазылар алқасына беріледі.
Қорытынды.
Тәуелсіздік күні – қазақ елінің тарихындағы ең атаулы күн, қазақ халқының сан ғасырлық арманының орындалған күні. Егемендік алғанан бері Қазақстан өзін әлемге әйгілі етті. Бейбітшілікте өмір сүретін мемлекет ретінде танытты. Жер бетінде әрқашан достық пен келісім орнап, еліміздің болашағы жарқын болсын. Тәуелсіздік күнінің қарсанында біз барша Қазақстан халқын қазақ жеріндегі бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып отырған осы айырықша мерекемен құттықтаймыз.
Қазақ елім!Туды жастық дәуірің.Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,Туған күнің құтты болсын, алыбым!Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.Құрметті бүгінгі сайысқа қатысушылар!Сіздерге шығармашылық табыс тілей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз