М??а?али Ма?атаев туралы Жырлайды ж?рек атты ?деби кеш


Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Өмірлік негізгі мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Абишева Жанаргүл Бауыржанқызы
Кештің мақсаты: Ғасырлар тоғысында М. Мақатаевтың ақындық талантын оқушы жүрегіне ұялату, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруТәрбиелілік: Оқушыларды поэзияны сүюге, ақын жырларын, әндерін айта отырып, өз елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу.Дамытушылық: Мәнерлеп оқу қабілетімен рухани танымдарын дамыту.
Барысы:
Видио ( Пай, пай, өмір! Өтесің – ау бір күні...)
1-жүргізуші:
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,-
деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.   
Мұқағали Мақатаевты атақ пен даңқ өлген соң өзі іздеп тапты.
1 - жүргізуші: Мұқағали... бүгінде бұл есім әркімнің көңілінде күллі қазақ даласының образын оятып, оның ұланғайыр кеңдігін, көкмұнар таулары мен жан баспаған жапандағы қара орманының, түпсіз терең тұңғиық көлдерінің көрінісін көз алдына әкеледі.
2 - жүргізуші: Ол 9 ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келді. Азан шақырып қойылған аты Мұхаметқали.
1 - жүргізуші: Тұңғыштары Мұқағалидың ізін ала туылған бір қызы мен бір ұлы ерте шетінеген Сүлеймен әкей мен Нағиман шешей олардан кейін Тоқтарбай, Көрпеш атты екі ұл сүйеді.
2 - жүргізуші: Мұқағалидың әкесі колхозда сушы, шалғышы болып істеген қарапайым шаруа адамы болыпты. Нағиман апаның айтуынша, үйдің тұңғышы болғасын ба, Мұқағали Тиын әжесіне табиғи болып, анасын жеңге есебінде санаған.
Видио «Мұқағалидің өз даусы»
Ән: «Есіңе мені алғайсың». Орындайтын Құрмантаева Дильназ бен Тулебаев Диас
«Менің анкетам»
Тергеуші: -Туған жерің?
Жас Мұқағали:-Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.
Тергеуші:-Туған жылың?
Жас Мұқағали:-1931. Құрдасымын Шәмілдің.
Тергеуші:-Жынысың кім?
Жас Мұқағали: -Еркекпін ғой,еркекпін!
Және-дағы тәуірмін...
Тергеуші:-Партияда барсың ба?
Жас Мұқағали:-Жоқпын.
Тергеуші: -Шыққан тегің?
Жас Мұқағали:-Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
Тергеуші: -Білімің ше?
Жас Мұқағали:-Орташа ғой.
Алайда оны жоғарыға балаймын.
Тергеуші: -Ана тілің?
Жас Мұқағали:-Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
Тергеуші: -Қайда істедің?
Жас Мұқағали:-Мынау « Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған,дипломсыз демесең,
Бір басымнан бар мамандық табылар.
Тергеуші: -Міндеттісің бе әскерге?
Жас Мұқағали: -Міндеттімін.
Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
Тергеуші:-Сөгіс алып көрдің бе?
Жас Мұқағали:-Ол жағынан періште едім дей алмаймын
Мен мүлде.
Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де.....
Тергеуші: -Шетелдерде болдың ба?
Жас Мұқағали: -Болғамын жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды,өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда-ақ.
Тергеуші:-Мекен-жәйің?
Жас Мұқағали: -Мекен-жәйім-жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам,қағаз,уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгемін!
2 - жүргізуші: Мұқағалидың әкесі Сүлеймен 1941 жылы соғысқа аттанғанда Мұқағали небары 10 жаста еді. Оның алғашқы алғашқы өлеңі сол соғысқа кеткен әкесіне деген сағыныштан туған екен.Өлең «Әке, әкеме» 1 - жүргізуші: Әдебиетке құштарлығының қайнар көзі Қарасаздан бастау алған Мұқағали орта мектепті Нарынқолдағы мектеп - интернатта бітіреді. Одан кейінгі жылдарда жоғары оқу орындарының бірнешеуіне еш қиындықсыз - ақ түсіп, әуелі ҚазМУ - дың филология факультетіне, одан кейін шет тілдер институтына, сосын қайтадан ҚазМУ - дың заң факультетіне қабылданды.
2 - жүргізуші: 1973 жылы Мәскеудің М. Горький атындағы Әдебиет институтының студенті атанды. Бірақ анасы айтқандай «Оны да тауысқан жоқ... олардың білетінін өзім де біледі екем. Алматымды сағындым. Балаларымның қасында болайын деп, кеттім де қалдым...» - деп бір жылдан соң елге қайта оралды.1 - жүргізуші: 1949 жылы Мұқағали шаңырақ көтерді. Ол кезде Мұқағали 18, ал сүйген жары Лашын 21 жаста болды. Бастапқыда ақын туған жерінде ауылдық кеңес хатшысы, Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі, ауылдық газеттің тілшісі болып қызмет етеді. 1962 жылы Алматыға қоныс аударды.1 - жүргізуші: Алматыға табан тірегеніне көп ұзамай жатып - ақ ақын атақ - абыройдың да, түрлі сын - сынақтардың да дәмін сезіне бастайды. Одан соң дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келеді. Ұлы Жұлдыз әкесіне арнап мынадай өлең жолдарын шығарады. Тамашалаңыздар.Өлең «Тұршы, әке, жетер енді жатқаның...» 2 - жүргізуші: Алматыға келген соң ақынның үлкен қызы Майгүл он бір жасында мотоцикл қағып жазым болады, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырады.Өлең «Майгүлге» 1 - жүргізуші: Ақын түс көрді. Түсінде «Шешем басында ақ жаулығы бар, Абай атамыздың қасынан қуана басып маған күліп келе жатыр. Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деп, ұзақ толғаныстан соң «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келеді.Өлең «Шеше, сен бақыттысың» 1 - жүргізуші: Мұқағали поэзиясында тереңдік, сұлулық, қарапайымдылық, асқақтық бар оның көңіл - күй сезімі табиғат мезгілдерімен үндесіп жатады.Өлең «Өмір сүрейік алмасып» Өлең «Анау – аспан, мынау – бақ» Өлең «Япырай, неткен көктем!» Өлең «Қайырлы таң» 1 - жүргізуші: Ақын жүрегі нәзік, сезімтал. Кейде өмірден безініп, ол да өзіне сүйеніш, тірек болар адамды іздейді. Кез - келген адам ақын жанын түсіне бермейді. Сондай уақытта Мұқағали Фаризаны тапты. Ақын ағамыз қазақтың ақын қызына арнап өлең шығарды.Өлең « Фаризаға»2 - жүргізуші: Ақын жалындап өткен 45 жыл ғұмырында алдындағы арманда өткен Ахмет, Мағжан, Ілияс, Қасым сынды қазақ тілі үшін күресіп, қара топырақ қойнына кіргенше ана тілі үшін айқасып қазақ тілінің қайтадан алып жұлдыз – Алтын Күнге айналуына өз үлесін қосқан ақын Халқы мен Отанынан әсте кем санамай, осы өмірдегі бірегей үш Бақытының біріне балайды.Өлең «Үш бақытым»1 - жүргізуші: Қазақ ақындарының ішінде туған жерін жыр қылып айтпаған ақын жоқ шығар. Мұқағалидың да өзінің туған жеріне арналған өлеңіӨлең «Отан» 1 - жүргізуші: Нұрғиса Тілендиев ақынның ауылы Қарасазға Мұқағалимен бірге демалуға барады. Екеуі жайлау төрінде отырады. Неге мына жасыл жайлау туралы ән шырқамасқа. Нағыз Саржайлау дегеніміз мына жатқан Шаркөлденің төсі емеспе?- деп таң қалған. Содан ағамыз лезде «Саржайлауға» арнап, егілдіріп, төгілдіріп, құлпыртып өлең жазды. Сөйтіп «Саржайлау» әні өмірге келді.ән «Саржайлау»2 - жүргізуші: Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқағалидың өлеңдерін жыр сүйер қауым іздеп жүріп оқитын болды. Ақын өлеңдеріне 100 - ден астам әндер жазылды. Бұл әндер бүгінде барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Олай болса, ақынның әніне кезек берейікӘн «Сенің көзің»Ән «Бақыт деген...»2 - жүргізуші: ұлы Абайға, ер жүрек ерен талант Махамбетке табына, оларды үлгі тұта отырып, өз намысын қайрап, ширыға түседі. Абай мен Махамбеттің асыл сөздерінен қуат алып, өнерге, өлеңге деген, өзіне қоятын талап пен талғамы биіктей береді. Мұқағали поэзия құдіретін адамдық асыл сезіммен байланыстыра қабылдайды. Өмірдегі жақсылық, махаббат атаулының негізі де осы аяулы сезім күшінде жатыр деп түсінеді, сезіне біледі.
Қорытынды