Есі?е мені ал?айсы? мекемелер арасында жарыс


Тақырыбы: Есіңе мені алғайсың.
Мақсаты: поэзияда өзіндік із қалдырған ақиық ақын М. Мақатаевтың шығармашылық еңбектерін дамыту,1 жүргізуші:Бүгін менің туған күнім,Ой, бәле ай!Мына адамдар неге жатыр тойламай?!Банкет жасап берер едім өзім - ақ,Тәңірдің бір жарытпай - ақ қойғаны – ай.2 жүргізуші: Мына дүние неге жатыр үндемей,Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.Құшақ – құшақ гүл шоқтарын лақтырып,«Мынау – шапан,Мынау – атың, мін демей»?!1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен қонақтар! Ақ иық ақындарымыздың бірі Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдық мерей тойына арналған «Есіңе мені алғайсың» атты тақырыптағы мекемелер арасындағы сайысымызға қош келдіңіздер!
2 жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға шақыру ауылымыздың 4 мекемесіне берілген болатын. Қатысушыларға қош келдіңіздер дегім келеді.
1 жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға қатысатын сайыскер мекемелерімізбен таныс болыңыздар!
2 жүргізуші: 1. Айгөлек бала бақшасының ұжымы
1 жүргізуші: 2. Ауылдық мәдениет үйінің ұжымы
2 жүргізуші: 3. Құмжарған орта мектебінің ұжымы
1 жүргізуші: Бұл сайысымызды ұйымдастырудағы мақсатымыз: Ауылымыздың мекемелеріндегі талантты жастарды анықтап, мекемелердің беделін көтеріп, шығармашылық қабілеттерін жұртшылыққа жариялап үлгі ету. Мұқағалитанушы тұлғаларды көбейту.
2 жүргізуші: Ендеше Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдық туылған күніне арналған мекемелер арасында ұйымдастырылған «Есіңе мені алғайсың» тақырыбындағы кешімізге бастауға рұқсат етіңіздер!
1 жүргізуші: Сайысымыз төмендегідей шарттардан тұрады:
1. Өздерінің тобын таныстыру.
2. «Көкірегімде жыр сәулесі мазалайды» мәнерлеп оқу (әр адам 1 немесе 2-еуден артық емес)
3. «Есіңе мені алғайсың» ән сайысы
4. Мұқағали поэзиясынан сахналық қойылым.
2 жүргізуші: Олай болса сайысымыздың әділдігін көрсететін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1жүргізуші:Қуат алып Абайдың тіл - күшінен,Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.Абай болып табынсам бір кісіге,Абай болып түңілем бір кісіден,- деп жырлаған Мұқағали Мақатаев биыл 85 жасқа толар еді. Жыл керуені алға жылжыған сайын М. Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде.
2- жүргізуші: Мұқағали Мақатаев 9. 02. 1931 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. 5. 03. 1976 жылы Алматыда дүниеден өтеді. Ақынның өмір жолы мен шығармалары туралы сіздерді, сіздер түгілі біздің мектебіміздегі болашағымызды да хабардар ету өте артық деп ойлаймын.Себебі еңбектеген баладан, қартайған қарттарға дейін артына мол мұра қалдырған Мұқағалиды танымауы мүмкін емес деп ойлаймын.
1 жүргізуші: «Сырым да осы,
Жырым да осы
Алдыңда.
Байқашы бір,
Бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты
Мұқағали Мақатаев бар мұнда»,-деп бір күндік жарық сәуледей өте шыққан қысқа ғұмырында ұлан-ғайыр мұра қалдырып кеткен, қазақ поэзиясының Хантәңірі ,Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық – шынымен бақытты халық.
2 жүргізуші: Олай болса сайысымызды Мұқағалидың өлеңдерімен бастасақ.
1. Ақжан – Туған жер.
2. Жанарыс - Қазақстан
3. Альбина – О,Музаға
4. Аяулым - Біздің көктем
5. Нұрбақыт - Үш бақытым
1 жүргізуші: Келесі кезекте Мұқағалидың өз дауысымен өлеңдеріне кезек берсек.
2 жүргізуші: -О, Мұқа, сезесің бе, сезесің бе,
Еліңді аралап жүр елесің де.
Әндерің шырқалады әр ауылда,
Сөздерің әр қазақтың өресінде.
Халқыңның ақыны боп жаралғансың,
Қарасаз топырағынан нәр алғансың.
Қайтарып, аңыз болып таралғансың – дей келе сайысымыздың 1-ші кезеңіне берейік. Әр топ өздерінің таныстыру бөлімдерімен сахна төріне шығады.
І бөлімі – таныстыру.
1 жүргізуші: Мұқағали бірде : Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,
Аңызыма неге нәр тамызбайын.
Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан тамызбаймын,- деп жырласы,
2 жүргізуші: Бірде:  Қазынам барБіреуге берсем бе екен?Өкпелейді – ау бермесем,Берсем бөтен.Бар байлықты қойныма тығып алып,Әлде мына құмдардай өлсем бе екен?1 жүргізуші: Мұқағали қазынасы - өлең, досы да өлең. Ұлы ақын жөніндегі естеліктерді оқи отырып, бірде қуанасың, бірде мұңаясың. Мұқағали - өмірдің қыр – сырын білген, аса бақытты жан.
2 жүргізуші: Жыр кеңістігі – шексіз, ал сен дарасың,Ғасырыңды жырлап өткен данасың.Табындырып,, сағындырып біздерді.Хантәңірідей биіктеп сен барасың, - деп  Мұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрейік.
1 жүргізуші: Келесі сайысымыз «Көкірегімде жыр сәулесі мазалайды» мәнерлеп оқу бөлімі.
2 жүргізуші: Ақ ұлпа жерді жапқанда,
Ағаштар сырға таққанда.
Бозарып атқан ақ таңда,
Бозарып тұрып ақпанда
Есіңе мені алғайсың,- деп толғанады ақын. 
1 жүргізуші: Келесі кезегімізді «Есіңе мені алғайсың» тақырыбындағы ән сайысына берейік.
2 жүргізуші: Поэзия!Менімен егіз бе едің?Сен мені сезесіңбе, неге іздедім,Алауыртқан таңдардан сені іздедім,Қарауытқан таулардан сені іздедім.Сені іздедім кездескен адамдардан,Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан,Шырақтардан, оттардан, жалаулардан.Сені іздедім жоғалған адамдардан,- дейтін Мұқағали – біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі.
1 жүргізуші: Өйткені ол шынында да алауыртқан таулардан түйсік алатын, бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын. Ол асқар Алатауға кең сарыарқаны қоса құшақтауға құлаш ашқан еді.
2 жүргізуші: Келесі өнерлерін көрсету үшін сайыскерлеріміз Мұқағали туындыларымен сахнаға шығады.
1 жүргізуші: Келесі сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.
1-жүргізуші: Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?
Әр әні толы ғой армандарға
Шерте білген мұңдарын жас қайыңға
Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?
2-жүргізуші: Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар  деп ойлаймыз.
1-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі.
2-жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!
1-жүргізуші: Сонымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған «Есіңе мені алғайсың» атты мекемелер арасындағы сайысымызды аяқтаймыз!
2-жүргізуші: Келесі көріскенше амандықта болайық.