Презентация по казахскому языку на тему М??а?али Ма?атаев Мен таулы?пын
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Мен таулықпын»
Сабақтың мақсаты:
1. Ақынның өмірі, өлеңдерін, өзіндік табиғатын саралай отырып, өзгешелегіне көңіл бөлу. Мәнерлеп оқуға үйрету, өлең мазмұнын ашу, талдау.
2. Отаншылдыққа, туған жерге деген сүйіспеншілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қадір тұтуға тәрбиелеу.
3. Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушыны дайындау.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Мұқағали суреті, бүктеме, бейнетаспа
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Фантазия» өлеңін жатқа, сұрау.
1. Фантазия дегеніміз не?
2. Фантастика дегенді қалай түсінесің?
ІІІ. Ақын туралы білгендерін топтастыру.
ІV. Мақсат қою
Нені білеміз?
Нені меңгереміз?
V. Жаңа сабақ
1. Тербетіліп тауымның аясында,
Өсіппін ғой шыршаның саясында.
Өмірсіз де көңілсіз өкінішті,
Қоймайсың ба, тағдырым, тоясың ба?
Тау менің несібеме, тиіпті ерек,
Үлкендер «Таудай бол» дейтін маған,
Таудай болғым келеді, биік керек.
Ақын тауда өскен, жүрегі таза, сезімі асқақ, жыры мөлдір бұлақ.
|Бейнетаспадан ақынның сүйікті тауы Хантәңірін көрсету|
Ақынның біршоғыр өлеңдері тау тақырыбына арналған. «Хаңтәңірі», «Жігіттер демалайық тауға барып», «Тауда өстім», «Таудай болғым келеді», «Ығысыңдар, әй таулар, ығысыңдар», «Тау бір аңыз», «Түсіме тау кіреді» т. б. Осындай керемет, сыршыл, әсерлі өлеңдерінің бірі – «Мен таулықпын» өлеңі.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. Бір – екі оқушыға мәнерлеп оқыту.
3. Мәтінде кездескен қиын сөздерге, мәтінге талдау жасау.
Ақын тау баласы екендігін шынайы махаббатпен жырлайды.
Тау бір аңыз,
Тау - дастан
Таусылмайтын әу бастан,
Ана жердің төсіне,
Алып сәби жармасқан,- деген сөз өрнегімен шынайы жырлайды.
Ақын табиғаттың әсемдігін жырлай отырып, сол табиғатқа деген өзінің қатынасын білдіреді.
Ығысыңдар,
Ей таулар!
Ығысыңдар.
Орын сайла ортаңнан жұмысым бар,
Ата болып не маған ұрысыңдар,
Адам болып немесе ұғысыңдар - деп, тіпті тауға өтініш айтып, қолқа салады.
(Асысаға тауынан табылған ақын бейнелі мүсіннің суретін оқушыларға көрсету )
6.«Мен таулықпын» өлеңіне талдау жасау \Оқушылар талдау жасап жатқанда ақынның өз даусымен оқылған өлеңін үнтаспада қосып қоямын\
4. Өлеңдегі бейнелі сөздерді дәптерге жазғызу
УІ. Сабақты бекіту:
«Хантәңірі» суреті бойынша шыңға өрмелеу ойынын ойнату.
«Тау баласы» деген тақырыпта ойтолғау жазу.
VІІ. Бағалау
VІІІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау (сурет салу)