?ара?айлы орманны? негізгі т??ым ??раушы т?ріне к?дімгі ?ара?ай мен арша жатады


Қарағайлы орманның негізгі тұқым құраушы түріне кәдімгі қарағай мен арша жатады.. Оның басқа өсімдіктер мен салыстырғанда өсу ортасына, яғни топыраққа, қоятын талабы төмен, ол құмды құрғақ, тау тасты жерлерде тіршілік ете алады, бірақ жарық сүйгіш өсімдік. Сабағының сыртын қалың қатпарлы қыртыс жауып, сыртқы ортаның әр түрлі жағымсыз жағдайларынан сақтап тұрады. Қарағайдың сабағы моноподиалдық жолмен бұтақтанады, биіктігі 40м. Негізгі сабағында шоқтанған бұтақтар пайда болып, жыл сайын буын түзеді. Қарағайдың жасын осы негізгі сабақтағы пайда болған буындардың санына байланысты, яғни төменнен жоғары, санап анықтайды. Жанама бұтақтарындағы қысқарған өркендерде екі екіден қылқандары орналасады. Қылқандар әрбір 3-4 жылда бір рет түсіп, жаңадан пайда болып отырады. Төменде бірінші пайда болған жанама бұтақтар жарықтың нашар түсуіне байланысты қурап, өліп отырады. Қарағайлы орманның топырағының ерекшелігі, топырақтың үстіңгі бетін күзде түскен қылқандар, қураған бұтақтар мен басқа өсімдіктердің жапырақтары, бүрлер қалың төсеніш қабат құрап жауып жатады.
Орманда өскен ағаштардың өте жоғары орналасқан бөрікбасы болады. Олар жоғарыда қосылып жарықты, жылуды, жауын-шашынды жерге түсірмейді. Сондықтан төменгі бұтақтар солып қалады, ал өсетіндері діңдері. Ол ағаштардың бағалылығы және шаруашылық мағынасы мол көрсеткіші.
Орманда өсетін қарағай басқа өсімдіктер мен салыстырғанда өсу ортасына, яғни топыраққа, қоятын талабы төмен, ол құмды құрғақ, тау тасты жерлерде тіршілік ете алады, бірақ жарық сүйгіш өсімдік. Төменде бірінші пайда болған жанама бұтақтар жарықтың нашар түсуіне байланысты қурап, өліп отырады. өте жоғары орналасқан бөрікбасы болады. Орманда өсетін қарағай орналасқан бөрікбасы жоғарыда қосылып жарықты, жылуды, жауын-шашынды жерге түсірмейді. Сондықтан төменгі бұтақтар солып қалады.
Ал ормандағы шырша популяциясының құрамы да әртүрлі болып келеді, Биік өскен шыршалар табиғаттан өз қажетін керегінше алады. Сондықтан олар қартайға дейін саталады.