?ант ?ызылшасы,?ара ?ара?ат к?к?ністерді? пайдасы
17 сабақ 9.01.2015ж 6 « а,ә,б» сынып Биология фак
Сабақтың тақырыбы Қант қызылшасы,қара қарақат
Сабақтың жалпы мақсаты Қант қызылшасы,қара қарақат өсімдіктерінің дәрілік пайдасын түсіндіру
Әдіс-тәсілдер Блум таксономиясы, диалог,жеке жұмыс, топтық жұмыс, «Өрмекшінің торы» әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Нақты жауап» айдары, «Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны, Джиксо
Күтілетін нәтижесі Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағытталады,шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеті артады.Өзіндік ой қорытуға,тұжырым жасауға дағдыланады
Түйінді идея Нақты ойлау арқылы ой қорыту
№ Уа-қыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Дерек көздер, көрнекілік-тер
1 2 мин Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру «Ең жақсы тілек»
Оқушылар плакатқа салынған ағаштың бұтағына өз достарына тілектер жазылған жапырақтар мен алмалар жапсырады. Стикерлер
плакат
2 2 мин Топқа бөлу
«Мен сенің бойыңнан мына қасиеттерді көргім келеді...» (тапқырлық, білімділілер, алғырлар,белсенділер) тренингі арқылы топқа бөлемін.
(оқушылар мұғалімнің қолындағы адамның әр түрлі қасиеттері жазылған парақшаларды суыру арқылы топқа бөлінеді, қасиеттері бірдей оқушылар бір топқа жайғасады)
Топқа бөлінеді, топ ережелерін бекітеді. парақшалар
4 5 мин Жаңа сабақтың ашылуы
І.Білу. «Миға шабуыл» әдісі
1. Балалар сендер қант қызылшасы,қара қарақат деген өсімдіктердің қандай пайдасын білесіңдер?
Оқушылар өздерінің түсініктері бойынша менталді карта жасайды Плакаттар,
маркерлер
Слайд
5 10 мин ІІ. Түсіну. Джиксо
Күнделікті тұрмыста жиі пайдаланылатын көкөністер мен жемістердің пайдасы мен зияны, тарихы мен шығу тегі туралы әңгімелеуді жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз – қарақат болмақшы.Бала кезіңізде жемістері өте ұсақ, дөңгелек келетін жидектерді көріп: "Әке, мынау не нәрсе?" деп сұрағаныңыз есіңізде ме? Сонда әкеңіз: "Балам, бұл "қара қарақат" деп жауап беріп еді ғой. Аң-таң болдыңыз да: "Неге оның түсі қызыл?" -дедіңіз. Естіген жауабыңыз:"Бұл әлі піспегендіктен қызыл болып тұр..."Көпшілігіміздің қара қарақат туралы ең алғашқы ұғымымыз осылайша қалыптасты. Бүгін танымымызды арттыру мақсатында қарақаттың қасиеттерін толық ашуға тырысып көрелік. Дәстүр бойынша, ең алдымен тарих беттерін парақтайтын боламыз. Оқушылар топ болып тақырыпты оқиды, өз пікірлерін айтады. Биология туралы білімдерінің қай дәрежеде екенін көрсетеді. Слайд
6. 8 мин ІІІ. Қолдану.
Қарақаттың құрамында B, P, K, E, A дәрумендері, 7—11% қант (4% органикалық қышқыл), 0,68—1,02% пектиндік зат, фосфор қышқылы, калий тұзы, темір, ал жапырағында марганец, мырыш, магний, күкірт, қорғасын, күміс және бәрімізге аса қажетті С дәрумен бар. Ұрығында 16,5 процентке дейін май болады.
Медицинада қарақаттан жасалған қоймалжың тұнбамен асқазан-ішек жолдарының ауруларын, асқазан сөлінің кеміп кетуін, альцгеймера және диабет, атеросклероз, тыныс жолдары ауруларын емдейді. Қарақаттың көздің көруін жақсартатын тамаша қасиеті бар. Жемісті немесе шырынын, йогурттарды жиі қорек етуге тырысыңыз.
Суықтан тұмау тиіп, тыныс жолдарының жұмыс қабілеті төмендеп кеткен жағдайда 2 ас қасық қарақат жемісін 300 г қайнап тұрған суға салып, тағы да 10 минут ақырын қайнатады. Жарты сағат бұқтырады. Осыны астан 15-20 минут бұрын, әр жолы 2 ас қасықтан күніне үш мезгілден ішеді.
Бүйрек ауырып, зәр жүрмей қалған кезде бір ас қасық қарақат жапырағын 300 г қайнап тұрған суға салып, 30 минут бұқтырады. Осыдан ас алдында жарты стақаннан ішеді.
Қант қызылшасы.
Қанды көбейту, қақырықты босату, сіңірлерді бекемдеу, денені қуаттандыру үшін пайдаланады.
Көк бауыр ауырғанға: қант қызылшасын сірке суымен, қышамен араластырып ішкізсе, көк бауырда-ғы бөгеттерді ашады.
Бір жақ шеке ауырғанда, қол – аяқтың қалтырауына: қант қызылшасының суық балмен араластырып мұрынға тақса, ауру белгілері жеңілдейді.
Құлақ ауырғанға: қант қызылшасы жапырағының суын сығып алып, балмен қосып қайнатып, жылы күйінде құлаққа тамызады.
Шаштағы битті жоюға, қайызғақты кетіруге: жапырағының суымен шашты жуады.
Іш кернесіне: қант қызылшасын қыша сірке суымен қосып қайнатып ішсе, ауырғанды басады.
Адам ағзасындағы түрлі қоқыс – қалдықтарды, артық тұздарды қуады.
Қызылша тұнбасы сәбіз, қияр шырыны қосылып әзірленеді.
Еркектердің жыныс безін зиянды элементтерден артылту үшін күніне бір мезгіл таңертеңгі астың алдында не соңынан жарты стақан қызылша шырынын ішу қажет Жұптасып, топтасып жұмыс істейді, әр оқушы өз ойларын қосады, бірігіп атқарған жұмыс нәтижесін бір оқушы көрсетеді
. тірек сызба
7 2 мин Сергіту сәті
«Кел, билейік!» Оқушылар бейнероликтегі би қимылдарын музыка ырғағымен жасайды Интербелсенді тақтадан бейнеролик көрсету
8 5 мин ІV. Талдау
Оқушылармен бірге сабақты талдау.
Есіңізде болсын, ағзаңызды кальциймен қамтамасыз ету үшін 20 дана қарақат жеу жеткілікті. Пайдасы осы екен деп артық мөлшерде жей берудің арты жақсылыққа апарып соқтырмайды. Әр топ өз ойларын айтады.
Суреттер
Слайд
9 5 мин V. Жинақтау
«Нақты жауап» айдары:
Өсімдіктер туралы түйінді идея.
«Өрмекшінің торы» әдісі бойынша қорытынды жасау Оқушылар «Өрмекшінің торы» әдісі бойынша өз ойларын жинақтайды
Әр топ бір-бір сөйлемнен өз идеяларын айтады. Тоқыма жіп
9. 3 мин VІ. Бағалау
1.Бүгінгі сабақ сендерге түсінікті ме?
2.Түсінбеген, сендерге қиындық тудырған сұрақтар бар ма?
Блум таксономиясы бойынша бағалау парақшасын үлестіру.
Оқушылар смайликтерді көтеру арқылы бүгінгі сабақты бағалайды
-мен көп нәрсені үйрендім
- мен аз нәрсе үйрендім
-мен ештеңе үйренбедім
Бағалау шкаласы
«5»-12-15 ұпай
«4»- 9-12 ұпай
«3»-5-8 ұпай
10. 2 мин «Не үйрендім?, Не үйренгім келеді?» кері байланыс жасау
Үйге тапсырма
Тақырыпты оқу қосымша биология ғылымдарын тауып келу
Күнделігіні жазып алады