?дебиеттік о?у п?нінен саба? жоспары 2 сынып ?айырымды бала
Сабақтың тақырыбы: « Қайырымды бала»
Кетеван Челашвили./грузин жазушысы/
Аударған Гүлбаршын Әзімбаева
Сабақтың мақсаты.
Оқушыларға мәтінді оқыта отырып, қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Жақсылық жасаудың адами қарым – қатынастағы мәнділігін түсіндіру.Жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту. Қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.Оқушылардың бойына қайырымдылық нұрын құю. Айналасындағыларға жақсылық жасай білуге үйрету.Тақырыпқа байланысты сұрақтар мен тапсырмаларды орындату арқылы есте сақтау,байланыстырып сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.Оқу білімге,ізденімпаздылыққа,еңбекқорлыққа баулу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: слайд ,үнтаспа,моторлы қайық суреті,жүрекше
Ауызша сабақ – 1 картасы
Психологиялық дайындық Амандасу реті
Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі.
Балалар біздің бүгінгі сабағымыз БИС технологиясы бойынша Ауызша -1 картасымен өтпек.Өткен сабақ,жаңа сабақ сіздерден сұрақ-жауап түрінде алынады.Жауаптарыңызды матрицаға белгілеймін.Дұрыс жауап болса + , дұрыс емес болса - белгісімен белгілеймін.Балалар сабаққа белсене қатысып,білімдерімізді ортаға салып,ұжысшылдықпен көрсете білейік.Барлығыңызға сәттілік тілеймін.
Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі.
Үй тапсырмасы бойынша қарама-қарсы сұрақтар:
Әжесін қайсысы жақсы көреді мәтініндегі балалар кімдер?
Қанат әжесін жақсы көретінін қандай қылықпен көрсетті?/құшақтап алды/
Болат әжесін жақсы көретінін қандай қылықпен көрсетті?/жанына кеп отырды/
Жедел жәрдемді кім шақырды?
Жедел жәрдемге байланысты телефон нөмірін ата?103
Дәрігер «ақылды бала» екенсің деген мақтау сөзді кімге айтты?
Өрт сөндіру қызметінің телефон нөмірін ата?101
Келген дәрігерлер не істеді?
Қазақта әже қандай туыс?
Дәрігердің сөзі балалардың қайсысына мақтаныш сезім ұялатады?
Әжесі қысылып қалған кездегі Болаттың әрекеті?
Полиция қызметінің телефон нөмірін ата?102
Дәрігер балаларға қандай сұрақ қойды?
Газ апатына байланысты қызметтің телефон нөмірін ата?104
«Әжесін қайсысы жақсы көреді» мәтінінің авторы кім?
Дәрігер Болатқа қандай мақтау сөз айтты?
Әжесі қысылып қалған кездегі Қанаттың әрекеті?
Сен әжеңді қалай жақсы көресің?
Мәтіндегі оқиға белгілі бір адамдардың қатысуымен өтеді.Ол адамдарды кім деп атайды?
Ертегі,мысалдардағы кейіпкерлерді қандай топтарға бөлеміз?
Әжесі есін жиғаннан кейін не істеді?
«Әжесін қайсысы жақсы көреді» мәтініндегі басты кейіпкерлер кімдер?
Қанат пен Болат әжесіне кім болады?
Күтпеген оқиғаға тап болсаң,қандай әрекет жасар едің?
Бұл оқиғадан өзің үшін қандай қорытынды жасадың?
-Балалар,үй тапсырмасы бойынша жақсы түсінген екенсіздер,көпшілігіңіз дұрыс жауап бердіңіздер,тек...
Cлайдқа назар аудару.
Мақал: Жамандық пайда етпейді,
Жақсылық зая кетпейді./2-3баладан сұрау/
Жаңа сабаққа қысқаша мәлімет беріп өту.
******Балалар,бүгінгі сабағымызда адамдарға,айналаға,жақсылық жасау,қайырымдылық пен қамқорлық жасау, көмек көрсету туралы айтамыз..Адамдардың бір – біріне жиі жақсылық жасауы, оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір – біріне деген сыйластығы артады. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : «Қайырымды бала» .Негізі бұл мәтінді грузин жазушысы Кетеван Челашвили жазған,ал қазақшаға аударған Гүлбаршын Әзімбаева.Мәтінде.........
Тірек сөздер: қайық,сыйлық,Нодар,Гиви,дос,бас тартты.
/Тірек сөздерге түсінік беру,сөздікке тоқталу./ 2 мин
Сөздікпен жұмыс: Бас тартты-алмады
Тірек сөздерді есте сақтау 1 мин
есте сақтағандарын жазу 1 мин.
/Көршілерімен алмастырып,санау./ 6-7 сөз болса, +; 5 төмен болса -
/7 сөз жазған 2-3оқушыға оқыту, қалып қойған сөздерін жазып алу/
Мәтінмен жұмыс. /3 мин/
-Балалар,мәтінді жақсылап мұқият зейін қойып оқып шығыңыздар,қарама-қарсы сұрақтар қойылады,басты-басты керекті жерлерін өздеріңізге түртіп қойыңыздар.
Қарама-қарсы сұрақтар
Мәтін қалай аталады?
Әкесі Нодарға қандай сыйлық әкелді?
Ойыншыққа қуанған балалар қалай ойнады?
Нодар дос көңілімен Гивиге қандай ұсыныс айтты?
Сыйлықты көргендегі Нодардың әрекеті?
Бас тартты сөзінің мағынасы?
Нодардың ұсынысына Гиви қалай жауап қайтарды?
Достық тақырыбына мақал айтыңыз?
Қуанышын жасыра алмаған Нодар қайда, кімге барды?
Кетеван Челашвили қай елдің жазушысы?
Ақыры ойыншық кімге қалды?
Нодар қайырымдылықты кімнің ақылымен жасады?
Баласының жақсы қылығын көрген әкенің көңіл күйін жазушы қалай суреттеген?
Гиви нені армандады?
Нодар қандай ойын айтпай қалды?
Мәтінді грузин тілінен қазақшаға аударған кім?
Егер сен жап-жаңа ойыншығыңды қиып досыңа берер ме едің?
Қуанған Нодар не деп айқайлап жіберді?
Нодар екінші қайықты сатып алуды әкесінен неліктен ақырын сұрады?
Маторлы қайыққа қандай ат қояр едің?
Әкесі Нодардың сұрағына не деп жауап берді?
Мәтіндегі басты кейіпкерлер кімдер?
Нодар ойыншықты кімге бергенін айтты?
Қайырымдылық туралы мақал білесің бе?
Егер Нодар өз ойындағысын айтып қалғанда не болар еді?
-Балалар бүгінгі сабақты жақсы түсінген екенсіңдер, бірнешеуің бестік бағасын алдыңыздар.
Сергіту сәті.Қызыл өрік
Осы мәтін бойынша сын тұрғысынан сұрақтар /бұл сұраққа «иә немесе жоқ» деп жауап бересіздер,себебін айтасыздар/
Нодар ойындағысын айтып қалды. –
Әкесі баласына тағыда да әперем деп уәде берді+
Әкесі әкелген жаңа ойыншықпен Нодар бір өзі ойнады?-
Гиви ойыншықты бірден алып алды --
Ойыншықты өзен суына жібере қойды? --
Әкең сағанда сатып әпереді деді Нодар –
Қайық көлік түріне жатады +
Бөлмеге кіре Нодар әкесінің мойнына асылды +
Нодар әкесінің айтуымен досына қайырымдылық жасады --
Гиви үнсіз басын шайқады +
Нодардың ісіне әкесі риза болмады-
Мәтінді грузин тілінен аударған Кетеван Челашвили –
Әкесі Нодарға жаңа ойыншық сатып әкелді? +
Нодар қуанышымен ешкіммен бөліспеді? –
Нодар әкесінің сыйлығына қатты қуанды +
Әкесі екі ойыншықтың не керегі бар, сол ойыншықпен ойна деді --
Нодар қайырымдылықты өз ақылымен жасады +
Гиви жаңа ойыншыққа қызығып, маған берші деп өтініп сұрады –
Кетеван Челашвили қазақтан шыққан аудармашы –
Нодар ақылды,қайырымды бал +
Әкесі баласының қылығына ұрысты –
Гиви,мына қайық сенікі болсын деді Нодар +
Менде де қайық болғанда ғо,екеуміз жарыстырар едік деп армандады Гиви. +
Маторлы қайық әуе көлігі –
Нодар мен Гивидің достығын адал достыққа жатқызуға бола ма? +
Бүгінгі саббаққа жақсы түсінген екенсіздер.Сұрақтарға жақсы жауап бердіңіздер.
4/ ООМ бойынша жұмыс
Тақырыптық сөздік қор. ТСҚ /31/ 5 мин /А. Еңсеповтың Хафиз күйін жіберу/
Мәтін бойынша өз түсінгендеріңізді немесе өздеріңіздің жақсылық жасаған сәттеріңізді еске түсіріп, сол туралы шағын эссе жазу.30-31 +
/3 қатардан 3 оқушыға оқыту/
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Бағалау.
Үйге тапсырма 4-тік, 3-тік алған оқушылар мәтінді оқып келесіздер,қайықтың суретін салу.
Видео «Қарлығаш» моторлы қайығы БҚО /2010 дағы түсірілім/
Өлең Жақсылық жерде қалмайды Е.Бағай Жақынды, досты аяла, Қанатың сонда талмайды. Барыңды жұрттан аяма, Жақсылық жерде қалмайды. Жайдары жүзбен жарқыра, Қатыгез болсаң – сол қайғы. Қайырымды бол халқыңа, Жақсылық жерде қалмайды.
«Мейірімді жүрек» атты ойын -Оқушылар алдарыңыздағы жүрекше үлгісіне өз тілектеріңізді жазып келген қонақтарға сыйға тартайық.
№19 орта жалпы білім беретін мектеп
Бекітемін: ________________
Тақырыбы: « Қайырымды бала »
Әдебиеттік оқу
(«Биоақпараттандыру және синергетика» технологиясы, ауызша сабақ – 1 картасы) /Жас ұстаздарға арналған қалалық семинар/
Өткізген: Халенова А.Ө.
(бастауыш сынып мұғалімі)
Орал-2014ж