Бастауыш сыныптарда ?ткізілген сыныптан тыс іс-шара ?ылым таппай ма?танба…


Ғылым таппай мақтанба...
(интеллектуалды ойын)
Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.Ой-өрісін,тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, үлестірмелі парақшалар, сызба, сандар.
Түрі: интеллектуалды ойын.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін апталықтың 6 күні мен сіздермен «Ғылым таппай мақтанба...» атты интеллектуалды ойын өткізгелі отырмын.Бұл ойынға бастауыш сыныптың барлық оқушылары қатысады.Абай атамыз айтпақшы:
Ғылым таппай мақтанба
Орын таппай баптанба
Ойнап босқа күлуге
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол
Адам болам десеңіз! –деп ғылым мен білімнің орны ерекше екенін бәрімізде білеміз.Сондықтан құрметті оқушылар сендердің қазіргі міндеттерің тек білім алып, ғылымның терең сырларын ұғыну.Алған білімдеріңді өмірде пайдалана білу.Сондықтан бүгінгі жарысты бастамас бұрын сендерді 3 топқа бөліп отырғыздым. Олай болса алдарыңдағы берілген әріптерді құрастырып, топ аттарыңды шығарыңдар.
1-топ Жігер
2-топ Болашақ
3-топ Дарын
Олай болса қазір мен сендерді сайыстың ережелерімен таныстырып өтейін.
1/ Топта бір-бірімізбен ақылдасып шешеміз!
2/Жарысып, дауласпаймыз!
3/Өз ойымызды еркін жеткіземіз!
4/Сұраққа толық, әрі ойласып жауап береміз!
5/Басқа топтарды шуламай тыңдаймыз!
Енді сайыстың бөлімдермен таныс болыңдар.
1.Сөз тапқанға қолқа жоқ. /қызықты сұрақтар өмірмен байланысты/
2.Жеті жұрттың тілін біл / орыс, ағылшын тілдеріне аудару/
3.Тұлғаны танимызба?/суреттерді ажырату/
4.Сандар сыры /берілген сандарды еліміздің атаулы мерекелік күндерін анықтау
5.Қиял әлемі /жасырылған сөздерді мимикамен көрсету /
Олай болса сайысымызды бастайық.
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
-деп сайысымыздың 1-бөлімін бастаймыз.
Бірінші бөлім «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталады.Бұл бөлімде әр топқа 6 сұрақтан беремін.Сұраққа тез-тез жауап беру керек.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
1-топ Жігерге
1.Қар қашан жауады? /қыста/
2.Бүгін кімнің туған күні? /ешкімнің/
3.Жаздың келетіні неден белгілі? /көктем біткеннен соң/
4.Алдар көсені үйге кіргізесің бе? /алдар көсе жоқ/
5.Барар жеріңе қалай жетесің? /жаяу/
6.Қай мемлекетте тұрасың? /Қазақстан/
2-топ Болашаққа
1.Отбасыңда нешінші баласың ?
2.Әкеңнің анасы кім болады? /әже/
3.Қар жана ма? /жоқ/
4.Ұйқыдан нешеде тұрасың?
5.Сынып жетекшіңнің аты-жөні? /
6.Оқи берсең кім боласың? /ғалым/
3-топқа
1.Қазақ ертегілері қалай басталады? /ерте-ерте ертеде/
2.Қалада жүргенде қайда қарап мұқият жүру керек?
3. Отбасыңда неше адам?
4.Дүкенге барғанда не апарасың? /ақша, пакет/
5.Әнші болғың келеме? /
6.Жаздан кейін қандай жыл мезгілі болады? /күз/
Жақсы оқушылар көп-көп рахмет жауаптарыңа. Олай болса екінші бөлімізді бастайық. Екінші бөлім «Жеті жұрттың тілін біл» деп аталады.Бұл бөлімде алдарыңа сурет беремін. Сол суретте не бинеленгенін тауып, оны орыс тілінде және ағылшын тілінде айтап аударасыңдар.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан егер 3-де дұрыс тапсаңдар 3 ұпай беріледі.
Суреттер: алма, үй, жұмыртқа, ит, гүл, кітап, әже, ата, балық, қалам, ұя, жұлдыз, стакан, кровать, батпырауық, доп, сан, апельсин.
Жарайсыңдар балалар.Білімдеріңді сынадық.Тамаша! Енді келесі бөлімге өтейік.
3-бөлім «Тұлғаны танимыз ба?» деп аталады.Алдарыңа бірнеше адамдардың суретін беремін.Суретте кім екенін ол адамға қатысты білетін мәліметтеріңді айтасыңдар.
1-топқа Абай Құнанбаев, Қайрат Нұртас.
2-топқа Ыбырай Алтынсарин, Төреғали Төрәлі,
3-топқа Ахмет Байтұрсынов, Мейрамбек Беспаев
4-ші бөлім
«Сандар сыры» деп аталады. Бұл бөлімде мен сендерге сандар беремін.Сол сандардың елімізде қандай мереке болып аталатынын айтыасыңдар және оларға сипаттама бересіңдер.
1-топқа.
16; 8; Бұнда 16 желтоқсан, 8наурыз.
2-топқа
22; 1;Бұнда 22-наурыз, 1 желтоқсан, 1қыркүйек, 1мамыр, 1маусым.
3-топқа
9; 30; Бұнда 9 мамыр. 30тамыз.
5-ші бөлім.
«Қиял әлемі» деп аталады.Бұл бөлімде әр топтан оқушылар шығып, қорапшадан сөздер алады.Сол сөздерде не жазылғанын қалған оқушыларға қимылмен көрсетеді.Келесі топтың оқушылары табу керек.
Құрметті оқушылар ойын болған соң жеңіс болады, жеңіліс болады.Олай болса бүгінгі ойынның жеңімпаздарын анықтайық
Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Бастауышта оқиды,
Ойға білім тоқиды
Бұлар бізден жалындар
Ертеңгі ірі ғалымдар
Алдыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар
Қиындыққа мойымай
Аман – есен болыңдар. –деп бүгінгі интеллектуалды ойынымызды аяқтаймын.