Математика 1 сынып Та?ырыбы: Білімді тияна?тау
Математика 1 сыныпСабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау.
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың 10 көлеміндегі сандарды кестелік қосу, азайту, санды және әріпті
өрнектер жайында алған білімдерін жинақтау,қайталау есептерін шығарту.
Дамытушылығы: Логикалық ойлауын, есте сақтауын, зейінін,есептеу дағдыларын арттыру,
сөздік қорларын молайту, топпен жұмыстануға баулу.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мультимедия, бетшелер, парақшалар, фигуралар.
Әдісі: ойын сабақ
Түрі: тиянақтау, жинақтау
Типі: бекіту.
Жүру барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ.Психологиялық дайындық
Бір,екі,үш
Сынып іші тып- тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз.
Сабақты біз бастаймыз.
ІІІ. Жаңа сабақта:
1.Топтарға бөліну: І топ: «Тапқырлар»
ІІ топ: «Білгірлер»
ІІІ топ: «Алғырлар»
2. Математика ғылымы жайында тақпақтар айту.
1. Сонау-сонау алысқа жүзу үшін кемелер,
Тылсым сырлы ғарышқа ұшсын десең денелер.
Жасау үшін барлығын,ең маңызды ғылым бұл
Сондықтан да математика тілін біл!
2. Жүзген кеме тұманда неге адасып кетпейді?
Немесе ол бір маңда неге төмен шөкпейді?
Оны сақтап қалатын ең маңызды ғылым бұл
Сондықтан да математика тілін біл!
3. Болам десең теңізші,не ұшқышты қаласаң
Дәрігерлік те жаксы ғой, қызметке жарасаң.
Білу үшін барлығын ең маңызды ғылым бұл
Сондықтан да математика тілін біл!
3. Сабақтың дәйексөзі:
« Уақытыңды қызықты өткізгің келсе, математикамен шұғылдан».
ІҮ. «Ой шақыру» стратегиясы.
Лезде жауап:
Екі қолыңдағы саусақ нешеу?
Мектептегі 45 минут?
Бір жылда неше ай бар?
Бір жыл мезгілінде неше ай бар?
Қазір жылдың нешінші айы?
Дөңгелектің неше бұрышы бар?
1 аптада неше күн бар?
2 адамда неше көз бар?
Шаршының неше қабырғасы бар?
2 мысықта неше құйрық бар?
3 тауықтың аяғы нешеу?
Біздің сыныпта терезе нешеу?
2 күшікте неше аяқ бар?
1 сиырдың мүйізі нешеу?
Дәптер,кітап, қарындашты не дейді?
2 мен 2- нің қосындысы неше?
Үшбұрышта неше бұрыш бар?
Сыныпта неше оқушы бар?
Ү. Топпен жұмыс «Ойлан, тап!» ойыны
Санды өрнектер мен әріпті өрнектерді 2 бағанға жинақтау.
а+1 3+а 3+3 5-1 8-а
а-2 8+2 4-2 а+1
10-а 10-3 а+1 3-а 5+3
ҮІ. Оқулықпен жұмыс
№ 2 тапсырма
3-а айырмасының мәнін тап.
а = 3, 2, 1, 0 деп алып есептеу. а = 4 болуы мүмкін бе?
№ 3 тапсырма
Есептерді оқыту, салыстыру, есепті шығарту.
Айболитке емделуге 10 аң келді. Ол олардың 4 – еуін емдеді. Тағы неше аңды емдеуі керек?
Шарты: Шешуі:
Келді – 10 аң 10-6=4
Емдеді – 4 Жауабы: 6 аңды емдеуі керек.
Емдеуі керек-?
ҮІІ. Санамақ айту
Дөңгелекке ұқсайды,
Доп сияқты ұшпайды.
Досым нөлді О дейді,
Десем бұл «нөл» ұқпайды.
Біздің үйде бір тауық
Бір жұмыртқа жүр тауып.
Бір сиыр бар қорада
Бәтіш тәтем жүр сауып.
Екі аяқпен жүремін,
Екі көзбен көремін.
Екі қолым бар менің
Екеу құлақ білемін.
Үйімде бар үш қалам,
Үшеуін де ұштағам.
Үш досымды салдым мен
Үш балыққа ұқсаған.
Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да.
Тауыса алмай бидайды
Төрт тышқан жүр қамбада.
«Бестік» деген бағаны,
Бақыт күнде алады.
Бәрі жақсы көреді.
Беске оқыған баланы.
«Алақай!» дер келді күн,
Алтыдамын мен бүгін.
Алты жасқа келмекші,
Алғы аптада енді кім?
Жеті саны киелі,
Жұрттың бәрі біледі.
Жеті жасқа жеткендер
Жығылмай-ақ жүреді.
Сен де, мен де баламыз,
Сегіз санын саламыз.
Сегіз деген екі төрт,
Сегіз жаста ағамыз.
Тоғыз жасқа келгенім,
Тоғыз жылды көргенім.
Тоғыз жаста тәнті еткен,
Талабымды көр менің!
Он жыл, он жас- он деген,
Он жас кіші ол менен.
Онды жаза аламыз,
Он тұрған бір нөлменен.
ҮІІІ. Ойын: « Кім жүйрік?»
І топ ІІ топ ІІІ топ
2+2 1+3 4+4
5-2 4-2 8-5
6+2 8+2 9+1
7-4 10-4 10-8
6+3 5+3 7+3
10-6 10-7 6-4
ҮІІІ. Шығармашылық тапсырма:
Есеп құрастыр және шығар.
Оқушылардың алдына: І топқа 2 ыдыс және 7 кәмпит,
ІІ топқа 2 қуыршақ пен 4 машина,
ІІІ топқа жеміс салатын ыдыс пен 3 алма және 2 апельсин
беремін де, осы заттарға қатысты есеп ойлау тапсырылады.
І топ ІІ топ ІІІ топ
1 ыдыста -? Қуыршақ - ? Алма - ?
2 ыдыста - ? Машина - ? Апельсин - ?
ІХ. Тапқыр болсаң,тауып көр! (жұмбақ есептер)
І топ
1.Үйге кірді Алдияр
Оған қоса Мадияр
Кейін келді Айдана
Қанша болды бар бала?
2.Тауық шықты көшеге
Ерді барлық шөже де
Алға кетті жетеуі
Артта қалды үшеуі
Санай алмай барлығын
Есі шықты тауықтың
Сен есепте,балақан
Қанша болды балапан?
ІІ топ
1.Жан-жаққа кетті зымырап
Мысықтан қорыққан тышқандар
Қорапқа кірді біреуі.
Соңынан кетті екеуі.
Тығылды сонда нешеуі?
2.Шығармақ боп кеше есеп,
Жиналғанда 5 есек
Үшеуі ұйықтап отырды
Ынталысы неше есек?
ІІІ топ
1.Аулада бес үйрек
Қорада үш үйрек
Бір үйрек тығылды
Бір үйрек жығылды
Қалғаны неше үйрек?
2.Табақта бес алма
Қолымда үш алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма?
Х. Сергіту сәті.
ХІ. «Қызықты фигуралар»
Шаршы, дөңгелек,үшбұрыш, төртбұрышты пайдаланып қандай да бір зат пішінін құрастыру.
ХІІ.Тестімен жұмыс
№ Тапсырма мазмұны Жауаптары
1 5+4 өрнегі қалай аталады ? а) санды өрнек
ә) әріпті өрнек
б) Теңдік
2 Сурет бойынша есеп құрастыр және шығар:
а) 5+3 = 8
ә) 6+3 = 9
б) 4+3 = 7
3 9-4 =5 теңдігіндегі 9 қалай аталады? а) азайғыш
ә) азайтқыш
б) айырма
4 2+7=9 теңдігіндегі 2 қалай аталады а) қосылғыш
ә) қосынды
б) айырма
5 Өрнектерді салыстырып тиісті таңбаны қой:
7-5 * 8-6 а) =
ә) <
б) >
ХІІІ.Айырмашылығын тап тапсырмасы.
ХІҮ. Сабақты қорытындылау.
ХҮ. Мадақтау.
Бұл сабақта оқушылар 10 көлеміндегі сандарды кестелік қосу, азайту, санды және әріпті
Өрнектерді жайында алған білімдерін жинақтайды.