хор додасы сыныптан тыс шара бастауыш сынып
Тақырыбы: «Хор додасы»
Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. Барысы:1 - жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған бастауыш сыныптар арасындағы «Хор додасы» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев атамыздай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Кадыргалиева Алтын Амангелдіқызына беріледі.
Додамыздың аділ қазыларымен таныс болыңыздар:
1.Мектеп психологі: Усербаева Марал Тілегенқызы
2.Бастауыш сынып мұғалімі: Жантылеуова Айллазат Амангелдыкызы
3.Ата- ана.2 - жүргізуші:Армандарды жақындатып тым алыс,Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.Егемендік - ел бақыты, ертеңі,О, халайық! Құтты болсын қуаныш!Азат өлкем күндей күлген шығыстан,Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.Ата бабам аңсап өткен бақытым,Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!- дей келе бастауыш сыныптар арасында өткізілейін деп тұрған сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.1- Жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім меніңТаулы орман, жасыл жайлау көлім меніңБүгінде бар әлемге даңқың жеттіТәуелсіз Қазақстан – елім меніңӘн «Туған жер» орындайтын мектепалды даярлық тобы.2 - жүргізуші:Бақытым - Республикам Қазақстан,Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.Саған жетпес құшағы әлемнің де,Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.Алдарыңызда 1 а сынып оқушыларының орындауында ән « Нұр Отан»1 - жүргізуші:Қазақ дейтін менің бар елім,Жатыр алып жарты дүние әлемін.Бұл даланы анам жаспен суарған,Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,Өкініш пе, білмеймін қуаныш паӨз - өзінен жүрегім ән салады.2 а сынып оқушыларының орындауында ән «Егемен ел - Қазақстан»2-жүргізуші: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 125 - тен аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.Қазақпын, еңселі елмін егеменді,Кеңейттім кең әлемге керегемді.Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттарТаныды тепе - тең деп тереземді.Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.Ән: «Ел қорғауға әзірміз!» орындайтын 2 г сынып оқушылары.1 - жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достықҰлы достықНұрлы достықКүн достықДостық деген қасиетті ұранғаКең даланың жүрегі де үн қосты – дей келе ән «Туған жер» орындайтын 3 а сынып оқушылары.2 - жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,Болашағым, өнер - білім, өркенім.Бейбіт өмір тілеймін мен халқымаТуған тілім шұбарланба жарқыраТарихымызда таланттылар көбейсінБас иемін ата баба рухына.Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырапСол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрапТілейтінім барша жұртқа бір ғанаЫрыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.Ән: «Туған жер» орындайтын 3 ә сынып оқушылары.
2- жүргізуші:Кең байтақ, көз жетпейтін жерім меніңТаулы орман, жасыл жайлау көлім меніңБүгінде бар әлемге даңқың жеттіТәуелсіз Қазақстан – елім менің
Ән «Атамекен» орындайтын 4 а сынып оқушылары.1 - жүргізуші:Ту тігілді халқымның бүгін бағынаЖас өрендер желбіретіп нық ұстаҒасырларға жалғастырып елдіктіДақ түсірме ата баба рухынаҮлгі бізге аталардың ерлігіҰлағаты өнегесі еңбегіТәуелсіздік туын ұстап жоғарыБүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі- дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің25 жылдығына арналған «Хор додасы» атты сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Енді қазылар алқасы жеңімпаз топтарды анықтағанша барлығымыз «Көк тудың желбірегені» атты өлеңді шырқап жіберейік.Қазақ елім!Туды жастық дәуірің.Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,Туған күнің құтты болсын, алыбым!Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
АНЫҚТАМА № ......
Сынып: мад топтары,1 – 4 сыныптар
Күні: 13.12.16
Сыныптан тыс шара: «Хор додасы» сайыс
Сыныптан шараның мақсаты:
Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Өтілу барысы:
Тәуелсіздіктің 25 жылдығын құттықтап, бүгінгі сайыстың шартымен, әділқазыдарымен таныстырылды. Сайысқа 8 сынып қатысты. Әр сынып өздерінің әндерін шырқады.
Сайыстың қортындысы бойынша:
Бас жүлде иемденген 3 «а» сыныбы
1 орынды иемденген Мад «ә» тобы
2 орынды иемденген 3 «ә» сыныбы
3 орынды иемденген 1 «а» сыныбы
Қалған сыныптарға «Алғыс хаттар» табыс етілді.
Оқушылардың тәрбие сағатынан алған әсері:
Оқушылар сайысқа белсене қатысты. Сайыстан қуанышты, көңілді күйде шықты.
Өткізген: М.Ж.Сабитова
«Ақсай қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Хор додасы»
(патриоттық әндер сайысы)
Сынып: 1-4 сынып
Өткізген: М.Ж.Сабитова
Ақсай 2016 жыл