Сыныптан тыс саба? Білімні? іргетасы – бастауыш мектеп (бастауыш сынып апталы?ыны? ашылуы).


Күні: 11.04.2016
Тақырыбы: Білімнің іргетасы – бастауыш мектеп (бастауыш сынып апталығының ашылуы).
Мақсаты:
Білімділік: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сездіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру;
Дамытушылық: Бастауыш сынып балаларының оқу барысында алған білім дерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өзін - өзі басқару мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі емес
Көрнекіліктері: суреттер, шарлар, сурет көрмесі, қанатты сөздер.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушыларды салтанатты кешке тұрғызу.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Білімнің сара жолы мектептен басталады, ал білімнің алғаш есігін ашатын кілті – бастауыш екенін барлығымыз білеміз. Ең алғаш әріп танып, оқуға,санауға, есептеуге үйреніп, білімге деген құмарлығымызды бастауыштан бастаймыз. - Бүгін, біз 11 - ақпан мен 16 пен аралығында өтетін «Білімнің іргетасы - бастауыш мектеп» атты бастауыш сынып әдіс бірлестігінің апталық іс - шарасын ашқалы отырмыз.Бастауыш сынып әдіс бірлестігінің онкүндік жұмыс жоспарымен таныстырып өтейін:
Жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына, Шығыңдар білім шыңына. Ұқыптылық пен зеректік Жеткізер білім шыңына. Бастауыштан қанасың, Білімнің нәрлі сырына
1 - оқушы: Бастауышым - бастамам, Білім жолын бастаған. Білім шыңы биікте, Белді бу жас данам.
2-оқушы: Мектеп - кеме, білім - теңіз, Барар жерге тез жетеміз. Адаспаймыз ұлы жолда, Ұстаз берген білім қолда.
3 - оқушы: Бастауышым - бал бұлағым Лаулап жансын шам-шырағың Өзің берген біліміңмен Самғап ұшты тау қыраның4 - оқушы: Бастауышым - балбұлағым, Алдым сенен балдың дәмін. Әріп танып, білім алып, Рахметімді жаудырамын.
5 - оқушы: Жастың өсті санасы Елжірейді жүрегі Бастауышқа бар бала, Алғыс айтып жүреді.6 - оқушы: Бастадым білім нұрын бастауыштан, Жанымен сіңді сенің асыл киең. Сарқылмас бастауысың ұлылықтың, Бастауыш саған мәңгі басымды ием.
«Ертегілер» әні
1 - оқушы: - Уа, халайық, халайық, Бәріңе жар салайық. Бүгінгі күн төрінде Дарындылар елінде Тапқыштардың тілінде, Есеп шешіп, жарысып Жұмбақ шешейік аңдысып.2 - оқушы:Шабыт тасып шалқысып,Есеппенен ән салысып.Көңілді апта жасайықЖұмбақ шерді шашайықАт салысып аянбайБар өнерге басайық3 – оқушы:Асып әсте саспайықБатыл қадам бастайықЕркіңді билеп барыншаЖарыста сірә, қалыспаКеш қызығын ей, достар.Осылайша шабытпенКәне енді бастайық.4 – оқушы:Мұнда қызық табыларЖаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар.Айтыс, тартыс тағы барСөз жұмбақ та, сан жұмбақ.Суретті жұмбақ, шеш жұмбақ.О - о - ой, бір қызық апта болар,Өздеріңмен бес болар.5 – оқушы:Барлықтарыңызды пәндер апталығының ашылуымен құттықтаймыз! Апталықта бәрі бар – ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік!Бүгінгі күні барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін төр үш егіз пәннің мектебіміздегі алыптарын ортаға шақырайық.1 - Дүниетану:Табиғаттың бар байлығы даламдаЖер – Ананың жаттығы жоқ адамғаТамақ та, киім де, денсаулық таБәрі, бәрі табиғаттың қолындаКүтіңдер, баптаңдар, көбейтіңдер көркейтіңдерҮнемде жетеді адам затынаБарлығы мына менің қолымдаОл мына менмін дүниетану пәнімін.2 - Ана тілі:«А» - дан сыр шерткен,Барлық пәнді үйреткен.Ардақтап мен оқимын,Ана тілін құрметпен.Ана тілді білмесем,Шат - шадыман күлмес ем.Жер бетінде сайраңдап,Қазақ болып жүрмес ем.3 - Математика:Терең ғылым, сананың,Тегі деп ой саламын.Маңызды деп оқимын,Математика сабағын.Табиғаттың сыры бар...Тарихты да ұғып ал.Кемдігі жоқ бәрінің,Пәндер аты қыруар.Жүргізуші: Мықты болсаң – алдағыны басып оз,Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт - дей отырып, мықтыларға арналған бастауыш пән апталығында оқушыларға үлкен жеңістерді, мұғалімдерге табыс тілейміз!