?аза?стан Республикасыны? 25жылды?ына орай ?ткізілген «Елімні? еркіндігі – Т?уелсіздік» атты даярлы? сыныбында?ы іс-шара


«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»
Мақсаты: Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген паттриоттық сезімін қалыптастыру.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын « Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Елімінің еркіндігі тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.
Оқушылар қолдарына жалауша ұстап музыка ырғағымен залға билеп кіреді. Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
Нұрай:
Тәуелсіздік таңын сүйем
Таңмен бірге келеді ме өлең
Көк туына басымды ием,
Көгімізде желбіреген.
Расул:
Аласармас аспанымда
Күнмен гүлдеп ел өседі
Қазақстан аспанында
Бостандықтың желі өседі.
Алуа:
Әнді алысқа жеткіземіз
Көкке елдің туы ілінді
Жылда той қып өткіземіз
Тәуелсіздік ұлы күнді.
Мұрат:
Маған қымбат ұлы елімнің
Шешек атқан әр гүлі
Аялайды бәрімізді.
Азаттықтың таң нұры
Нұрсана:
Сарыарқаның даласында
Күн шуағын төккен күн
Елім менің , жерім менің,
Баққа қолы жеткен күн
Әсер:
Бостандығым тұңғыш рет
Аққанатын қаққан күн
Әже әлдилеп немересін
Басы айналған бақтан күн
Ән: «Біз балдырған баламыз!»
Кәусар:
Тәуелсіздік ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде
Сен, жасай бер, мәңгі бақи
Қуанышқа бөлен де.
Алидар:
Тәуелсіздік-
Бақ туын.
Қолға ұстаған сәт бүгін,
Болсын дәйім шат күнім
Самира:
Балабақша серпін нық
Көкке атады бөркін жұрт.
Тәуелсіздік – ынтымақ
Тәуелсіздік еркіндік.
Ислам:
Қыста келген бақыт бұл
Қыспай берген жақұт нұр
Аппақ қардай пейілін
Әлемге елім шашып тұр.
Алида:
Тәуелсіздік ел болу
Ынтымақпен өрге озу
Еркін және өзге елмен
Терезесі тең болу
Рамазан:
Мереке бүгін ұлы күн
Бабалар рухы көксеген
Азатты елдің ұлымын
Теңескен төбем көкпенен
Ән: « Мен ауылға барамын!»
Би: Флэшмоб
Хор: «Менің Қазақстаным»
Мұғалім:
Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлып келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл –қызы болып өсуі қажет. Апа-ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрметті қонақтар 0 «в» сыныптарының дайындаған «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты ертеңгілігіміз аяқталды.