?дебиеттік о?у та?ырыбы: С?йемін, ?скен Отаным


4 сынып Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Сүйемін, өскен Отаным
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларды «Сүйемін, өскен Отаным» өлеңімен
таныстыру. Шығарманың мазмұны мен идеясын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу.Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер. Қимақағаздар. «Жазушылар» топтамасы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
«Шаттық шеңбері» психологиялықЖақсы оқып сабақтыӘдеп сақтау сәніміз,Сәлем бердік сіздергеБасымызды иіп бәріміз.
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс:
Қасым Аманжолов «Туған жер». Өлеңді мәнерлеп оқыту. Қасым Аманжоловтың өмірбаянын сұрау.ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабақта қазақ халқының тағы да аса дарынды ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармасымен танысамыз. (портрет). Оның өлеңдері туған жер, табиғат туралы. Ол жастарды елді, табиғатты сүюге, оны аялай білуге үйретеді. Ол 14 жасынан бастап өлең жазды.
Шығарманың авторымен таныстыру.
270129065405Мұқағали Мақатаев (1931-1976) Алматы облысының Райымбек ауданында дүниеге келген. Қазақтың аса дарынды ақыны. Оның көптеген өлеңдері мен поэмалары жарық көрген. Балаларға арналған жырлары да мол.
00Мұқағали Мақатаев (1931-1976) Алматы облысының Райымбек ауданында дүниеге келген. Қазақтың аса дарынды ақыны. Оның көптеген өлеңдері мен поэмалары жарық көрген. Балаларға арналған жырлары да мол.
0000
ІV.Оқулықпен жұмыс.
- Мәнерлеп оқып беру.
- Мазмұнын түсіндіру.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
Дәптермен жұмыс. Өлеңдегі ақынның нені сүйетінін үлгі ағашқа қарап жазуСүйемінтопырағын ____ ____ тасынкәрісін _____ _____ жасынсалқын кештерін _____ _____ соққан шелінжота қырларын _____ _____ жылқышыныжауған нөсерін _____ _____ күркіреген аспанынжастарын _____ _____ көкшіл аспанынсырқыраған өзенін _____ _____ гүл өскен даланыжылаған баланы _____ _____ өскен Отаным
Сөздікпен жұмыс.
Сол сөздердің мәнін ашу, түсіндіру.
Сұрақтар мен тапсырмаларларды орындау.
М.Мақатаев пен Қ.Аманжоловтың өлеңдерінде қандай ұқсастық бар?
Сызбаны толтыр:
Туған жер Сүйеміін, өскен Отаным
1104900103505Көркем шығарма
00Көркем шығарма
3441700654050проза
00проза
34417001337945Қара сөзбен жазылады
00Қара сөзбен жазылады
1397001337945Өлеңмен жазылады
00Өлеңмен жазылады
139700654050поэзия
00поэзия

VІ. Сабақты бекіту:1) Суреттермен жұмыс.«Туған жер» тақырыбына байланысты суреттерді көрсету. Оқушылар суретке қарап, қазақ елінің табиғаты туралы әңгімелейді.2) Үнтаспамен жұмыс.Үнтаспадан М. Мақатаевтың сөзіне жазған әндерімен таныстыру. «Сәби болғым келеді», «Қуанышыңмен», «Есіңе мені алғайсың».
VІІ.Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
VІІІ.Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. Түсінік айтуға дайындалу.