?аза?стан Республикасыны? т?уелсіздігіне арнал?ан Т?уелсіздік тірегім ма?ала
Тәуелсіздік-Тірегім
Л.Паизқызы- магистр,
Алматы қаласы «№5 Мектеп-гимназия» директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Тәуелсіздік-халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі екендігін Елбасы атап өткендей, тәуелсіздік бабалар арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қолжеткізген ұлы жеңіс.
Қазақ халқы үшін ХХ ғасыр «тар жол тайғақ кешулерден, соқтықпалы, соқпақсыз отызыншы жылдардан басталып, елуінші жылдардың зұлматынан өткен, сыйы мен тартуы да, қайғысы мен қасіреті де жетерлік сәттерге толы болды десек артық айтқандық емес. Даламыздай кең де, сабырлы халқымыз тағдыр талайында өзіндік қасиетін жоғалтпай, батыл қадам нәтижесінде азаттыққа қол жеткізгені тарихи шындық.
ХХ ғасырдың соңғы жылдарында тарих бетін айқара ашқан тәуелсіздік көп ұлтты Қазақстан мемлекетіне ұлы жаңалықтар әкеліп отыр. Ата-бабадан қалған ұлан-ғайыр жерді игеріп, дербес мемлекет ретінде өз билігімізді сақтап, өзгеге көңіліміз ашық, дастарханы мол, қолы жомарт ел ретінде дамып келе жатқанымызға да 24 жылдың жүзі болды. Арада өткен жылдар белесі бүгінгі Қазақстанның әлемдік аренадан өз орнын ойып алған. Азия мен Еуропаны мойындата білген өжет те өр елдің мекеніне айналды.
Қазақ мемлекеті өз тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болып, көптеген елдермен елшілік қарым-қатынас орнатгы. Ел абыройы мен тұгастығын қорғайтын құжаттарға қол қойылды.
Ел тәуелсіздігі әлемдік саясатта өз бейнесін еркін таныткан тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың ел тағдырын қолына алганында, 1991-жылгы Тәуелсіздік алу жайлы Конституциялық Заңына да міне 24 жыл толып отыр. Еліміздегі тыныштық, төріміздегі Ата Заң, көгіміздегі азаттық көк байрағы, ұлттық теңгеміз, республикалық «Ұланның» құрылуы, ЮНЕСКО-ға мүшелікке қабылдануы елдік пен еркіндік белгісі ғана емес, Елбасының. біртуар азаматтардың жанқиярлық еңбек нәтижесі.
Бүгінде ортамыздан өзі кетсе де өшпес сөзі қалған акын Қадыр ағамыздың:
Халықтан тумай, туады кімнен алыптар
Сенсеңіз егер сенуге татыр халық бар.
Бугінгі мен тарихтағы орын бір емес,
Болашақ өз бағасын бере, анықтар,- деген жыр жолдары Елбасы біреу де оған тіреу халық екенін
дәлел еткендей.
Қазақта туған жерін, оның халқын сүйген адам бүкіл азаматты сүйе алады деген қасиетті сөз бар. Бүл жақсылыққа жаны жақын, жомарт елдің көрегендік нақылы елім, жерім деп өткен бабалар бағасындай.
Үлкен жүректі, ұлы сезімді, ақиық ақын Мұқағали жырына арқау болған атамекен жеткен жетістік, қас батырлар жанын қиып, талай ару махаббат сырын шерткен, тіршіліктің нәрін пендесіне сый еткен қасиетті Отанымьз - Қазақстан жұпар аткан жусанымен, кеудесі нұр құяр ауасымен, асқаралы асулы тауларымен, телегей-теңіз даласымен ыстык.
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,-
Нендей куйге жүрегімді бөкледің
Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім,- деп Қасым ақын толғаған Қазақстан егемендігімен XXI
ғасырдыңда 15 жылын беріп қадаммен алға басып отыр.
Елімен, жерімен қимай қоштасып, сұрқия тағдыр тәлкегіне түскен атпал азаматтарымыз да шерлі көңілмен шет ел аскан бабалар ұрпағы да, бүгінде елінің ерен істеріне куәгер болып, бейбіт өмір қамалындай Астананын айбынына тәнті болса, ерке Есілдің ертеңінен үміт күтуде.
Біз жаңа гасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егемен ел ретінде еніп, 70 жылда кеткен есені қайтаруға асыққандай, Тәуелсіздікгің алғашқы баспалдағы - желтоқсан құрдасы болып, тіліміз бен ділімізді, әдет-ғұрпымыз бен экономикамызды түзеп, үстіміздегі жылда Президентімізді кайта сайлап, ел іргесінің тыныштығын сақтауда жаңа қадам жасадық.
Тәуелсіздік тірегі, тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиялық
бағдарламасынан бастау алған еліміз- мерейлі де, мерекелі 24 жыл ішіндегі өткенімізге көз жүгіртіп өтсек, Біріккен Ұлтгар Ұйымынын биік мінбесіне Елбасымыздың сөз сөйлеуі, халқымыздың елдігіне өзіндік үлес коскан Абай, Жамбыл. Мұхтардай біртуар жандардың ЮНЕСКО көлемінде әлемдік дәрежеде тойлануы, Түркістанның 1500 жылдығы, Тараздың 2000 жылдығы, қазақ хандығына 550 жыл толуы осы мерекелердің тойлануы рухани жетістік.
Қазақ халкы – әлемдегі ұлы халыктардың бірі. Ол ұлылық-бауырмалдық, сабырлық, даналықтан бастау алған, сөзге токтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен азаматтықтан бастау алса, Астана төрінен орын алған Күлтегін ескерткіші көшірмесі, әлем картасындағы «Қазақстан Республикасы» деген атау —тәуелсіздікгің жеңісі.
Арайлап аткан таңы бар, жазира даласы бар Қазақ елі тәуелсіздіктің туы келелі кеңес құрып, келісім жасауда.
Өз елін, кіндік кескен жерін сүймейтін адам жоқ. Айналаңдағы алыс-жақын елдерде болып жатқан қырғи-қабақ жайлар мен табиғаттың толассыз қасіретін естігенде, тыныштық пен бейбіт өмірдің қадір қасиетін бағалайсың. «Мың өліп, мың тірілген» халқымның тәуелсіздігі ұлт байлығы тілімзді көркейтіп, ғылым жаңалықтарында жаңа технологияларды кеңінен пайдаланып, республикадағы барлық саланы компьютерлендіруі ғасыр жаңалығы. Үстіміздегі жылдары еліміздің өнеркәсіп орындары дамып, энергетика ресурстары: мұнай жэне газ орындары өркендеп, халықтың тұрмысын жақсартуда біршама игілікті істер атқарылып отыр.
Ең алдымен зейнеткерлердің зейнетақысына жылма-жыл үстеме қосылса, бір кездері Ыбырай арман еткен ауыл мектептері компьютерлендіріліп, 100 мектеп бағдарламасы негізінде бой көтерген білім ордалары мен ұстаз қауымының еңбекақысының өсуі еліміздің мәдени- әлеуметтік жетістігі екені анық. 24 жыл ішінде 1999 жылы «Ұлттар бірлігі», 2000 жыл «Мәдениет жылы», «Ауыл жылы» сынды шаралары тарих бетінен орын алып, еліміздегі интелегенция тобын, ауылшаруашылық мамандары мен дәрігер, экномист, бизнесмендер дайындайтын жоғары оқу орындарының көбейіп, ондағы оқу бағдарламасының әлемнің озық Оксфорд, Кэмбридж сынды оқу орындары үлгісімен құрылуы, шетел мамандары орнын бүгінгі күннің дарында тұлғалармен ауыстырудағы басты бағыт болып отыр.
24 жыл ішінде ядролық полигондардың жабылуы, Елбасының халқының қатерлі қыспаққа түспеуін көздеп ұлы держава Қытай және Ресеймен өзара түсіністікпен бейбіт қатар өмір сүруді таңдауы, Оңтүстіктегі Ислам жэне Орта Азия мемлекеттерімен тату көршілік бағыт үстану, ең ықпалды мемлекеттерді мойындатып, БҰҰ халықаралық қауымдастығына Елбасы төрағалық етуі, Азияда жалауының қазақ жерінде көтерілуі, мәдени-рухани өміріміздегі ұлы өзгерістер.
Тәуелсіздік тірегі - білім. Халқымыздың «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» деген ұлағатты сөзін нақтылай түседі.
«Бірлік болмай, тірлік болмас» дегендей Қазақстан Еуропа елдерімен терезесі тең ел болып, нық қадам жасаған 24 жыл татулық туын биік көтеру арқылы жетістіктерге қол жеткізіп отыр.
Әлемнің жүзден аса елімен емін еркін достық байланыс жасаған Қазақстан Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаевтай азаматтарын ғарышқа ұшырып, тәуелеіздік арқасында арыстарымыз кітап болып, кесене болып күмбезделіп, ескетркіш, көше болып ортамызға оралды. Жаңа типті мектеп пен лицей, гимназия мен колледждер, ЖОО молайды. Көшелерге ұлт абыройын асырған бабалар есімі беріліп, тұлғасы тұғырлы ескерткіштер дүниеге келіп, бірлік пен тұрақтылық кепілі кеңейді.
Дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздіктің ызғарлы желі еңсесін тік ұстаған халқымызды шыңдап, Қайрат пен Ерболдай, Ләзаттай жандар тұлғасымен батырлық пен батылдық үлгісін қалдырды.
Тәуелсіздіктің 24 жылы қасиетті, ар-намыс, үміт жалындай елін сүйген жандарға жол бастап, өткен күндер жеңісі - бүгінгінің жемісіне айналды
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне» келер болсақ, қазақ халқы - батыр халық, ақын халық. Сол батырлықтың бастауынан нәр алған Елбасымыз «Европалық ынтымақтастық және қауіпсіздік» үйы- мына төрағалық етіп, 56 мемлекеттен келген өкілдер алдында халқымыздың рухын көтерді.
«Бұтағы көп ағашқа құс қонар» деп ғұлама Махмұт Қашқари ширек ғасыр бұрын айтқан накыл қаншама ұлттың басын біріктірген, береке бірлігін тыныштығын, сақтап отырған бейбітшілікті сүйетін халқымды сол халықтың ертеңіне деген сенімін айқын аңғартады.
1989-1997 жылдар аралығында арнайы заңмен бекітілген тіл мәртебесі өсіп, жылма-жыл Елбасы жолдауының бағдарламасы нәтижесінде бюджеттік мекемелер мен зейнеткерлер еңбекакысы өсіп жатса, 2010-жылғы Саммит нәтижесі тәуелсіздіктің алғашқы жылында жоспарланып, әр жылға белгіленген өркениетті «Ауыл», «Мэдениет», «Денсаулық» жылдары мен 1997-1999-жылдары іргесі қаланған ақпараттық даму, бүгінде компьютерлік жетістік, «Шанхай ынтымақтастық ұйымына басшылық, діни бағыттағы біртүтастық пен ынтымақтастықты желеу еткен Ислам конференциялык ұйымындағы елбасшысының тиянақты ой-түйіні ел тыныштығын қалыптастыру бағыгындағы елеул де еселі істер екені нақты жетістіктер.
«Елі байдың жері бай» дегендей ең негізгі байлық денсаулық десек, 24 жылдың іргетасы шыңдалғ ан халқымыз «100 мектеп пен 100 аурухана» бағдарламасын түбегейлі шешуде белсенді де, беделді істер атқарумен қатар, соңғы бірер жылда қартгарын қазынадай бағалап, қазан айының басын «Қарттар күні ретінде» атап, өткеніміз бен тарихымыздың асылдарына құрмет көрсетіп, мүгедек пен мүмкіндігі шектеулі жандар жәрдем ақысына да жете назар аударып отыр. Осы бір ұлан-ғайыр келелі істердің қай-қайсы болса да, өткеніне өрлікпен қарап, келешегіне кемел қадам басқан батыл да, б'атыр, мейірбан да, мерейлі халкымыз бен сол халықтың рухани мұрасынан нәр алып, әлем тынысын қазақ деген халық тынысымен ұштастыра білген көреген де, білгір Елбасының тынымсыз еңбегі десек артық емес. Сондықтан да, халқымыз тәуелсіздіктің ірге тасын бірге көтерген Елбасына деген сенімін серік етіп үстіміздегі жылдың сәуір айындағы сайлауда басым дауыспен Президент өкілеттігін ұзартуға бір кісідей ат салысып, бірлік пен татулықтың, көрегендік пен кемеңгерліктің үлгісін көрсетіп, әлем жұртшылығы алдында өзінің бірауыздылық бейнесін көтере түсті.
Күні ертең біз Тәуелсіздігімідің 24 жылын атап өттік. Бұл өткенді шолып, негізгі жолдың әлі де көп еңбектенуді керек ететінен бағамдау мүмкіндігі.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болсын дей отырып, өзімнің жүрек жарды ойымды:
24 жыл болды алгалы тәуелсіздік
Ғасыр алга жылжысын тәуелсіз ғып
Ұлы көшті бастаған Елбасымыз
Бірлік туын көтерген ел тек сіздік, - деп аяқтагым келеді.
Резюме
В данной статье рассматриваются достижения суверенного Казахстана за 24-летие независимости.