?аза?стан Республикасыны? т?уелсіздігіне 25 жылды?ына орай ?ткізілген «Мені? к?шемні? тарихы»



М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының өзін-өзі тану пәні мұғалімі Тулепова Аманкул Рахатовна
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жылдығына орай өткізілген «Менің көшемнің тарихы»атта ашық тәрбие сағатының жүрісі
Ашық тәрбие сағаты.  Тақырыбы: Меніңт көшемнің тарихыМақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. Көрнекілік: мақалдар, слайдтар, желтоқсан құрбандары, кітап көрмесі. Сабақтың түрі: конференция сабақСабақтың барысы. Кіріспе сөз. 
Өн бойында қатпарлы өзегің бар,
Сарқылмайтын ерлік жыр-өзенің бар.
Өткеніңе тереңдеп бойлар болсам,
Қилы-қилы қиямет кезеңің бар.
Жолдарың жөңкіліпті шыңға асыға,
Тарихтың сапар шектің тұнбасына.
Өрледім де қия-құз,қыр басына
Көз салдымАқшұқырдың тұлғасына
Сыр шертеді көше атына бойласақ,
Әр көше бір дастан,тарих ойласақ.
Үлгі-өнеге,шежіре болар ұрпаққа
Әрбір бетін парақтап біз ақтарсақ!
Еліміздің тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толып отыр. Осыған байланысты бүгін «Менің көшемнің тарихы» атты конференция ға қош келдіңіздер!
Тәуелсіз елдің білімді ұрпағы өз тарихын терең білуге міндетті.Олой болса, бүгінгі конференцияға тақырыбы- «Менің көшемнің тарихы».Конференцияға бірнеше ғалымдар қатысып отыр.Олар Айғалиқызы Нұрдана,Бақтыбайқызы Жансая,Жаңабай Мирас,Сираж Айбек,Үсенбай Гүлфайруз.
Тәуелсіздік-тірегім
Елдігімді сақтаған қыран бабам,
Ерлігіңе сүйсіне жыр ақтарам.
Бақытқа бөлеймін деп өреніңді,
Қорғадың жүрегіңмен өз еліңді.
Бабалардың ізі боп қалды емес пе?
Ләззат,Қайраттарым сөнген кеше.
Бір-бір жұлдыз жарқырар көгімдегі,
Әттең тек қысқа болды өмірлері.
Сол жандардың қанымен келген теңдік,
Шаттық өмір,тәуелсіз егемендік.
Ұлттық тілім,дәстүрім,қазақтығым,
Көріп тұрмын елімнің азатығын.
Ынтымағым,бірлігім,туыстығым,
Өз елімде осы ғой ыстық ұғым.
Мәңгілігім,ғажайып,даналығым
Болашаққа апарар бізді бүгін!
1.Айғалиқызы Нұрдана «Ғ.Айдаров көшесінің тарихы»
2.Жаңабай Мирас «Ә.Қожабергенов көшесінің тарихы»
3.Сираж Айбек «С.Нұрбаев көшесі»
4.БақтыбайқызыЖансая «Б.Сахиева көшесі»
5.Үсенбай Гүлфайруз «Б.Қожашева көшесі»

Әлдермен Аслан
Туған жер-тұғырың
Тәуелсіздік туын мықтап ұстадың,
Көрініп тұр еркін самғап ұшпағың.
Әлем таныр мерейіңді үстем ғып,
Туған жерім,менің Қазақстаным!
Қонақтасын арайлаған құс бағың,
Қуанышпен нұрға толсын құшағың.
Еңбек,жеңіс,той үстінде тілегім,
Құт дарысын,менің Қазақстаным!
Ауызбірлік,тыныштықты сақтағын,
Көрініп тұр күн сәулесін шашқаның.
Әз халқыңды қуанышқа ортақ қып,
Жарқырай бер,менің Қазақстан!
«Мен көшемнің болашағын ойласам.....»тақырыбында оқушылар өз көшелерінің болашағы туралы ой-қиялдарын әңгімелейді(суреттері бойынша)
Қорытынды. 
«Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!» деген Елбасы сөзімен бүгінгі ашық тәрбие сағатын аяқтаймыз.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!«Туған жер»әні орындалады.