Кластан тыс шара М??а?али Ма?атаев?а арнал?ан поэзиялы? кеш


Мұқағали Мақатаевқа арналған поэзия кеші1жүргізуші: Армысыздар құрметті халайық.Ұстаздар мен оқушылар! Қадірменді жырсүйер қауым.2жүргізуші:Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған» атты поэзия кешімізге қош келдіңіздер!Қуаталып Абайдыңтілкүшінен,ЖыржазамынАбайдың үлгісімен.Абай болып табынсам бір кісіге,Абай болып түңілем бір кісіден, - деп жырлаған ақын биыл тірі болса ақпан айының тоғызында 85жасқа толар еді.2жүргізуші: Мұқағали ағамыз орта мектепті бітірген соң, ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінде болып, 1949 жылы Лашын апамызбен өз отбасын құрды. Одан соң дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қызы,Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал, Майгүл есімді қызы 10 жасындақайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды.Одан кейін 1954 – 1962 жылдары Қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарды. Ал, 1962 – 1972 жылдарда «СоциалистікҚазақстан», «Қазақәдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарындабөлім меңгерушісіболып еңбек етті. 1972 – 1973 жылдары Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметін атқарды.Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінде жарық көрді. Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған. Көптеген өлеңдеріне ән де шығарылды. Дантенің, Шекспирдің шығармаларын қазақ тілінде аударған ақиық ақынымыз 1976 жылы 27 наурыздаөмірденөтті.
1 жүргізуші 
Бүгін менің туған күнім,
Ой пәлі – ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірімнің жарытпай-ақ қойғаны-ай!, –деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды. Бүгін де сіз бен біз боп ұлы ақынымыздың туған күніне жиналып отырмыз. Бірақ арамызда ақынның өзі емес, ақынның албырт жырлары мен  жансыз суреттеріән «Жапырақ жүрек жас қайың»2-жүргізуші Өмірім, сірә да, әріден басталған, Әріден басталып, мәңгіге тасталған. Осы мен өлмейтін, өлмейтін шығармын, Сәл ғана мызғып ап қайтадан тұрармын. 1-жүргізуші Бүгін Мұқағали жұлдызы қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жанып, жарқырап көрініп тұр. Сұлтанмахмұт, Ілияс, Қасым жұлдыздарындай көзге оттай басылып, ыстық көрінетін ол жұлдызды басқаларының жұлдыздарымен шатастыру мүмкін емес. Атырауға барсаң да, Арқа мен Алтайға барсаң да алдыңнан Мұқағали шығады, Мұқағали жұлдызы жарқырайды. Нұрдаулетқызы Назкен «Өзімнің есебімше»
Набиева Гуйзел «Қазынам бар»
2 жүргізуші: Қазаққа тән қара өлеңге табынды,Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,Мұқағали – поэзия алыбы, - депМұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрейік.Жардемгали Асем«Поэзия» өлеңі
Жүргізуші Ұлы ақын жөніндегіестеліктерді оқи отырып, бірде қуанасың, бірде мұңаясың. Мұқағали – өмірдің қыр – сырын білген, аса бақытты жан. Ол «Жазылар естеліктер мен туралы» депөз өлеңінде тектен тек айтылмаған. Олай болса, ақынның «Жазылар естеліктер мен туралы» өлеңіне кезек берейік. Мәнерлеп оқитын 7 – сынып оқушысы: Беркінбаева Аружан
1 жүргізуші «Алауыртқан таңдардан сені іздедім, Қарауытқан таулардан сені іздедім», - деп тіршіліктің жұрт көзіне көріне бермес сәттерінің бәрінен сезімге толып, шарқ ұрған ақын кім? Өмірлік мақсаты, жырларының құдіреті жайында, туындаған сауалдарға жауапты оның жүрек лүпілі мен сезім құдіретінен құйылған қанық бояулы жырларынан іздестіреміз. Салимова Сабина «Бір күні»
Раушанова Қарақат «Анашым»
Қосуақова Сайда «Пай-пай өмір»
Адиұлы Әділет «Достарға»
2жүргізуші:
Таулар, таулар, тауларым-ай! Сағынысып қаппыз ғой тарланым –ай! Таудағыдай еш жерде күн шықпайды, Түн болмайды еш жерде таудағыдай. Тау менің несібеме тиіпті ерек, Мендегі шаттық бөлек, күйік бөлек. Ақсақалдар: - Таудай бол –дейтін маған, Таудай болғым келеді биік керек. Осылайша тереңнен толғаған сыршыл ақын өмірден өз биігін іздеумен өтті.Абилхайырова «Сарыжайлау» әнін орындайды.
1 жүргізуші Қазынам бар Біреуге берсем бе екен? Өкпелейді-ау бермесем, Берсем, бөтен. Бар байлықтық ойныма тығып алып, Әлде мына құмдардай өлсембе екен? Мұқағали қазынасы, әрине, - өлең, досы да өлең. 2 жүргізуші ... Махаббат бүгін және қарамады, Қарамады... Жанымды жаралады. Шәміл-ау, Білесіңбе? Шын махаббат – Осылай қарамаудан жаралады! Иә, нәзік жанды ақынның жүрегінің шынайы іңкәрлік сезімі махаббатқа ұласады. «Ғашықпын» өлеңі оқылады.
1 жүргізуші Масайрап жатқан бұл бір асыл арна, Арнасы адамымен ашыларма. Ерлігі ұлдарының аңыз болып Жыр болған сұлулары ғасырларға. 
2 жүргізуші Жапырақ – жүрек, жас қайың, Жанымды айырбастайын. Сен адам бола бастасаң, Мен қайың бола бастайын. Келісесің бе, жас қайың? – деп, ақ қайыңмен тілдескен ақын ана-табиғаттың жұпар иісін аңқытып, сұлулық әлеміне бойлайды. 
«Жас қайың» әнімен ортаға Мұхамбедиева Даринаны шақырамыз.1жүргізуші М. Мақатаевтың ақын ретіндегі басты тақырыбы – өлең өнері еді. Ақын өлеңнің жақсылығын, құндылығын көрсетеді. Шыр етіп жарық дүниенің есігін ашқаннан сәбиді жылы құшағына алып, әлдиін жырлайтын жан ана. Бала үшін ең бақытты сәт анасының жұмсақ алақанында жатқаны болса, ананың шаттыққа толы сәті, сәбиінің кіршіксіз шат күлкісі, ана тіршілік бастауы болғандықтан, ана туралы «Шеше сен бақыттысың» - деп жырға қосады. «Аққу – киелі құс». Олар екеу болып қана өмір сүреді. Аққуды қазақ ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады. Киелі, құс төресі деп санап оған ешқашан оқ атпайды. Оған дәлел ақынның «Аққулар ұйықтағанда »поэмасы .
Көрініс «Аққулар ұйықтағанда» .
2жүргізуші:Ақынды ақын оятпаса, болмайды, Ақынды ақын таяқтаса, ол қайғы. Ақынға ақын басынан-ақ жуықты, Барлық ақын бір анадан туыпты. Мұқағали туралы Шәмшінің естелегінен. «Мұқағали екеміз мұңдас едік. Армандас едік. -Шәмші сен бақыттысың. Сенің әндерің жұртышылыққа тарап кетті. Сен өлсең де, халқың сені ұмытпайды, - дейтін ол. - Мен емес, қайта сен бақыттысың. - Неге? - Ақын-еркін құс. Ойындағысын бүкпелемей айта алады. Айтылған сөз – атылған оқпен тең, қайтып орнына келмейді, қорамсағында неше оғы болса, қалаған кезінде атып жібереді. Ақынның ақындығы осында, - деп Шәмші ағамыз сағына еске алады екен. Ахметова Жансая «Дос болам десең»
1 жүргізуші Болашақ бүгіннен басталады, яғни бүгінгі жастар, зиялы азаматтар. Қоғам қай кезде де біліктілік пен білімділікті, парасаттылық пен ақылдылықты талап етеді. Сол талаптарға сай болу үшін жастар білім ізіне түсіп, мол еңбек етіп шыңдалып, өздерін танытуға тырысу үстынде. Белсенді, отаншыл жастар біздің арамызда өте бакытты. Ән «Бақыт деген»2жүргізуші Поэзия деген құдіретті өнерді бағалап жүрген студенттердің шығарған жыр шумақтарына кезек берейік.
1жүргізуіші Сырым да –осы, Жырым да –осы, Алдыңда.
Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? ... Мұхаңдар жоқ, Махандардың сарқыты – Мұқағали Мақатаев бар мұнда
Мұқағалиқазынасы - өлең, досы да өлең. Олай болса, келесі кезекті ақынның жырларына берейік.
Досова Аружан «Отан»
Мұхамбедқалиева Дана «Үш бақытым»
Досқалиева Аяна«Соғыстың соңғы көктемі »
Бектайыз Нұрасқан «Махамбеттер,Абайлар-ай»
2жүргізуші Қарасаз, қарашалғын өлеңде өстім. Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев Өлтіре алмайды, алайда өлеңді ешкім.
1жүргізуші Сен қазақтың қазақтығын жырладың, Ашып айттың қазағымның мұң-зарын. Сол даңқыңды ұрпағыңа жеткізген Қара өлеңнің – жалындаған жырларың. Зулап күндер, жылдар аунап барады, Жырларыңнан қазақ бақыт табады. Қадіріңді сәл кешірек білсек те, Мәңгі есімің жадымызда қалады. Алибекова Перизат«Есіңе мені алғайсың» әнімен ...
2жүргізуші Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы. 1жүргізуші Құрметті тыңдарман қауым! Қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа, ізгілікке, өз ұлтын сүйе білуге баулысақ, сол арқылы мына күрмеуі көп қиын заманда бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен, халқына деген махаббатын тек поэзияда ғана емес, өмірде де, күресте де үлкен азаматтықпен қорғай білген М. Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емес,-дей келе кешімізді аяқтаймыз.
Ақтөбе қаласы
№34 орта мектебі
Әдеби кеш
Тақырыбы: Қазақ поэзиясының Хантәңірі –
Мұқағали Мақатаев
Өткізген: Дүйсенова Г.М.
2016жыл