?айырымдылы? шарасы ?айырымдылы?-ізгілік н?ры


Тақырыбы: «Қайырымдылық – ізгілік нұры»
Мақсаты: Әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалудың алдын алу, көмекке мұқтаж отбасы балаларына жүрек жылуын, ізгілік нұрын арнау.
Көрнекіліктер: қайырымдылық , мейірімділік туралы даналық сөздер жазылған плакаттар, өткен қайырымдылық шараларының кезіндегі бейнероликтер, слайдтар, түрлі мерекелік безендірулер.
Шақырылған қонақтар: мекеме басшылары, ата-аналар комитеті, кәсіпкерлер, жеке қожалық басшылары , жеке демеуіштер.
Жүргізуші : Бүгінгі «Қамқорлық» акциясы аясындағы «Қайырымдылық – ізгілік нұры» атты қайырымдылық шарасына қош келдіңіздер.
Ұйымдастыру барысы: Әлеуметтік педагогтың кіріспе сөзі.
Қазіргі кезде еліміздің рухани адамгершілік байлығын , мәдени мұрасын зерттеп, оны оқушы, жастар бойын жұғысты қасиет етіп меңгерту, сол арқылы ізгі жүректі, қайырымды, іскер азамат тәрбиелеп шығару –жалпы әлеуметтік мәселе болып табылды.
Еліміздің болашағы ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты өйткені, еліміздің тізгінін ұстап, жеріміздің байлығын, тарихымызбен мәдениетіміздің асыл мұрасын қастерлеп, ұлтымыздың лайықты перзенті бола алатын ұрпақ тәрбиелеу, оларға жан жақты қамқорлық көрсетіп, мейірім шуағын, жүрек жылуын сыйлау халқымызға тән асыл қасиетіміз.
Осынау аталы сөзді іспен ұлықтауды парыз санаған «Қамқорлық» деп аталатын қайырымдылық акциясы мектебімізге жыл сайын жоспарлы, мазмұнды, жүйелі ұйымдастырылып келеді.
Мұндай ізгілікті, шапағаты мен мейірім шуағы мол шара аясында өткізіліген әртүрлі әдіс топтамасымен тәрбиелік мәні зор ұлағатты сынып сағаттары, сұхбаттар, кездесу, пікірлесу жұмыстары оң нәтижесін беріп келеді.
Сондай-ақ әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына қолдау көрсетіп, киім-кешектер мен оқу құралдарын тарту еткен мекемелер, селолық округ әкімшілігі, кәсіпкерлер, жеке қожалық төрағаларын, мектеп ұжымын мақтанышпен айта аламыз.
Халқымызда «Кең боласаң, кем болмайсың» -деген даналық сөз бар, олай болса, адамның жанына қуат беріп, көңілін қуанышқа бөлейтін мейірімділігіміз, қайырымдылығымызды әркез арқау етіп жүрейік.
Жүргізуші :
Бүгінгі жас бүлдіршін егеменді елімізді дамытуға, жерін әсем табиғатын қорғап аялауға, халқымыздың шежірелі тарихын зерделеуге, күш салуға білім - біліктілігін арнайтын болашақ иесі.
Жүргізуші: Жас ұрпағымызды адамгершілікке, адалдыққа еңбекқорлыққа тәрбиелеу, оларға жан-жақты қамқорлық таныту, жүрек жылуымызды, кең пейілімізді, мейірімділігімізді сыйлау –басты парызымыз.
Жүргізуші : Қайырымдылық халқымыздың ата-бабамыздан мирас болып келе жатырған асыл қасиетіміз. Адамдар бір-біріне қайырымдылық мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Жүргізуші : Өте дұрыс айтасын! Жақсылық істеу қолыңнан келіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа? Ата – бабамыздан бағалы мұра болып жалғасып келе жатқан қайырымдылықтай асыл қасиетіміздің қымбат екені баршамызға аян.
1 - Жүргізуші : Балаларға қуаныш сыйлау, жүрек жылуын, мейірімділік пен ізгілік нұрын шашу еш толастамайды. Бүгінгі жас жеткіншек дамыған, көк туы желбіреген жасампаз еліміздің тірегі, болашағы.
- Жүргізуші : Әр баланы шаттыққа бөлеп, мейірім мен жүрек жылуын төгетін, ата-бабамыздан мирас болып келе жатырған қайырымдылықтай асыл қасиетімізді танытатын бүгінгі шарадағы алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Ертемирова Нұрзия Сәдуақасқызына беріледі.
Жүргізуші : Олай болса, жомарттығымыз, жан жылуымыз, қайырымдылығымыз жалғасын таба берсін дей келе , әр жүрекке мейірім мен ізгілік нұрын төгетін сазды әуенге кезек берейік.
( көңілді ән- билер орындалады.)

2 - Жүргізуші : Қайырымды болсаң, кең пейілді болғаның,
Мейіріммен ізгілікке толғаның.
Жомарттық пен қайырымдылық танытсаң,
Әр жүрекке жылу болып қонғаның –дей келе сөз кезегі шақырылған қонақтарға беріледі. (мекеме басшылары, кәсіпкерлер, мұғалімдер, демеушілер сөйлеп, балаларға сыйлықтар ұсынады)
Жүргізуші: Ақ тілекті бұл күні сан тыңдаңдар,
Алдарында алатын сан қырлар.
« Биімізбен қайырымдылық жасаймыз» -деп,
Келе жатыр кіп –кішкентай балдырғандар.
/ Кішкентай биші өнерпаздар ортаға шығады/

Жүргізуші: Халқымыздың зиялы өкілі Ахмет Байтұрсынов атамыз «Балам дейтін елі болмаса, елім дейтін бала қайдан болсың?» деген екен. Осындай дана сөзіне сүйене отырып, ұрпақтарымызға көңіліміздің кендігін жүрегіміздің жылуын, мейірім шапағатын, ізгілік нұрын сыйлап, қайырымдылықтай асыл қасиетімізді
жалғастыра берейік!
Жүргізуші : Қайырымдылықты парызымыз деп санайық
Алда талай қуанышқа толайық.
Көңіліміз кең болып баршамыздың
Бір-бірімізге қайырымды болайық!
Осымен бүгінгі «Қамқорлық» акциясы аясындағы «Қайырымдылық – ізгілік нұры» атты қайырымдылық мерекесін аяқтай отырып, баршаңызға нұрлы өмір, шынайы тұрмыс, бақ пен береке, толағай табыс тілейміз. Қайырымдылықтай асыл қасиетіміз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын таба берсін!