?айырымдылы? акцияны? та?ырыбы: «Ж?регім толы мейірім»


Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасының жоспары
Мектеп:«№3 Күршім гимназиясы»КММ Сынып : 8 «Б» Оқушылар саны: 17
Мерзімі:13.10.2016ж Мұғалім :Маликова Н.Р
Оқудан тыс іс-әрекеттерді өткізу орны : мектеп, үй
Қайырымдылық акцияның тақырыбы: «Жүрегім толы мейірім»
Мақсаты:
Оқушыларды үлкенді сыйлау, қамқорлық көрсету, риясыз мейірімді болуға үйрету, ой, сөз , қол бірлесітігі туралы ұғымын кеңейту.
Міндеттері:
-жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейте отырып, қарттық шақтың қамқорлықты қажет екенін түсіндіру
-оқушылардың бойында әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға, қарт, әлсіз жандарға жақсылық жасауға әрдайым даяр болуға іскерліктерін дамыту.
- Оқушыларды мейірімді, қамқар болуға тәрбиелеу.
Ресурстары:(материалдары, көздері)
слайд,
Р.А.Мұқажанова, Г.А.Омарова,
Р.Мұратханова
«Мұғалімге арналған нұсқаулық»
- Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО
Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасынөткізудің даярлық жоспары (жоспардың әрбір пунктін 3-5 сөйлеммен ашу)
1. Мектепішілік жәрмеңкеге оқушыларға өз қолдарымен жасалған заттарды әкелулерін сұрау.
2. Қайырымдылық акция екенін білдіретін плакат жасау тапсыру.
3.Керекті қаражат жиналған соң, оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтетін дәріс даярлау, қарттар үйі туралы бейнежазба даярлау
4. Алдын-ала зейнеткер қартқа сыныптың барғысы келетінін әкімшілікті ескерту
5. Алдын-ала зейнеткер ұстазға қоңырау шалып, оқушылардың барғылары керектілерін айтып, қандай көмекке мұқтаж екенін сұрау. Қай уақытта барғанымыз ыңғайлы екенін білу. Талдау
https://www.youtube.com/https://www.youtube.com/watch?
v=69RBejRbFTo
Іс-шараны өткізудің жоспары
1. Белгіленген күні акция өткізу;
2.Сыныппен бірге акцияға белсенді қатысып, қаражат жинау;
3. Жалпыадамзаттық құндылықтарды негізге алып,қайырымдылықтың маңыздылығы туралы дәріс оқып, бейнежазба көрсеткен соң әңгімелесуге тарту;
3.Зейнеткер ұстаздың өткен мерекесімен құттықтауға барып, мерекелік сыйлығын тартып, көмектесіп, әңгімеге тарту, естелікке суретке түсу;
4 .Оқушылардың шарадан алған әсерлерін сұрау. Мұғалім : Маликова Н.Р
Директор: Шакерова Г.С
Келісемін __________ Бекітемін ____________
Тәрбие ісінің меңгерушісі №3 Күршім гимназия
Баяндинова Д.Ж директоры Шакерова Г.С.
. «___» _____ 2016ж. «___» _____ 2016ж.
Қайырымдылық акцияның тақырыбы:
«Жүрегім толы мейірім»
Пән мұғалімі: Маликова Н.Р
2016-2017 оқу жылы.