Поэзия кеші М??а?али-м??гі ??мыр


Орал қаласы, 2016
Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгі ғұмыр»Мақсаты: Ақын поэзиясын терең ұғынуға, мәнерлеп оқуға, әндерін нақышына келтіре орындауға, ақын поэзиясын сүйіп оқуға баулу. Ақынның поэзия өнеріндегі биіктігін, асқақтығын оқушы көңіліне сіңіре отырып, адалдыққа, пәктікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд,көрме,
Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгі ғұмыр»
/поэзия кеші/
Мұғалім: Артында санаулы ғұмырында жанының шырылына айналған поэзиясы қалды, жыл құсындай сағына күтетін қарлығаш қанат өлеңі қалды. Міне бүгін сіздерге ақиық ақын, қазақтың маңдайына біткен асыл перзенті Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жылына арналған «Мұқағали-мәңгі ғұмыр» атты поэзия кешін ұсынғалы отырмыз.
Жүргізуші: Әрбір әрпі қанға шомған тарихыңа қараңдар,
Отырардай опат болған қала жоқ па, жарандар?
Тату-тәтті бармысыңдар , армысыңдар , Адамдар! – деп Мұқағалидың салемдесу салтымен бастайық.
Қош келіпсіздер, өлең сүйер , өнер сүйер қауым!
Жүргізуші: Біздің халқымызда біртуар азаматтар аз болған жоқ. Қазір де аз емес. Кейінгі қауымға өнеге – өсиеттерін қанатты қалам арқылы қалдыра білген зерделі ақын – жазушыларымыздың бірі, тіпті бірегейі Мұқағали Мақатаев десек,қателеспейміз. Өйткені,оқырманның қай кезде де көңіл-күйін тамыршыдай тап басатын жыр-құдірет Мұқағали ақынға ғана тән.
Ақынның өмірбаяны:
Оқушы: Қарасаз.
Ән «Туған өлке»
Жүргізуші:
Мұқағали – 20 ғасырдың «Ғасыр ақыны» боп танылған поэзия пайғамбары. Жары – Лашын Әзімжанова. «Мұқағали мөлдірліктен, тазалықтан,биік адамгершіліктен тұратын еді» дейді ақын туралы естелігінде. Жырларының құндылығы ақын жанының риясыз тазалығында жатыр деп ұғынуымыз қажет. «Ғажап даналықтың бір көзі – Мұқағали поэзиясы» деп баға береді Әбділда Тәжібаев. Ендеше, Мұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрелік.
«Поэзия»
«Мен бір жаққа асығамын»
Жүргізуші: М. Мақатаев өзі айтқан екен: «Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармаларымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды даусындай...»
Жүргізуші: Біз Мұқағали ақынды – поэзия патшасы десек, ендеше, поэзия патшалығының алтын қақпасы оның поэмалары, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді. (Көрініс).
Жүргізуші: Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін
Ол бар болса мен бармын , қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Иә, осынау қарапайым қара өлеңде қанша құндылық,қанша ұлылық жатыр десеңізші! Сірә, Мұқағали ағамыз «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін» деп өмір сүрген сияқты.
Оқушы: «Елім барда»
Хор: «Саржайлау»
Жүргізуші: Тіршілікте көрінеміз өлместей,
Тұра алмаймыз ерегіспей, белдеспей.
Өтейікші бірімізді-біріміз,
Өшіктірмей,өкпелетпей, сен деспей.
Мұқағали қалам тартпаған, Мұқағали жырламаған тақырып жоқ. Оның қай өлеңі болмасын Мұқағалиды Хантәңірі тауындай асқақтата түседі.
«Әйелдер-ай»
Жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы;
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір-бір ер-тұрманы.
Ақын өзі дәл басып айтып кеткендей, тірлігінде аялай білмесек те, Мұқағали дарындылығын кеш мойындап, ол туралы нешелеген естеліктер жазылды. Енді соған құлақ түрелік.(естеліктерді оқиды)
Жары Лашын Әзімжанова:
-38100204152500Мені балаларымен қоса ұйықтатып тастап барып өлең жазуға кірісетін. Осылайша таңды атыратын кездері де бар. Жұмекеңнің: «Мұқаңның шамы таң атқанша сөнбейді» деп әзілдейтіні де содан. Бір жазғанда өндіріп тастайтын. Ал үлкен дүниелерге әбден әзірленіп болған соң барып отыратын. «Ильич», «Райымбек, Райымбек», «Аққулар ұйықтағанда» поэмалары осылай туған. Мұндайда ұйқыны да, тамақты да ұмытатын. Бізге беймәлім бір құдіреттің әсері ме, көзінде нұр жайнап, жүзінде қан ойнап алабұртып отыратын. Ертесіне жазған өлеңін шабыттанып, мақтанып, шай үстінде ең әуелі маған оқып беретін. Сонсоң үйде отыра алмай қанаттанып, Одақ жағына асығатын. Қайсыбіреулердің осы күнгі айтып жүрген «Мұқаң қызып алып, бұрқыратып өлең жазады» дегені өтірік. Ішіп алып өлең жазушы ма еді адам?! Тұнық сезім, тұма сезім ащыны жұтқан сайын лайланып, былғанбай ма. Өз басым өмірімде Мұқаңның мұндай күйде өлең жазғанын көрген жоқпын.
Жүргізуші: «Мені сөзге, жырға үйір еткен, халық сүюге тәрбиелеген – әжем» дейді ақын.
Мұқағали Мақатаев –драматург, сатирик, публицист, жазушы, ұстаз, журналист. «Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір, сырлы, мұңлы поэзия»-дейді Ф.Оңғарсынова.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын,- деп Мұқағали Фаризаға жанын жеген қайғыны жырмен жеткізген.
«Фаризаға»
Жүргізуші: -Ақын деген лапылдаған өрт екен,
Ақындардың жанып өту серті екен,-деп қанатты қалам мен ақ парақты серік етіп, жаратқан жіберген өнерін өлгенше өшірмей , өзіне жүктелген міндетті адал атқарды емес пе? Десе де, «аңсамаймын, аңса алмаймын көп өмірді» деген байыпты болжауы періште құлағына ілініп қалса керек. Сөйтіп, оттай лаулаған қыршын өмір үзіліп кетті.Оның маржан жырлары халқымен бірге жасап мәңгілік өшпейді, қазір жазылғандай,сиясы кеппек емес...
Лай су шаймайтын арым бар ,
Дауылдан қорықпас жаным бар,- деп өткен Мұқағали Мақатаев халқын сүйді,халық ақынды сүйді, -деп бүгінгі «Мұқағали – мәңгі ғұмыр » атты поэзия кешімізді ақынның «Есіңе мені алғайсын» өлеңімен аяқтаймыз.
Қош сау болыңдар!!!