«Са?ынады М??анды сыздап ж?рек» (поэзия кеші)
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы
Жарсай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жангалиева Гауһар Оразалықызы
«Сағынады Мұқанды сыздап жүрек» (поэзия кеші)
Кештің мақсаты: М. Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, түсіндіру, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну.
Дамытушылығы: оқушының жан - жақты ойлануын, ізденуін дамыту, өлеңге деген ынтасын арттыру
Тәрбиелігі: адамгершілікке, Отанды сүюге, табиғатты аялауға, оларды ұмытпай есте сақтауға үйрету.
Көрнекілігі: М. Мақатаевтың портреті, кітап көрмесі.
Өткізу барысы: кеш
Қатысушылар: 5-6 класс оқушылары
Ақынның «Арыз жазып кетейін» өлеңі оқылады.
1 - жүргізуші:
Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар, өлең сүйер, өнер сүйер қауым!
2 - жүргізуші:
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен;
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден.- деп біз бүгін заманымыздың жарқ еткен жұлдызы, лирик ақын М. Мақатаевтың шығармашылығына, өмір жолдарына арналған «Сағынады Мұқанды сыздап жүрек» атты поэзия - кешін өткізгелі отырмыз.
1 - жүргізуші:
Ия, Мұқағали ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол - бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.
2 - жүргізуші:
Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата - баба дәстүрінен ап үлгі,
Ұшан - теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали - поэзия алыбы,- дей келе, Мұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тындап көрейік.
1 - оқушы:
«Поэзия»
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе?
Неге іздедім,
Алабұртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таңдардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырықтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені сезімге у шараптан да, сені іздедім.
Іздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?!
1 - жүргізуші:
Мұқағали қойнауына талай сыр бүккен сайын далаға, оның сылдырап аққан суына, самал желіне, мақпал түніне бала кезден - ақ ғашық болып өссе керек. Алған әсерін өлеңіне өре де білген.
2 - оқушы:
Нені аңсаймын?
Туған өлке, туған жұрт сені аңсаймын.
Ұл де, мейлің адасқан құл де мейлің,
Сені аңсаймын, білмеймін нені аңсаймын.
Қуат берген дәмің мен тұзың маған,
Қаймағыңды аңсаймын бұзылмағанГүлін сүйем, шалғынның бүрін сүйем,
Үнін сүйем масаның ызыңдаған.
Сені аңсаймын, қайнаған ақ бас таулар,
Ақ бас таулар, самайын ақ басқандар.
Сені аңсаймын қазіргі ақ бас шалдарБұрынғы өреден құрт ап кашқандар,
Су кешіп жалаң аяқ от басқандар.
2 - жүргізуші:
Ана - өмір сыйлаушы, бала - бағбаншысы.
Арулар - асыл жандар. Оларға деген махаббат, сүйіспеншілік сезімі - жырдың алтын арқауы. Ана туралы, әйел туралы, жырламаған ақын кемде - кем. Соның ішінде М. Мақатаевтың әйел туралы жазған өлеңдері ерекше. Әйелдің әдемілігін де, сүйкімділігін де керемет жырлап өткен ақын.
1 - жүргізуші:
Әйелдер - ай!
Әйелдер - ай!
Қандайсың?!
Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың.
Біреу жеріп тұрса - дағы қалмайсың,
Біреу сүйіп тұрса - дағы бармайсың.
Әйелдер - ай!
Әйелдер - ай, қандайсың?!
Әйелдер - ай!
Әйелдер - ай, қулар - ай,
Жанарлардың жауын алып тұрған - ай!
Біле тұра бүйректерің бүлк етіп,
Кетесіңдер тыңдай тұра, тыңдамай.
Әйелдер - ай! Әйелдер - ай, қулар - ай,
Әйелдерді еркектерден көп дейді.
Ойбай, Ойбай!...Бола берсін көп мейлі!
Әйел деген әдемі ғой, әдеміӘдемілік бізге көптік етпейді.
Ән. «Арулар асыл жандар»
2 - жүргізуші:
Туған халқын, тілін, Отанын бақыты деп санаған ақын өз бақытын халыққа қызмет етуден тапқан. Ақынға халық деген ұғымның өзі де өмір деген сөз. Халқы бар болса адам қор болмайтындығын айтады.
Оқушы: «Үш бақытым»
1 - жүргізуші:
«Сүйікті балаларым менің,- дейді ақын өз күнделігінде.
- Ақылсыз болмаңдар! Өмір толы қауіп, абай болыңдар! Өмірдің әрбір құбылысына байыппен, ақылмен қараңдар! Жөні жоқ мейірбан, жұмсақ болмаңдар. Өмір барда жауыздық та бар. Мейірбандықпен, жұмсақтықпен жауыздықты жеңуге болады... Әр дайым сақ болыңдар, әрдайым өздеріңді қорғай біліңдер! Балаларым менің! Егер сендер түсінсеңдер ғой мені»...
Ән. «Сәби болғым келеді»
2 - жүргізуші:
М. Мақатаев - адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жастық пен келісімнің жыршысы. Оның өлеңдері шын шабыттың, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кең суреттеген.
3 - оқушы:
О. Махаббат!
Сен әлі тірі ме едің?
Көзімнен ғайып болған күнім менің,
Гүлім едің...
Елтіген түнім едің.
О, Махаббат, сен әлі тірі ме едің?
Мен сені ұмытқанмын.
Жылатқаның есте жоқ, суытқаның.
Суып қаным,
Құлағам құрып хәлімЖығылған отауымның уықтарын.
Содан бері мен сені ұмытқанмын.
О, Махаббат!
Сен әлі тірі ме едің!?
Тірі ме едің...
Мен де енді тірілемін!
Ақ періште, алдыңа жүгінемін.
... Қолдай гөр, ғашықтардың пірі мені!
Ән. Қасымханов Балғынбек 8 сынып оқушысы «Сенің көзің».
1 - Жүргізуші:
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын,- деп Мұқағали Ф. Оңғарсыноваға жанын жеген қайғыны жырмен жеткізген.
4 - оқушы:
Дос болам десең,
Досыңды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.
Достықта жүрмін,
Достыққа жүрмін құмартып!
Өлгелі жүрмін,
Өзіме – өзім мін артып...
Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан,
Достардың барып, ауласында өлген мың артық.
Ән: «Фариза қыз».
2 - Жүргізуші:
«Ақынның ақындығы атақта емес, ақынның ақындығы арда ғана,- деп арым - өлеңім деген мұратпен ғұмыр кешкен ақиық ақын Мұқағали халқына «бірге туған жан дүниесі» өлеңдерін қалдырды. Ол табиғатпен, тағдырмен, бәрімен адал сырласты. Оның өлеңдері бүгін де шаршағанға әл, шөлдегенге нәр, сүйгенге сырлас, мұңайғанға мұңдас боп адалдық, татулық белгісін тербеп тұр.
1 - Жүргізуші:
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстімЖыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай, Мұқағали мұралары ешқашан да өлмек емес.
2 - Жүргізуші:
Құрметті қонақтар! Осымен жыр Музасы - Мұқағали Мақатаевтың мерейтойына арналған «Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек» атты бағдарламамыз мәресіне жетті.
Сөз соңында, әрқашан ақынды еске алып, жырларын оқи жүрейік дей отырып, кешті «Есіңе мені алғайсың» әнімен аяқтайық.