?рнектерді тепе-те? т?рлендіру ашы? саба?


Сыныбы: 7 «Ә» сыныбы
Пәні: алгебра пәні
Мерзімі:Пән мұғалімі: Шаханова Зульфия Тамабекқызы – І санатты математика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «Өрнектерді тепе-тең түрлендіру»
Сабақтың мақсаты: Қысқаша көбейту формулаларын қолданып, өрнектерді тепе – тең түрлендіре білуге үйрету, тиянақты білім беру, практикада білік дағдысын қалыптастыру, есептерді өмірде қолдана білу дағдысын қалыптастыру, өзіндік және танымдық тұлғасы қалыптасқан оқушы қабілеттілігін дамыту.
Міндеттері:
Бүтін көрсеткішті дәреженің негізгі қасиеттері мен қысқаша көбейту формулаларын білуі тиіс;
Өрнектерді тепе – тең түрлендіруде қасиеттерді тиімді қолдана білуі тиіс;
Алгебралық өрнектерді түрлендіруде оқушылардың білім-білік дағдысы қалыптасып, есептерді дұрыс шығара білуге тиіс.
Табыс критерийлері:
Қысқаша көбейту формулаларын қолданып, өз беттерінше есептер шығара алады.
Берілген өрнектерді тепе – тең түрлендіре білуге үйренеді.
Оқушылар есептерді дұрыс шығаруға, нақты дәлелмен есеп шығаруға үйренеді.
Әдіс-тәсілдері: жұптық, топтық, зерттеушілік әңгіме
Ресурстар: оқулық, интерактивті тақта, постерлер, үлестірмелі қағаздар, түрлі түсті қағаздар
№ Сабақ кезеңдері Уа-қы-ты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Күтілетін нәтиже
I Ұйымдас-тыру іс-әрекеті 2 мин Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгелдейді. Оқушыларды бағдаршам түстері арқылы 3 топқа бөледі.
Сынып кезекшісі сабақта кім жоқтығын айтады, реттеліп отырады және топқа бөлінеді.
Оқушылардың дайынды-ғын мұғалімнің бақылауы Оқушылар-да жақсы көңіл-күй қалыптаса-ды
II Үй тапсырма-сын тексеру 5 мин Алдыңғы сабақтағы «а3±в3 формулаларын қолданып көбейткіштерге жіктеу» тақырыбына берілген үй тапсырмасын №422, 424, 426 (тақ) жұппен, топпен тексеруге бағыт беру Үйде орындаған тапсырмала-рын салыстыра отырып, жұппен және топпен тексереді, бір-бірінің қатесін табады, талқылайды Критерий-лер бойынша өзін-өзі бағалайды Оқу материалдарын қайталайды, жұппен және топпен жұмыс жасауға дағдылана-ды
III Өткенді қайталау 10 мин 1.«Сұрақты ұстап ал» ойыны. Допты жеке оқушыға лақтыра сұрақтарға жауап алады.
а) Қысқаша көбейтудің неше түрі бар?
ә) Екі өрнектің кубтарының қосындысы неге тең?
б) Екі өрнектің кубтарының айыр масының формласы?
в) Қосындының толымсыз квадраты деген не?
г) Айырманың толымсыз квадраты деген не?
2. «Сәйкестік тестін» интерактивті тақтадан тапсырманы оқиды, жауапты ауызша қабылдайды.
9a2-4b2=
Н.8a3-12a2b+6ab2-b3
(a-2b)2=
О. (3a-2b)(3a+2b)
(2a+b)2=
Е. (3a-2b)(9a2+6ab+4b2)
(2a-b)3=
Р. a2-4ab+4b2
(3a+2b)3=
Б. Б.27a3+54a2b+36ab2+8b3
7a3-8b3=
К. (2a+b)(4a2-2ab+b2)
8a3+b3=
Ы. 4a2+4ab+b2
Жасырын сөз: «ОРЫНБЕК».
Мұғалім Қазақстан Ғылым академиясының физика-математика ғылымдарының академигі О.Жәутіков туралы және оның еңбектері туралы қысқаша мағлұмат береді. 1.Қойылған сұрақтарға оқушы жеке-жеке жауап береді
2. Оқушылар мұғалімді тыңдайды, өз ойлары мен пікірлерін ашық айтады.
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға белсене жауап береді
Оқушы өзін-өзі бағалау парағын толтырып отырады Қойылатын сұрақтар арқылы білім мен біліктерін қалыптастыру
IV Есептер шығару
Сергіту сәті 15 мин 1. Тепе-теңдіктің математикада қалыптасуы туралы «Арабтардың тепе-теңдік ғылымы» атты видеоны ұсынады.
2.Оқулықпен жұмыс. №446 (ауызша есеп) №449(1,2,3), 466(1,2), 478 (1)
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулі бойынша диалог, топтық әңгімені, сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша диалогтік оқытудың механикалық есте сақтау үлгісі және анықтамаларды қайталатып отыру арқылы есте сақтауды анықтайды, ой бөлісу арқылы диалогтің талқылау үлгісін қолданады. Оқушы алдынғы тақырыпты қайталайды және ойланады, қысқаша көбейту формуласын пайдаланып есептер шығара біледі
Бағаладың критерий-лері бойынша оқушы өзін-өзі бағалайды Берілген тапсырманы уақытылы орындайды, сұрақтарға нақты жауап береді. Кітаптағы тапсырма-ларды топпен бірігіп жұмыс жасайды, талқылайдызерттейді.
V Қорытын-дылау 7 мин «Шатасқан баулар» ойынын ұсынады (берілген қате есептердің, формулалардың дұрыстығын тауып, постерге геометриялық фигура құрастыруға тапсырма береді ) Қайталайды және ойланады, қысқаша көбейту формуласын пайдаланып есептер шығара біледі Өз ойларын ашық айтады.
Постер арқылы бар білімдерін топпен талқылап ортаға салады Өз пікірлерін ортаға салады,
бір-біріне түсіндіреді, тақырыпты жинақтайды
VI Бағалау 4 мин Бағалау парақшаларын талқылайды, бағалайды Оқушы өзін-өзі бағалайды Әр оқушы бағалау критерий-лері бойынша бағалана-ды Оқушы өзін- өзі бағалайды
VII Рефлексия 2 мин БҮҮ кестесін таратады БҮҮ кестесін толтырады Оқушы өз ойын ашық жазады
БҮҮ кестесі
Білетінім Үйренгенім Үйренгім келеді
Өзін-өзі бағалау парағы
Оқушының аты-жөні:______________________
№ Тапсырмалар Бағалау критерийлері Ұпайлар саны Барлық ұпайлар саны
1. Үй тапсырмасы А) Кате орындалды
Ә) Дұрыс болды 0 ұпай
1 ұпай 2. «Сұрақты ұстап ал» ойыны А) Сұраққа жауап берген жоқ
Ә) Сұраққа жауап берді 0 ұпай
1 ұпай 3. «Сәйкестік тесті» А) Сәйкестікті таппады
Ә) Сәйкестікті тапты 0 ұпай
1 ұпай 4. Есептер шығару А) Есепті түсінбеді
Ә) Қысқаша көбейту формулаларына сала білді
Б) Формулаларды пайдаланып, өрнектерге амалдар орындай білді
В) Тепе-теңдікті дәлелді
0 ұпай
0,5 ұпай
0,5 ұпай
1 ұпай 5. «Шатасқан баулар» ойыны А) Дұрыс есептер мен формулаларды таппады
Ә) Қатесі бар есептер мен формулаларды тапты
Б) Есептердің қатесін тауып, геометриялық құрастыруға белсене ат салысты 0 ұпай
0,5 ұпай
1 ұпай Бағалау критерийлері: 30-35 ұпайлар - «5»
29-18 ұпайлар - «4»
9-17 ұпайлар - «3»