Презентация на тему: Б?лшек-рационал ?рнектерді тепе-те? т?рлендіру 7 класс


Күні: 13.04.2015ж
Пәні:Алгебра
Пән мұғалімі: Болат А.Қ.
Сыныбы: 7 «Б»
Сабақ тақырыбы: Бөлшек – рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіру
Жалпы мақсат: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулін басшылыққа алып, осы тақырып бойынша оқушылардың білім дәрежесін анықтау, алған білімдерін тиянақтау;
Сабақ міндеті: Оқушыларға рационал бөлшектің негізгі қасиеті мен оларға амалдар қолдану арқылы рационал бөлшектерді түрлендіре білуге үйрету;
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық дағдысын қалыптастыру,
пәнге қызығушылығын арттыру;
Ұжыммен және өз бетінше еңбек етуге, жауапкершілікке, мақсатқа жету үшін табандылыққа тәрбиелеу.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
7-сыныпқа арналған алгебра оқулығы
Ғаламтор материалдары
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Берілген бөлшек - рационал өрнектерді тепе – тең түрлендіре біледі.
Бөлшек - рационал өрнектерді тепе – тең түрлендіру тақырыбына есептер шығарады.
Бөлшек - рационал өрнектерді түрлендіруге берілген тапсырмаларды орындау кезінде білім мен біліктерді қолдана білу дағдыларын жетілдіреді.
Сабақта қолданылатын материалдар: Деңгейлік тапсырмалар
Тарихи мағлұмат
Бағалау критерийі
Бағалау бетшесі
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер
АКТ. Сыни тұрғыдан ойлау. Оқу үшін бағалау мен оқытуды бағалау
1. Диалог
2. Жеке жұмыс
3. Топтық жұмыс

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Уақыты Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
5 минут Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру
Топқа бөлінеді Оқушылардың сабаққа қатысын, оқу құралдарын тексеріп, жылы шыраймен сәлемдесу.
Ынтымақтастық оқу дағдыларын қалыптастыру мақсатында
«Алтын ереже» құрастыру
Уақытты тиімді пайдалану;
Топтағы жұмысқа кедергі жасамау;
Барлық пікірді мұқият тыңдау;
Әр адам өз ойын айтуға құқылы;
Бір-бірімізді әділ бағалау; Оқушылар сәлемдеседі, мұғаліммен және өзара көңіл күйлерімен бөліседі.
Топ жетекшісін сайлайды
12 минут Өткен тақырыпты қайталау
Математикалық диктант
Ауызша сұрақ-жауап
«Мектеп» бекеті
«Бөлшек» тобы
«Рационал» тобы
«Өрнек» тобы
«Дәреже» тобы
a - ның квадраты
Екі еселенген b саны
х пен у қосындысы
х – тің квадраты мен у – тің кубының қосындысы
а мен b – ның екі еселенген көбейтіндісі
с мен d – ның үш еселенген көбейтіндісі
а мен b сандарының қосындысының квадраты
х пен у – тің квадраттарының айырымы
b мен а – ның квадратының көбейтіндісі
а – ның кубы мен екі еселенген b –ның көбейтіндісі Тапсырманы орындап болғасын, әр топ оқушылары бірін- бірі бағалайды.
Сол баға бойынша қандай вогонға отыратынын анықтайды
Өткен сабақта алған білімдерін нақтылап, постер құрастырып, қорғайды.
Бағалау критерийі бойынша топтар бірін – бірі бағалайды
10минут Білімді тиянақтау
«Білім» бекеті
Оқулықпен
жұмыс № 295 (2) № 295 (3)
№ 296 (1) № 296 (2) Оқушылар есеп шығару барысында өз ойларын ортаға салады.
Топ жетекшісі бағалайды.
2 минут Сергіту сәті
Аталған сан қандай да болмасын санның квадраты болса, 1 қадам алға;
Аталған сан қандай да болмасын санның кубы болса, 1 қадам артқа;
Аталған сан бұл шарттарға сәйкес
келмесе, қолдарын соғады.
4; 6; 8; 11; 9; 21; 16; 40;
27; 32; 25; 50 10 минут Өзіндік жұмыс
«Теңіз» бекеті
Деңгейлік тапсырма
Амалдарды орында
Купе

Плацкарт

Жалпы

Өрнекті ықшамда
Купе

Плацкарт x2 -254a+4∙a+1x-5-x+76= Жалпы

Бөлшек түрінде жаз
Купе

Плацкарт

Жалпы
Оқушылар тапсырманы жеке орындайды және өзін – өзі бағалайды.
3 минут Қорытындылау
Бағалау рейтингісі
20 - 25 ұпай “5”
14 – 19 ұпай “4”
13 – ке дейінгі ұпай “3” Бағалау рейтингісі
бойынша оқушылар қорытынды бағаларын шығарды
1 минут Үйге тапсырма
«Мектеп» бекеті
§15. Рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіру тақырыбы бойынша
есептер
шығарып жаттығу. 2 минут Рефлексия
Сабақтан алған әсерлерін стикер және
«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ, БІР ТІЛЕК» арқылы жеткізеді. арқылы білдіреді
Топты бағалау критерийлері:
Тақырыпты
ашуы
Пікірінің дәйектілігі Ережелерді
білуі Сөйлеу
мәдениеті Қорытынды
«Жауқазын» «Қызғалдақ»
Бағалау дискрипторы:
0 – мүлдем ештеңе жасалмады
1 – жұмыс жасалды, жеткіліксіз
2 - сәтті
Бағалау бетшесі
Билет “Мектеп” “Кеме” “Білім” “Теңіз” қорытынды
Тегі _________________________________________________________