Ашы? саба? Волейбол.Екі ?олмен т?меннен ж?не жо?арыдан допты алу
«Кішкентай жұлдыздар» би байқауыАрмысыздар, ардақты ата - аналар, аяулы бүлдіршіндер, қадірменді қонақтар! Бүгінгі «Кішкентай жұлдыздар» сайысына қош келдіңіздер. Сайымызды ашу үшін сөзді мектеп директорының орынбасары Космуратова Гүлбаршын Өтепқызына беріледі.Әр шаңыраққа әсем үнімен, ерке қылығымен бақыт сыйлайтын, әр отбасының базары мен ажары болған бүлдіршіндер бүгін ортамызда би билеп өнерлерін көрсетпек. Бүлдіршіндердің өнерін сараптайтын қазылар алқасымен таныстырамын:
1.Дене тәрбиесі пәнінің Қонарбаева Сара Әбдешқызы
2. Музыка пәнінің мұғалімі:Тилепбергенова Жұмагүл
3. Тарих пәнінің мұғалімі: Бисенгалиева Жайнагүл Қабиқызы
Сайыстың шарттары:
Қатысушы өздеріне берілген әр ұлттың биін билейді. Қатысушының биге икемі, киімі, сахнаны меңгеруі ескеріледі.Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,Жүздерінен мейірімді нұр тамарАлдарыңда жауқазындай құлпырғанБіз бақытты балғын шақты балалар,- деп кезекті биші қыздарымызға береміз.Би билейді талмайды,Әсем ән де шырқайдыСүп - сүйкімді ЖанельдіБарлық бала тыңдайды.Жанельдің орындауында қазақ биі «Қамажай».Әдепті ол сақтайды,Шындықты әркез жақтайдыАйдананы апайларТәртіпті деп мақтайды.Айдананың орындауында «Бақыт» биі.Үлкенге сәлем береді,Кішіге қамқор жүрегіАлмас кызы МерейдіңКезегі енді келеді,- деп би кезегін Мерейге береміз «Қамажай»Бүгінгі би жарысқаШықты Дильназ қызымызӨнерде де, өмірдеАшық болсын жолымыз,- деп Дильназды «Шашу» биімен шақырамыз.« Алау болып жанамын,Жеңісті өзім аламын»,-Деп келіпті Балжан қызҚуана қарсы аламыз!Сүйкімді бүлдіршін Балжанның « Япырай» биін тамашалайық!Ой арманын кешемін,Ақылды боп өсемінБүгінгі би сайыстаӨнердің сырын шешемін,- деп келген Балаусаны «Аққу» биімен қарсы алайық!Ал мен ақын боламын,Сусылдаған қаламымДейді біздің Жансая«Таудан асқан талабым»Жансаяның «.» биін тамашалайық.Кезекті ересектер тобына береміз.Мен де биші боламын,Жұлдыз болып жанамынДеп жүр біздің НұрилаШұғыладай боламын!Нұриланы «Ақшолпан» биімен қарсы алайық.Ертеңгі күнін ойлайтын,Биіктерге самғайтынМеруерттей әсем қызымызөнерден құр қалмайтын,- деп Меруертті «Қара жорға» биімен қарсы алайық.Өзі алғыр, жан - жақты,Қызымыз бар сымбаттыНұрсәуле біздің әрқашанҰстайды өзін салмақты,- деп келесі биші қызымыз Нұрсәулені ортаға шақырамыз.Өнерменен көрсетейік біздер қызмет,Әділқазы сіздерге де көп - көп рахмет!Көрсетпесін өмір - өзен еш тауқымет,Ризамыз ата - анаға жүрген демеп!«Балғын бишілер» сайысына қатысушы бүлдіршіндерге өнер биігіне самғаған қанаттарың талмасын деп сайымызды аяқтаймыз.