Тарихи т?л?алар факультативтік курс ба?дарламасы мен жоспары


Тасқала аудандық білім бөлімі
Жалпы білім беретін Амангелді орта мектеп-балабақшасы
«Тарихи тұлғалар»
11 сынып оқушыларына арналған факультативтік курс
Құрастырған:Владимирова Жадра Владимировна
І санатты тарих пәнінің мұғалімі
2014-2015 оқу жылы
Аудандық білім бөлімінің эксперттік комиссия отырысының шешімімен ұсынылады
Хаттама№ « »--------------------2014ж
Құрастырушы: ЖББ Амангелді орта мектеп- балабақшасының
І санатты тарих және құқық пәнінің мұғалімі
Владимирова Жадра Владимировна
Рецензент: ЖББ Амангелді орта мектеп- балабақшасының
Бірінші санатты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі, оқу ісінің орынбасары
Габдуллина Анара Адиетовна
«Тарихи тұлғалар» факультативтік курсы оқушылардың Қазақстан тарихын игеруге, ұлы тұлғалардың өмірі мен еңбегі, жетістіктері мен ерлігі туралы білімін кеңейтуге тиімді құрастырылған.Сонымен қатар оқушылар тұлғалардың үлгілі өмірінен тәрбие алып, болашақта Қазақстан Республикасының туын биікке ұстап, беделін асқақтатуға бағытталады.
11 сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық ретінде үлкен көмек.
Бұл факультативтік курс балалардың жас ерекшеліктеріне және талаптарына сай құрылған.
Мазмұны:
Бағдарлама
«Тарихи тұлғалар» факультативтік курстың жоспары
Сабақ үлгілері
Пайдаланған әдебиеттер
Бағдарлама
«Тарихи тұлғалар» факультативтік курстың өзектілігі- дүние жүзі, Қазақстан тарихында өшпес із қалдырған, өнегелі де данышпан тұлғаларды оқушыларға таныту.
Белгіленген тұлғалардың өмірі мен еңбегі соңғы жылдары елімізде кеңінен таралған «Аңыз адам» журналына шыққан. Елбасымыздың «20 қадам» стратегиялық мақаласында айтқандай Қазақстан тарихының жаңа қырлары мен сырларын оқушыларға таныту және патриоттық сезімдерін нығайту- басты ұстанымыз. Сондықтан осыны басшылыққа ала отырып бағдарламаны құрдым.
Бұл курста берілген өнегелі өмірі мен ержүрек ерліктің үлгілі өкілдері, тарихтың ұлы адамдарының таусылмас білімі мен тәлім-тәрбиесі оқушыларға ой қалдырады деп сенемін. Ежелгі және Орта ғасыр ойшылдарынан қазіргі заман тұлғаларының өмірі, патриоттық сезімдері мен білімге құштарлығы оқушыларды жігерлендіріп, болашақта үлкен істерге бастайды, Еліміздің гүлденуіне, бәсекеге қабілетті , ой-өрісі дамыған тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді деп сенемін және осы бағытта тәрбиелеп, білім беремін.
Бағдарлама 34 сағатты қамтиды.
Кіріспе бөліміне 1 сағат берілген.Мұнда оқушыларға тарихи тұлғалар деген кімдер, тарихта қандай із қалдырған адамдарды тұлғалар қатарына жатқызуға болады, сонымен қатар курстың мақсатымен таныстыра отырып, жоспар бойынша белгіленген тұлғалар тарихына байланысты қосымша мәліметтер жинауға тапсырмалар беріледі.
Бағдарламаның негізігі бөлімінде 5 сағат ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи тұлғалар өміріне беріледі.Олар :Ежелгі Қытай данышпаны Конфуций, ортағасырлық ғұламалар Әл Фараби, Фердауси, Омар Хайям және тарихта өзінің орнын қалдырған монғол билеушісі Шыңғыс хан туралы мәлімет беріледі.Мұнда Конфуцийдің даналық сөзеріне үлкен көңіл бөліп, өмірмен байланыстыру.Оқушыларды адамгершілікке, білімге шақыру.Әл Фараби тақырыбында оның шығармашылығы туралы айтылады,Фердауси тақырыбында «Шаһнама»-«Патшалар кітабы» туралы айтылады.Сонымен қатар Фердаусидің нақыл сөздері мысал келтіріліп, шыншыл болуға,білімді болуға,еліне қызметті адал атқаруға бағыттау.Атақты философ Омар Хайямды оқытқанда оның еңбегі, өнегелі сөздері өмірінің тарихи тізбесін көрсету керек.Трактаттары туралы айту.
Бағдарламада сонымен қатар 8 сағат Қазақ хандығы тұсындағы тарихи тұлғаларға беріледі. Мұнда халқымыздың атақты төре билерімізге арнайы 1 сағат берілген .Төлеби, Қазыбек би, Әйтеке билердің даналық сөздері, ел ісіндегі беделі, жаугершілік заманындағы салихалы істері, ұлтжандылық сезімдеріне тоқтала келе оқушыларды сол тұлғалар секілді адал, дана, іскер, өжет болуға бағыттау қажет.
Қазақ хандығын құрған Жәнібек пен Керейге сонымен қатар жонғар шапқыншылығы кезінде өздерінің шеберлігімен көзге түсіп, елді біріктірген, халқын сақтауға тырысқан Абылай мен Әбілқайыр хандардың ерлігі, өмірі,саясаты туралы айтылу қажет.Кенесары Қасымұлының еңбегі, билеуі,даналығы мен саясаткерлігіне де арнайы тоқталу керек.Болашақта осы тұлғаларға арналған сұрақтар ҰБТ-да кездескен кезде оқушылар оңай жауап бере алады.Сонымен қатар қазақтың батырлары Қабанбай,Бөгенбай,Наурызбайға да үлкен көңіл бөлу керек.Олардың жоңғар шапқыншылығы кезіндегі ерлігі, әскери іс жүргізу шеберлігі және патриоттық рухтары оқушыларды болашақта өз елінің нар тұлғалары, алдыңғы қатарлы патриот азаматтары ретінде тәрбиелеуде өз үлесін қосады.Исатай мен Махамбетті оқуға 1 сағат беріледі.Екі тұлғаның өмірі мен ерлігі, елі үшін жанашырлығы, қатігездікке қарсылығы туралы айтылады.Бұқар жырауды айтпай кетуге болмайды.Бұл тұлға қазақ тарихында төрден орын алады.Оның кеңестері мен ел алдындағы беделі, саясаттылығы, данышпандылығы туралы сөз қозғалып, хандықтағы орнын көрсету қажет.
Бағдарламаның келесі бөлімі 19-20ғғ тарихи тұлғаларға арналған.18 сағат көлемінде берілген.Мұнда мәдениет қайраткерлері,ағартушы ғалымдар, Алаш қайраткерлері: Құрманғазы Сағырбайұлы, Қажымұқан Мұңайтпасов, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Тұрар Рысқұлов, Әлихан Бөкейханов,Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынов туралы айтылады.Бұл тұлғалардың өмірі, еңбегі, ел тарихында қалдырған іздері, даналық сөздері, тәуелсіздік жолындағы еңбектері айтылады.Сонымен қатар Жамбыл Жабаев,Қаныш Сатпаев, Күләш Бәйсейітова туралы сөз қозғалып, олардың қазқтың дамуына қосқан зор үлестері айтылады. Дүниеге танымал еңбектері туралы,өнері туралы мәлімет беріледі.Ұлы Отан соғысы кезінде жеңісті жеткізу үшін өзінің жанын қиған, ерен еңбек көрсеткен, өскелен ұрпаққа ерлігін өнеге етіп қалдырған, бала тәрбиесіне өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлғалар туралы айтылады.Олар: Байыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Рақымжан Қошқарбаев,Мәншүк Мәметова, Әлия молдағұлова, Хиуаз Доспанова.Сонымен қатар 20ғ үлкен тұлғаларының бірі Мұхтар Шаханов пен Олжас Сүлеменов туралы мәлімет беріп, Отанының ертеңін ойлаған ағалардың еңбегі, экологиялық апаттың зияны туралы айтып, сол апатты қайтарудағы алғашқы қадамдары туралы сонымен қатар Тәуелсіздік таңын жақындату үшін өзінің жанын құрбан еткен Қайрат Рысқұлбеков туралы , оның өмірі,желтоқсан оқиғасы туралы баяндай. Оқушылардың патриоттық сезімдерін оятып, елінің,жерінің ,халқының тағдырына, тарихына, өміріне белсенді араласып, тәуелсіздікті сақтап қалу үшін дамыған елдер арасында туымызды биік ұстауды айта келе, бәсекелестікке қабілетті білім алуына мүмкіндік жасау.Бағдарламаның соңғы 2 сағаты еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналады. Елбасының өмірі,еңбек жолы, тәуелсіз Қазақстанның тарихының нық қадам басуындағы бағдарламалары, салихалы саясаты туралы баяндау көзделді.
Бағдарламаның меңгерудегі күтілетін нәтиже: оқушылар тарихи тұлғалардың өмірі, еңбегі және ерлігі арқылы тәрбиеленеді, болашақта өз елінің дамуына үлесін қосып, әлемдік білім кеңістігінде өз орнын табуына, еліміздің мәртебесін көтеруіне ,елінің тарихын құрметтеуге тәрбиеленеді.Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру барысында алған білімдерін қолдана алады.

«Тарихи тұлғалар» факультатив жоспары

р/с мазмұны Сағат саны
1 Кіріспе 1
Ежелгі және Ортағасырлық тарихи тұлғалардың өмірімен таныстыру 5 сағат
1 Әбу Насыр Әл-Фараби 1
2 Әбілқасым Фердауси 1
3 Омар Хайям 1
4 Конфуций 1
5 Шыңғыс хан 1
Қазақ хандығы тұсындағы тарихи тұлғалар 8 сағат
1 Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би 1
2 Жәнібек пен Керей 1
3 Абылай хан 1
4 Әбілқайыр хан 1
5 Кенесары Қасымұлы 1
6 Исатай Тайманұлы 1
7 Махамбет Өтемісұлы 1
8 Бұқар жырау 1
19-20ғғ тарихи тұлғалар 18 сағат
1 Құрманғазы Сағырбайұлы 1
2 Қажымұқан Мұңайтпасов 1
3 Шоқан Уәлиханов 1
4 Абай Құнанбаев 1
5 Ыбырай Алтынсарин 1
6 Мағжан Жұмабаев 1
7 Тұрар Рысқұлов 1
8 Әлихан Бөкейханов 1
9 Мұстафа Шоқай 1
10 Ахмет Байтұрсынов 1
11 Жамбыл Жабаев 1
12 Қаныш Сатпаев 1
13 Күләш Байсейітова 1
14 Бауыржан Момышұлы
Талғат Бигельдинов
Рақымжан Қошқарбаев 1
15 Әлия Молдағұлова
Мәншүк Мәметова
Хиуаз Доспанова 1
16 Мұхтар Шаханов
Олжас Сүлейменов 1
17 Қайрат Рысқұлбеков 1
18 Дінмұхаммед Қонаев 1
Тәуелсіздік тұлғасы 2 сағат
1 Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2

Сабақ үлгілері
Тақырыбы: Әбу Насыр әл-Фараби
/870-950/
Мақсаты:Ұлы ғұлама туралы оқушылардың білімдерін толықтыру
Фараби туралы қосымша мәліметтер жинақтау арқылы шығармашылығымен таныстыру.
Жоспары:
1 қызығушылығын ояту
Әбі Насыр әл-Фараби кім? /оқушылар жауап береді/

ақынұлы ғұлама
екінші ұстазсоциолог
сазгер
ойшылматематик
философШығыс ғұламасы домбыра тартқан
2 мағынаны тану
а/ғалымның дүниеге келуі, есімінің мағынасы.
б/домбыра атасы-әл-Фараби
с/өлеңдері мен ол туралы аңыздар
«Аңыз адам» журналынан мәлімет беру
Толық аты-жөні Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн тархан Ұзлағ әл-Фараби ат-Түрки.
Азан шақырып қойған аты-Мұхаммед, әкесінің аты-Мұхаммед, атасының аты-Тархан, бабасы-Ұзлағ.Кейде оны жәй «Тархани» деп де атайды.Жастайынан домбыра тартқан.Негізгі шығармалары: «Даналықтың жаухарлары», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Музыка туралы үлкен кітап», т.б.
Әл-Фараби Шығыста аристотельден кейінгі екінші ұстаз аталады.
3 толғаныс сәті /бес жолды өлең/
Қандай? Дана
Қандай? Ойшыл
Не істеді? Құнды еңбектер жазды
Сөйлем: Фараби Шығыстың ғұламасы
Синоним: Тұлға
/оқушылар ауызша тез жауап береді/
Ү/т қосымша мәлімет жинау, слайд жасау./2 топқа тапсырма бөлініп береді/
Тақырыбы: Әбілқасым Фердоуси
/935-1020жж/
Сабақтың мақсаты: Фердаусидің өмірі және шығармашылығы туралы мәлімет беру.Нақыл сөздері арқылы оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, білімге бағыттау.
Жоспары:
І. Қызығушылығын ояту
Заманында ұлы Абай:
Физули,Шәмси,Сәйхали,
Науаи,Сағди,Фердауси,
Хожа Хафиз-бу һәммәси
Мәдәт бер я шағири фәрияд,-
Деп жазған екен.
/оқушыларға Фердаусидің даналығын Ұлы абай мойындап, оның шығармаларын алдыңғы қатарға қойғанын айту/
ІІ. Мағынаны тану
Фердауси өмірі
Фердаусидің елді рухтандыратын шығармалары
Нақыл сөздері
ІІІ. Толғаныс сәті
5 жолды өлең арқылы қорытындылау
Әбу-л-Қасым Фердауси Иран, Фердаус қаласында шамамен 940-1020-1030жж дүниеге келіп, өмір сүрген шығыс ақыны.
«Шаһнама» дастанын 35 жыл бойы жазған.
Оның балалық шағы туралы мәлімет жоқ.Фердауси еркіндік пен батылдықты көркем мінез бен таза тілді отбасынан үйренеді, ол бала кезінен ақ білім , парсы , пехлеви, араб тілді оқыған, қалам, логика, философия білген.
Нақыл сөздері:/оқушыларға жаздыру/
Көктен шындық сәулесін шашса егер,
Ғайып болар өтіріктің арбауы.
Бақыт алды-ақыл-ой, онсыз күнің қасірет,
Тек ақылға жүгінсең, досың болар береке.
Ақылменен атқарсаң әр ісіңді,
Сақтарсың пәктігін жүрегіңнің.
ІІІ. Толғаныс сәті
5 жолды өлең
Теңдесі жоқ
Асыл ақыл
«Шаһнаманы» ұрпақтарға тарту етті.
Фердауси Шығыс әдебиетінің жұлдызы
Ақын
Сабақ жоспары
Тақырыбы: Омар Хайям
/1048-1131/
Мақсаты:Оқушыларға философтардың ақыны, ақындардың философы, дүниеде өз замандастарының алдында мойындалмай кеткен дара Омар Хайяммен таныстыру, ғылым мен білімге баулу.
Жоспары:
І. Қызығушылығын ояту
Омар Хайям-бүкіл ақындардың арасындағы философ, өзінің трактаттарына бүкіл философияны сыйдыра білген ақын.
Э.Виндфильд
Ағылшын ақыны,аудармашы.
Оқушыларға Омар Хайям туралы айтылған пікірлер мен көзқарастарды оқу.Атақты ақындар, философтардың ойларын оқу.
ІІ. Мағынаны тануфилософ

Омар Хайям



музыка зерттеушішідәрігер-емші
физик ақынматематик
астролог
1048ж17 мамырда Хорасанда , Нишапур қаласында,киіз үй жасаушы қолөнер отбасында дүниеге келген.
Еңбектері:
«Арифметиканың күнделігі»
«Алгебра және әл-мукабала мәселелерін дәлелдеу туралы трактат»
«Ньютон биномы»
«Ақыл таразысы»т.б.
ІІІ.Толғаныс сәті
Өлеңдерінен үзінді оқу
Хронологиясын жазу.
Тақырыбы: Конфуций
Б.з.д. 551-479жж
Мақсаты: Қытай халқының ұлы ұстазы, асқан ойшыл-философы туралы оқушылардың білімдерін толықтыру.Білімділікке, ізденімпаздыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Жоспары:
І. Қызығушылығын ояту
Конфуций туралы не білеміз?


Ұлы ұстазойшыл-философ
551ж Лу патшалығында дүниеге келген
Мемлекет қайраткері
ІІ. Мағынаны тану
Б.з.д. 551ж-дүниеге келді
530ж-өз мектебін ашты
525ж-Будда өз уағызын насихаттады
518ж-Чжоу патшалығының астанасында халық дәстүрі мен музыкасын зерттеді.
501ж-провинция басшысы болды
500ж-әділет министрі
497ж-496ж-Конфуций Лу дан қуылып, Солтүстік Қытайға барды.
483ж-Луға қайта келді
480ж-Будда дүниеден өтті.
479ж-Конфуций дүние салды.
Нақыл сөздері:
Жақсы адам-Парызын ойлайды
Жаман адам-Пайдасын ойлайды.
Мені ел танымай қалатын болды деп қорыққанша,
Мен осы елді танымай қалмасам екен деп қорқу керек.
Қосымша: «Аңыз адам» 9/2012жмамыр./оқу, мәлімет жазғызу,слайд жасату/

ІІІ. Толғаныс сәті
5 жолды өлең
Ойшыл
Білімді
Ел биледі
Конфуций данышпандығы елге үлгі болды
данышпан
Сабақтың тақырыбы: Шыңғыс хан
1155-1227жж
Мақсаты: Ұлы билеуші туралы толық мәлімет беріп, тарихта алған орнын көрсетіп, Қазақ тарихына тигізген әсері туралы баяндау.билеушінің қатыгездігі мен бірге саясаты, ел билеу стратегиясы, өсиеттерімен таныстыру.
Жоспары:
І. Қызығушылығын ояту

Шыңғыс хан туралы не білеміз?
Шыңғыс ұрпақтары хан болған
билеушімонгол, саясаткер әкесінен ерте қалған.
жаулап алушы қатал хан ұлы тұлға ержүрек
ІІ. Мағынаны тану
Оқушыларға Шыңғыс хан туралы білетін мәліметіне қосымша баяндау.Оның өмірі, хан тағына көтерілгенге дейінгі көрген азабы, сатқындық пен қатыгездік арасында тәрбиеленуі.Осының барлығы оның мінезі қатайтып, қатігездігіне себеп болғанын көрсете келе тарихта алатын орнына тоқталу.Соның ішінде Қазақстан тарихында , Қазақ хандығында оның ұрпақтары ел билеп, тарихымызға үлкен өзгеріс әкелгенін көрсету.Оқушылардың өздеріне баға беруге мүмкіндік жасау.Ойларын тыңдау.

Шыңғыс ханның өсиеттерін оқып, жазғызу.Тәрбиелік мәнін түсіндіру.
- Егер ұлдары әке жолын қумаса, іні аға сөзін тыңдамаса, күйеуінің әйеліне сенімі болмаса, әйел күйеуін жүре тыңдаса, ене келінін ұнатпаса, басшылар қызметкерлерінің жүрегіне жол таба алмаса, игілікті басқа жолдардан молырақ игеріпбайығандар басқалардың да баюына көмектесіп, қол ұшын бермесе, басқа халықтың әдет-ғұрпы мен заңына, ақыл-парасаты мен адамгершілігіне менмендікпен қараса, мемлекет тәртібін мойындамаса, ондай елде айлакерлер мен ұрылар, қылмыскерлер өз Отанының басына қара түнек орнатады.
- Момын халықтың ортасында жүргенде қошақандай момын бол, ал шайқасқа шыққанда жемтік көрген аш бүркіттей бол.
- Сөзді айттың ба, ол жақсы ма, жаман ба, әзіл ме, шын ба, бәрібір оны қайтара алмайсың.Сондықтан әр сөзіңді безбенмен өлшегендей салмақтап айт.
- Арақ-шараптан ақыл да, пайда да, абырой да, қайырымды мінез-қылық та, адамгершілік те күтпе.Ішуді тыюға жігерің жетпесе, шамаңды байқап, мөлшермен іш, мүлдем ішпейтін кісі-ең қадірлі адам.
ІІІ. Толғаныс сәті
Бес жолды өлеңді оқушыларға айтқызу.
Қатыгез
Ақылды
Жаулады
Шыңғыс хан ұрпақтары хан тағына отырған
Темучжин
Үй тапсырмасы. Слайд әзірлеу.
Пайдаланған әдебиеттер:
«Аңыз адам» журналы №12/24/ маусым 2011ж, №11/47/ маусым2012ж, №6/42/наурыз 2012ж,№09/21/ мамыр 2011ж, №6 қыркүйек 2010ж, №19/31/ қазан 2011ж, №19/31/ қазан 2011ж, №23/35/ желтоқсан 2011ж, №9/45/мамыр 2012ж, №7 қазан 2010ж, №9 қараша 2010ж, №8 қазан 2010ж, №1 қаңтар 2012ж, №07/19/сәуір 2011ж, №4/40/ақпан 2
012ж, №13/49/шілде 2012ж, №10/46/маусым 2012ж, №4тамыз 2010ж,№ 15/1/тамыз2012ж, №5/41/наурыз 2012ж, №12желтоқсан 2010ж, №1қаңтар 2011ж, №2/14/№қаңтар 2011ж, №т.б.
Қазақстан тарихы : әдістемелік журналдар
E-mail: kaztar_adis@mail. ruҚазақ энциклопедиясы
Қазақстан тарихы оқулықтар