Баяндама А?ылшын тілі саба?ында рефлексия т?рлерін ?олдану
Ағылшын тілі сабағында рефлексия түрлерін қолдану
Қазақстанның білім беру саласындағы өзгерістер ағылшын тілін үйретуде де жаңа әдістемелерді қажет етеді. Ең бастысы сабақ жүргізудің парадигмасы ( сабақтың өту құрылымы) өзгерді. Ең басты өзгеріс тілді үйрету ғана емес, ол тілді жетік меңгеріп, қарым - қатынас құралы ретінде пайдалана білу, оның коммуникативтік құзіреттілігінде. Ол үшін мұғалім жаңа әдістерді пайдаланып, өз іс - әрекетіне өзіндік талдау жасап, шығармашылық қабілетін жетілдіре отырып, өз білімін жетілдірумен айналысуы керек.
Рефлексия қазіргі заман мұғалімінің кәсіби біліктілігі мен педагогикалық құзіреттілігінің негізігі компоненттерінің бірі болып саналады.
Рефлексия сөзі латын тілінен кірген reflexio - кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда берген. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоқфқа шығаруы». Өзін - өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды. Жаңа дәуір философиялық идеялары "өзіндік" және "мен" ұғымдарына бағытталады. Жаңа құндылық - адамның өзіндік "мен" құндылығы пайда болды. Бұдан басқа да рефлексия жайында айтылған философиялық ойлар негізінен «адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы», «өзіңнің ақылың мен рухыңды өзіңнің бақылауың» дегенге келіп саяды.
Н. В. Кузьмина адам өзін - өзі іске қосу барысында дамуға мүмкіндік алады дей келе, ол үшін әр түрлі дереккөздерден алынған білімді жинақтау, оларды тәжірибеде қолдану үшін жүйеге келтіру, «кері байланысты» жүзеге асыру сияқты әрекеттер жасайтынына тоқталады. Н. Б. Ковалева және И. Н. Семенов кәсіби шығармашылықтағы рефлексияның рөліне байланысты оны әр түрлі кәсіби позицияларға өтудегі икемділік деп есептейді. [3] Білім –бұл мұғалім мен оқушының субъектив-объектив əрекет жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген педагогикалық процесс жүрісі. Адамның тұлғалық дəрежеге жетуі оның қоғам мұраттарына сай қалыптасуы педагогикалық процестен тыс іске асуы мүмкін емес. Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып көрінгенімен, «білім» түсінігі көп мəнділігімен ерекшеленеді. Əдетте, бұл термин мазмұны жағынан келесідей түсініктемелерге ие болуы мүмкін: білім – жалпыадамзаттық құбылыс; білім - əлеуметтік мəдени мұра; білім – жүйе; білім – педагогикалық процесс; білім – нəтиже. Бүгінгі таңда дүние жүзінде білімнің әлеуметтік ролі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасына, ойлау деңгейіне байланысты болып отыр. Осы тұрғыда жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып қоршаған ортаны қорғауға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу – ұстаздардың басты міндеті болмақ. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, оқушы деңгейінің дамуы төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс-әрекеті емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет.
Қазіргі қоғамымызда белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу үшін алған білімнің сапалы да жүйелі болғаны дұрыс. Сондықтан білім беруші мұғалімге де, білім алушы оқушыға да ізденіс пен шығармашылықта жұмыстану талап етіледі. Мұғалімдер үнемі даму үстінде болып, өз идеяларын оқытудың барысында жаңашылдықпен жетілдіріп отырғаны дұрыс. Ал, жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні артып отыр. [7]
Өзін-өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды (Р. Декарт, Д. Локк). Жаңа дәуір философиялық идеялары «өзіндік» және «Мен» ұғымдарына бағытталады. Жаңа құндылық - адамның өзіндік «Мен» құндылығы пайда болды.
Рефлексия - адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау.
Рефлексивтік іс-әрекет оқушыға өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексия нәтижесі дегеніміз – міндеттерді шешу тәсілдерін түсіну. Рефлексияның қай түрі болмасын мақсатпен тікелей байланысты.
Шығармашылық рефлексия – мақсатқа жету нәтижесі, қорытынды ғана емес, жаңа білім мен жаңа мақсаттарға бастама бола алады.
Сонымен, шығармашылық рефлексия – жекетұлғалық құндылық сапаларын қалыптастыруда және өзіндік даму бағытын айқындауда, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған шығармашылық іс-әрекетте ішкі жан дүниесі ресурстары арқылы ой қорытуы.
Рефлексиялық танымдық дағдылар субъектілердің өзіндік басқару қабілеттерін дамытуға, өз әрекеттерінің (танымдық, білімдік, қарым-қатынастық) нәтижелі болуына, олардың өз жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Оның мазмұны баланың өз іс-әрекеттерінің субъектісі ретіндегі өз көзқарасын қалыптастыру: өзіндік тұжырым жасай алу, өзін-өзі бағалау, өзіне сенім қалыптастыру арқылы өзіндік таным, өзіндік қажеттіліктерді айқындау, өз мүмкіндіктерін пайдалану әрекеттерінде жүзеге асырылады.
Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің негізгі компонентерін есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру, орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады. [6]
Көрнекті ғалымдар Ш.А.Амонашвили, В.И. Загвязинский т.б. педагогикалық рефлексияны жаңаша ойлау стиліне жатқызады. В.А. Кан-Калик, А.В.Мурдик, т.б. маманның педагогикалық әрекетке дайындығының құрамына даралық, шығармашылық, авторлық ізденістер мен қатар жетілген педагогикалық рефлексияны да жатқызады. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы»
Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан адам өзінің тұлғалық және кәсіби стереотиптерін шығармашылықпен өзгерте алады. Бұл - өзіндік сана, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі іске қосу, өзін-өзі бағалау сияқты кәсіби мәнді сапалармен сипатталады. Рефлексиялық қабілеті дамыған ұстаз өз оқушыларында осы сапаны дамытуды, дарытуды әсте есінен шығармайды. Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болғандықтан, ол-сабақтың да негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс. Сабақ барысында мұғалім де оқушылар да рефлексия жасауды үйренеді. Рефлексия деген өз жұмысына талдау жасау. Осы жерде ұлы данышпан Абай қарасөздерімен үндестікті көре аламыз. "Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! " деген, біз өзімізге есеп бере отырып, іштей кемшілігімізді мойындаймыз, ол кемшілітің кету себебін бірге іздейміз. Педагогикалық практикада қолдануға болатын мысалдар келтіре кетсек: бастауыш сынып оқушылары өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру, суреттер салу түрінде, ал орта және жоғарғы сынып оқушылары сабақтарда кестелер, диаграммалар, сауалнамалар толтыру, эссе жазу сияқты рефлексифті жұмыс түрлерімен айналыса алады.Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді.
Мұғалімнің басты міндеті:
– оқушының өткізген күні немесе істеген жұмысы жайлы айтқысы, ойымен бөліскісі келетіндей психологиялық ахуал жасау. Әсіресе баланың өзі жасаған әрекеттеріне байланысты басынан өткен сезімдерін қайта оралта алуы, ол жайлы қағазға түсіруі немесе басқаша суреттеуі ерекше жағдайды талап етеді. Сонымен рефлексия – көп қырлы, кіріккен әрекет. Алдағы жұмыстарда ондай кемшілікті жібермеуге тырысамыз. Рефлексияның тиімділігін атап көрсетер болсақ, оқушы үшін
Рефлексия – оқушыны өз – өзіне есеп беруге баулиды;
Рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз;
Рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады;
Рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады;
Рефлексияның нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады;
Өз – өзіне баға бере алады;
Білім алуға деген қызығушылық жоғарылайды;
Мұғалім үшін:
Ақпаратпен күнделікті жұмыс;
Шығармашылыққа деген ынта-жігері ;
Әрбір оқушының пікіріне құлақ түру;
Пәндәк білім сапасының артуы;
Өзіндік сынның қалыптасуы;
Сыни ойлауға жтелеу;
Мұғалімнің кәсіптік даму бағдарламасына іздеу,зерттеу қызметінің мүмкіндіктері жатады. Педагогикалық қызметті талдау барысында теориялық білім алудың, диагностика мен өзіндік диагностиканы игерудің қажеттілігі туады.
Мысалдар келтіре кетсек: бастауыш сынып оқушылары өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру, суреттер салу түрінде, кестелер, диаграммалар, сауалнамалар толтыру, эссе жазу сияқты рефлексифті жұмыс түрлерімен айналыса алады. Онда оқушылар алған білімдеріне, тапсырмаларына қорытынды жасап, пікір айтуға дағдыланады, ойын ортаға салады. Нәтижесінде оқушылар өз - өздерін реттейді. Жүйелі сөйлеуге, ойын ашық жеткізе білуге, талдау жасауға үйренеді. Сабақтың жақсы не жаман, мағыналы не мағынасыз, көңілді не көңілсіз өтуіне байланысты оқушылар эмоцияларын білдіріп отырды. Осыдан мұғалім өзіне қорытынды жасауына, өзіне баға беруіне болады. [2]
2.2. Оқушылардың ой-өрісінің дамуы оқу үрдісі кезінде болады, ол оқушының өз бетімен білімін толықтыруы мен өзін - өзі дамытуды қамтиды, бұл екеуі де рефлексиясыз жүзеге асуы мүмкін емес. Білімді саналы түрде меңгеру және белсенді болу дамыта отырып оқытудың негізгі қағидаларының бірі. Оқушы білім алудың мақсатын саналы түрде түсінсе ғана белсенді болады.
Рефлексияны әр түрлі жүзеге асыруға болады, сабақтың соңында әр тақырыптың соңында, сабақ этаптарының арасында, тарау соңында. Ол ақырындап оқушының ішкі рефлексиясына ұласу керек.
Рефлексияның төмендегідей түрлері бар:
-оқу материалының мазмұнының рефлексиясы
-көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы
- іс-әрекет рефлексиясы
Рефлексияның бұл түрлерін жеке, топтық, жұптық түрде өткізуге болады.
Төменде бірнеше мысалдар келтірейік:
I. Оқу материалдарының мазмұнының рефлексиясы.
Оны мұғалім оқушылар өткен материалдың мазмұнын қалай түсінгенін анықтау үшін қолданады.
1 Аяқталмаған сөйлем тәсілі (тезис):
got acquainted with….
During today’s lesson we have
Found out……
Аяқталмаған фразалар сабақ тақырыбына да байланысты болуы мүмкін.
- Alexander Bell was a man …
- A dictionary is a book…
2.Сабақ мақсатына жету рефлексиясы.
Сабақ мақсаты тақтаға жазылып, сабақ соңында талқыланады.
Understand the information…
know how to give arguments…
Now I <
can say my opinion on…
Etc.
3. Think wane (синквейн) 5 жолдық
• Бірінші жол- тақырып атауы;
• Екінші жол – тақырыпты екі сөзбен сипаттау,– белгі немесе сын есіммен;
• Үшінші жол - осы тақырыптағы іс-әрекетті үш сөзбен сипаттау, етістікпен;
• Төртінші жол – төрт сөзден тұратын фраза, тақырыпқа қатысты;
• Бесінші жол– синоним, тақырыпты ашатын.
Бұл жұмыс түрінде әр оқушы өз ойын, алған әсерін білдіреді.
Мысалы: Michael Jackson
Handsome ,talented
Sings, dances, loves
King of pop music
A famous star.
II. Көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы;
Төменде бірнеше тәсілдер көрсетілген.
1.Тәсіл <<Пейзаж–көңіл күй айнасы>> әр оқушы табиғат пейзажы бар сурет таратылады. Мұғалім оқушыларға суретте өзі қалаған жерді көрсетіп, ағылшынша бірнеше сөйлеммен түсіндіруді ұсынады.
2. Оқушыларда екі карточка: көк және қызыл. Мұғалім сабақ басында және аяғында қалаған карточкасын көрсетуді сұрайды, бұдан оқушының көңіл күйінің өзгерген, өзгермегенін білуге болады.
II. Іс-әрекет рефлексиясы
Жеке жазба жұмыс рефлексиясы.
Бұл жұмыс сабақтың соңғы этапы, қорытынды. Өткізу түрі – тестер, мини - шығарма, эссе, кесте, досыма хат, тірек сызба. Тәсілдерге тоқтасақ:
1.Тәсіл<<Received the answer(!) or not(?)>>
Оқушыларға бір жағында(!)белгісі бар, қандай сұрақтарға жауап алғанын жазады, , келесі бетінде (?) белгісі, қандай сұрақтарға жауап алмағанын жазады. Оқушылардың жауабы келесі сабақтың міндеттерін қоюға септігін тигізеді.
2.Тәсіл << Телеграмма>>.
Сабақ соңында 10-15 сөзден тұратын ағылшын сабағы туралы ата-аналарына телеграмма жазу ұсынылады. 2-3 минут телеграмма құруға беріледі, содан соң барлығы өз телеграммаларын оқып жалпы қорытынды жасалады..
3. Тәсіл <<Өзіме хат>> жазу дағдысын дамытуға септігін тигізіп, оқушының өзіндік талдау жасауына ықпал етеді. Сабақта не өткені туралы өз-өзіне хат жазу тапсырылады, оқушы жазбаша түрде талдау жасайды.
4. <<Рыбья кость>>. Проблемалық мәселелерді шешу
A fish bone
Problems Solution
5.<<Диаграмма>> Сабақтағы материалды қалай түсінгенін тексеруге арналған.
6. Тәсіл <<Уақыт шкаласы>> мәтіндегі хронологиялық даталарды есте сақтау үшін қолданылады,
Уильям Шекспир туралы мәтін.
1564 1577 1582 1583/85 1616
was his father’s marriage daughter, twins was
born fortune were born died
7. Бақылай-бағалау рефлексиясы. Оқушылардың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.
Evaluation card
Me neighbour group class teacher
Бұл тәсіл сын тұрғысынан оқыту әдісінің элементі болып табылады..
Рефлексия адамның негізгі үш қасиетін өз бетімен білім алу, шешім қабылдай білу, бақталастыққа түсе білуін қалыптастырады, бұл 21 ғасыр талабы.
Біздің мамандығымыз жаңа ойларды, тәсілдерді ұнемі қажет етіп отырады. Сондықтан рефлексия жаңа заманға сай талапкерді қалыптастырып, қабілеттерін дамытатын жолдың бірі. Бала ойлауға, сөйлеуге , өзін-өзі дамытуға еркін қол жеткізе алады.
Қорытынды
Оқушылардың әрекеті - зерттеушілік әрекет болу үшін мұғалім нақты мақсаттар қоя білуі керек, ал ашып айтатын болсам, оқушыларға ғылыми зерттеудің әдістерін, формаларын, принциптерін, нені ашу керектігін, қандай әдіс арқылы, қандай нәтиже алу керектігін үйренуге жетелеу. Танымдық әрекет шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл - ой әрекеті. Танымдылығы мықты балада өзіндік мақсат, нәтиже болады. Яғни, қазіргі заманғы сындарлы оқытудың талабы оқушы бойында «мен» болуы. Оқушының адами әлеуетінің өсуі. Өзін - өзі немесе «Менін» көрсетудің бір жолы - оқу екендігі және оның басты мақсат екендігін Маслоудың пікірінен аңғаруға болады. «Мен» тұжырымдамасы төңірегінде Маслоу мен Роджерс өздерінше түсінік берді. Нәтижесінде «Мен» тұжырымдамасы бізді алға жылжытатын және біздің мінез- құлықтарымызды бағыттайтын, өзін -өзі реттеуге жетелейтін әлеуметтік стимул екендігі айтылған. Осы сындарлы оқытудың жүйелі жүзеге асуының нәтижесінде заман талабына сай білімді ұрпақ қалыптастыру мүмкіндігі жеткілікті болады. Ғұлама ғалым әл - Фараби «Адам мақсатына өзін - өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез - құлыққа байланысты» деп ой түйген екен. Ғалымның бұл пікірі оқушы мен мұғалімге тікелей қатысты деуге болады. Шынымен де, мұғалімнің жақсы мінез құлқы оқушыға дариды және әсер етеді. [5]
Сонымен рефлексия – көп қырлы, кіріккен әрекет. Бұл әрекет психологиялық тұрғыда адамның психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, педагогикада мұғалімнің кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне негіз болады.
Мұғалім оны оқыту үрдісінде, қолданған әдіс- тәсілдерінің барысында және іс- әрекетінің нәтижесінде байқатуы мүмкін. Оқу барысында оқушы оны бойына сіңіреді. Егер оқушыда жақсы мінез - құлық болса, ол онда өзінің оқудағы жетістігін тұрақты ұстап тұра алады және өзін - өзі жетілдіреді. Яғни, нәтижелі оқу жақсы мінез - құлыққа тікелей байланысты.