Саба? ?дерісінде о?ыту ?шін ба?алау ж?не о?уды ба?алау т?рлерін тиімді ?олдану
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша коуч сессия ЖОСПАРЫ
Мерзімі: 03.01.2015 жыл
№ Сабақтың тақырыбы: Сабақ үдерісінде оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау түрлерін тиімді қолдану
1 Жалпы мақсаты Коучинг сессия қатысушыларына «оқуды бағалау»(суммативті бағалау) және «оқыту үшін бағалау» (формативті бағалау), критериалды бағалау түсініктерін қалыптастыру, формативті бағалаудың оқыту үшін тиімділігін үйрету.
2 Күтілетін нәтиже Мұғалімдер формативті және жиынтық бaғалаудың айырмашылығын біледі, критериалды бағалауды сабақтарында қолдана алады.
3 Түйінді идеялар Формативті бағалау, суммативті бағалау
4 Материалдар және ресурстар Интерактивті тақта, оқулық, түрлі-түсті маркер, үлестірмелі қағаздар, А4 и А3 форматтағы ақ қағаздар, стикерлер.
Сабақтың барысы
Коучинг сессия кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Коучингке қатысушылардың іс-әрекеттері
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру
5 мин Қатысушы мұғалімдері ортаға шеңбер құруға шақыру. Шеңберде тұрып өздеріне жаңа 2015 жылдан қандай жаман әдеттен арылғысы келетіні және не күтетінін айтып беруін сұрау. Шеңбер құра тұрып, бір-біріне смайлик допшасын ұсынып құтылғысы келетін жаман әдетін және өзінің осы жылдан не күтетіндігін айтып келесі мұғалімге береді. Қатысушылар аяқталғанша осылай жалғаса береді.
Ой қозғау.
5 мин.
Оқу үдерісін бағалау қажет пе? Сіз сабақта нені бағалайсыз? Сыныпта жағымды ахуалды қалыптастыру үшін Сіз қандай бағалау түрлерін пайдаланасыз?
Сіздің бағалауыңыз қандай аспектілерді қамтиды? Сіздің оқушыларыңыз не үшін және неге баға алғандығын түсінеді ме? Сіздің оқушыңыз әр тақырып сайын бағаланады ма? Қойылған сұрақтарға қатысты өз жауаптарымен бөліседі, бағалау түрлері жайлы өз пікірлерімен бөліседі.
Шағын топқа бөлу.
2 мин. А,В,С,Д әріптері бойынша топтарға бөлу.Топ ұстанымын құрғызып,коучингке қатысушыларды жауапкершілікке шақыру. Сіздерді неге әріп бойынша бөліндіңіздер? Мектеп саласында біз де осылай әріп бойынша бағалау жасаймыз деп ойлайсыздар ма? Қашан? Конверт ішінен әріптерді алып топтарға бөліну. Әр шағын топ бірлесе отырып, өз топ ережелерін құрып, таныстырып, тұстарына іледі.
Қойылған сұрақтарға жауап беру.
Жеке жұмыс
8 мин Құрметті әріптестер! Алдарыңызда тұрған смайликтердің бірін қолдана отырып өткен жылы атқарған іс-әрекеттеріңізді бағалап кетсеңіздер. 2014 жылда атқарылған іс-әрекеттеріне смайликтерді қолдана отырып өз-өздеріне баға береді. Себебін түсіндіріп кетеді.
Жадыны дамытуға арналған ойын.
6 мин. Бұл тапсырма жадыны дамытуға арналған. Тапсырма шартын коучингке байланысты аздап өзгертілді. Суреттердің орнына диктант мәтіні қолдануға болады.
Тапсырма шарты: Топ мүшелері кезектесіп тақтада тұрған парақшадағы суреттерді өз парақтарына түсіру. Әр адам мүмкіндігінше көп суретті есте сақтауға әрекет ету керек. Тақтада тұрған суреттерді бір көргеннен есте сақтауға әрекет ету керек. Ең дұрыс әрі көп суретті есте сақтаған топ бағаланады. Соңынан топ басшысы топ мүшелерін бағалайды. Әр адамның қандай үлес қосқандығын айтып өтеді.
Презентация таныстырылымы.
5 мин. «Оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау» таныстырылымы Таныстырылымға қатысты өз ойларын білдіреді.
Сергіту сәті.
5 мин Ән шырқау. Әндердің бір шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар таратылып беріледі. Әр топ тез арада дайындалып, бірлесе орындауы керек. Таратылып берілген ән шумақтарын топ мүшелерімен қосыла шырқайды.
«Топтық әңгіме» әдісі (2-нұсқа)
10 мин. Кілт сөздер ұсынамын. Сол сөздерді қатыстырып, шағын әңгіме құрастыру керек. Әңгіме құрастыруға 5 мин. уақыт беріледі.
Кілт сөздер:
саудагер, жас жігіт, сарай, май Берілген кілт сөздерді қатыстыра отырып, шағын әңгіме құрастыру. Келесі топты «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау жасау.
Топтық жұмыс.
20 мин. Топ мүшелерімен кеңесе отырып қыстың бейнесін жасауды және постерге түсіруді ұсыну.
«Жаңа жыл »
Жаңа жылдан не күтеміз? Жаңа жылда біздің мектебімізде қандай өзгеріс болады деп ойлайсыздар? Өздеріне берілген тақырыптар бойынша постерге жаңа жыл бейнесін түсіру. Бірлесе отырып бағалау критерийлерін жасау. Критерийлер бойынша бағалау жасау.
Рефлексия
5 мин. Сізге неліктен бұндай баға қойылғаны түсінікті ме? Сізге қойылды... Неге? Жұмысты бағалау қиын болды ма? Сабақты қорытындылау сұрақтарына жауап береді. Бағалау жайлы, орындалған тапсырмалар тақырыбында өз ойын айтады.
Қорытындылау
5 мин Бағдаршам арқылы сабаққа қорытындылау жасату. Стикерге кері байланыс жаздырту. Коучинг сессия қатысушыларға сабақ соңында «Мен бүгінгі сабақ жайлы не білемін?» бағдаршам арқылы өздерінің сабақты қаншалықты меңгергендерін көрсетеді. Коуч сессияны талқылау, стикерлерге кері байланыс жазу.
Бақыт сыры
Бір саудагердің «мен бақытсызбын» дей беретін ұлы бар екен. Саудагер бақыттың сыры неде екенін үйреніп келсін деп баласын бір данышпан кісіге жіберіпті. Жас жігіт данышпанның үйіне жеткенше шөл даламен 40 күн жүріп, соңында бір төбеге шыққан кезде алыстан зәулім сарай көріпті, данышпанның үйі сол үлкен сарай екен. Сарайға жеткеннен кейін данышпанмен кездескісі келетінін айтыпты. Қараса адам көп екен, жігіт кезеккке тұрып, өз кезегін күтіпті. Кезегі келіп, данышпанға жеткеннен кейін данышпаннан бақыттың сырын білгісі келетінін айтыпты. Данышпан оған қазір бақыттың сырын түсіндіретін уақыты жоқ екенін айтып, оған «сен қазір 2 сағаттай мына сарайды аралап шық, сосын келесің» депті. Кетерде қолына екі қасық беріп, ішіне май құйып беріпті. «Аралап жүрген кезде мына майды төгіп алма» депті. Жас жігіт қолына қасықтарды ұстап, баспалдақпен түсіп, сарайдың ішін, сыртын аралап кетіпті. 2 сағаттан кейін данышпанға келіпті.Данышпан: Қалай, сарайды аларап шықтың ба?Жігіт: Иә, жақсылап аралап шықтым, үлкен екен.Данышпан: Үлкен бөлмедегі кілемдер әдемі екен бе? Суреттер қалай екен? Бағбанымның он жыл еңбектенген бақшасын, гүлдерді көрдің бе? Кітапханадағы кітаптарды қарадың ба?Жігіт данышпанға оларды көрмегенін мойындапты, өйткені жүрген кезде қолында ұстаған қасықтағы майды төгіп алмау үшін үнемі соларды қарағанын айтыпты. Данышпан оған «Айналасын жақсы танымаған, білмеген адам, айналасындағы кереметтерді көре алмаған адам ешқашан бақыттың сырын түсіне алмайды» деп қолындағы қасықтарға қайтадан май құйып, «Бар, қайтадан аралап кел» депті. Жігіт бұл жолы асықпай, әр нәрсені мұқият қарап, аралап келіпті. Көргендерін данышпанға келіп баяндапты. Данышпан «жақсы, ал қасықтағы май қайда?» деп сұрапты. Жігіт қолына қараса, қасықтардағы май төгіліп қалған екен.Сол кезде данышпан былай депті: «Дүниенің барлық кереметтерін тамашалап, оларды шын мағынасында көріп қана бақыттың сырын ұға аласың, бірақ қолыңдағы майды ұмытып қана...»
Бақыт сыры
Бір саудагердің «мен бақытсызбын» дей беретін ұлы бар екен. Саудагер бақыттың сыры неде екенін үйреніп келсін деп баласын бір данышпан кісіге жіберіпті. Жас жігіт данышпанның үйіне жеткенше шөл даламен 40 күн жүріп, соңында бір төбеге шыққан кезде алыстан зәулім сарай көріпті, данышпанның үйі сол үлкен сарай екен. Сарайға жеткеннен кейін данышпанмен кездескісі келетінін айтыпты. Қараса адам көп екен, жігіт кезеккке тұрып, өз кезегін күтіпті. Кезегі келіп, данышпанға жеткеннен кейін данышпаннан бақыттың сырын білгісі келетінін айтыпты. Данышпан оған қазір бақыттың сырын түсіндіретін уақыты жоқ екенін айтып, оған «сен қазір 2 сағаттай мына сарайды аралап шық, сосын келесің» депті. Кетерде қолына екі қасық беріп, ішіне май құйып беріпті. «Аралап жүрген кезде мына майды төгіп алма» депті. Жас жігіт қолына қасықтарды ұстап, баспалдақпен түсіп, сарайдың ішін, сыртын аралап кетіпті. 2 сағаттан кейін данышпанға келіпті.Данышпан: Қалай, сарайды аларап шықтың ба?Жігіт: Иә, жақсылап аралап шықтым, үлкен екен.Данышпан: Үлкен бөлмедегі кілемдер әдемі екен бе? Суреттер қалай екен? Бағбанымның он жыл еңбектенген бақшасын, гүлдерді көрдің бе? Кітапханадағы кітаптарды қарадың ба?Жігіт данышпанға оларды көрмегенін мойындапты, өйткені жүрген кезде қолында ұстаған қасықтағы майды төгіп алмау үшін үнемі соларды қарағанын айтыпты. Данышпан оған «Айналасын жақсы танымаған, білмеген адам, айналасындағы кереметтерді көре алмаған адам ешқашан бақыттың сырын түсіне алмайды» деп қолындағы қасықтарға қайтадан май құйып, «Бар, қайтадан аралап кел» депті. Жігіт бұл жолы асықпай, әр нәрсені мұқият қарап, аралап келіпті. Көргендерін данышпанға келіп баяндапты. Данышпан «жақсы, ал қасықтағы май қайда?» деп сұрапты. Жігіт қолына қараса, қасықтардағы май төгіліп қалған екен.Сол кезде данышпан былай депті: «Дүниенің барлық кереметтерін тамашалап, оларды шын мағынасында көріп қана бақыттың сырын ұға аласың, бірақ қолыңдағы майды ұмытып қана...