Выступление на городской августовской конференции


Қазақ тілі пәні бойынша бастауыш сыныпта ойын түрлерін ұтымды қолдану тәсілі
М.Әуезов атындағы №42 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Смағұлова З.Ж.
Тезис
Қазақ халқының ұлы ақыны А.Құнанбаев «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?» деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын барысында балалар өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады.
Әрбір ұстаздың мақсаты-сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Мен бастауыш сыныптарда сабақ бергендіктен балаларды ойната отырып оқыту тәсілін көбірек пайдаланамын. Бұл тәсілді қолданудың ұтымдылығы балалар өзін еркін сезінеді, пәнге деген қызығушылығын, сабаққа белсенділігін арттырады, дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастырады, ұлттық ойын-салт-дәстүрді білуге тәрбиелейді, ой өрісін, тапқырлығын, жылдамдығын, сөздік қорын молайтады.
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында ойын түрлерін қолдану – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, сабаққа белсенділігін арттырады. 
Мен өз тәжірибиемде бастауыш сыныптарда көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сабақта Ғ.Қ.Резуанова., В.А.Шнайдердің«Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойындар» құралын пайдаланамын. Соның ішінде ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық ойындар, ұлттық ойындарды қолданып оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне мүмкіндік беремін. Балалар шаршады-ау деген мезетте сергіту, бой жазу жаттығулары өте пайдалы. Сергіту ойындары балалардың сабақты зейін қойып тыңдауына, ақыл-ойын бір нәрсеге тұрақтандырып, саналы түрде білуге септігін тигізеді.
Мысалы мен сабағымды бастамас бұрын «Сәлемдесу» ойынын өткіземін. Сонда балалардың көңіл күйлері көтеріліп, пәнге деген қызығушылықтары арта түседі. Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
Ойын-шығармашылық, ойын еңбек. Мысалы: түстерді қайталау сабағында «Ойлан тап, қандай түс» ойынын ойнатамын.Ойынның мақсаты: Түстер туралы ұғымды бекіту. Керекті құралдар: түрлі-түсті жеміс-жидек, көкөністер суреті.
Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында - көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады,сабаққа ынтасын арттырады. 
Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Сабақта ойын түрлерін өткізу оқушылардың ой өрісін, тапқырлығын, жылдамдығын, сөздік қорын молайтуға әкеледі. 
Ойынның негізгі мақсаты — баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды  өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен  тіл байлығын  арттыра түсуге түрлі дағды мен  шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Мысалы жарыс түрінде сыныпты екі топқа бөліп, тапсырманы бірінші болып жауап беруге тырысып, ұмтылып, қызығушылықтары оянады.
«Кім тез?» санауды қайталайды. Тақтада жемістер мен жидектердің суреттерінде сандар жазылып тұрады. Балалар сол сандарды рет- ретімен атап, дауыстап санайды. Бұл ойындар жемістердің атауларын, сандарды қайталауға, тез санауды үйренуге мүмкіндік береді, оқушыларды ынталандырады.
«Жалғасын тап» ойыны. Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.1. Отанды сүю... ... ...
2. Досы көпті жау алмайды,
«Кім шапшаң» ойыны. Септік жалғауларын қайталаған кезде дұрыс жалғай білуге және онымен тіркесетін сөздерді дұрыс таңдай білуге дағдыландырады. Сөздік қорларын молайып, тілдерін дамытамын.
Оқушылар екі топқа бөлемін. Ойын эстафеталық жарыс түрінде өтеді.
Мысалы:
Қызығушылықтары арты қайтседе, басқалардан бұрын жеңіске жетемін деген оймен алдында тұрған міндеттерді орындауға құлшынады. Тапсырманың барлығы әр баладан ой қозғалысын, күш-жігерін, талпыныс пен шығармашылықты талап етеді. Бұл кезде жақсы оқушы дамып, нашар оқушы қалып қоймайды. Жақсы оқушы мүмкіндігіне дейін дамып, нашар оқитын оқушы өз мүмкіндігінше іс - шараларға араласып, өз үлесін қосып отырады.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау кезінде қолданамын.
Қорыта айтқанда, кез - келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой - өрісін ойын арқылы дамытады. Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес» деген Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
2.Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
3. Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобразовательной школе. - Москва: Просвещение, 1985. - 208 с.
4. Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогиканың логикалық-құрылымдық курсы, - Алматы, 1996
5. М.Жұмабаев. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992. -160 б.
1.Білім туралы.Қазақста Республикасының заңы.Алматы.Литература,1999, 96-б.
6. М.М. Жанпейісова. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту
құралы ретінде.Алматы,20027. Қ.Ақпаева.Оқу орыс тілінде жүретінде мектептерде қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері.Алматы,Рауан,1997ж.12-жылдықбілім,№220078. Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар. Алматы, Атамұра, 2001