Дарябай Айдос ?ылыми ж?мыс АСЫ? ОЙЫНДАРЫ 4 сынып о?ушысы


Оқушы шығармашылығынан
Тәуелсіздіктің 25 жылдағына арнау
Қасиетті құтты мекен, Қазақстан!
Көк байрағың желбіреп тұр алыстан.
Қос пырақты көмкерген Елтаңбаңмен
Көркейе бер, Жасай бер өр Қазақстан!
Қанды мұзда талай қазақ сыздады,
Ұлт қамы үшін шықты сол күн алаңға.
Қәзір міне 25 жыл Тәуелсіз боп тойлауда,
Содан бері ешбір жанның тыныштығын бұзбады.
Құтты болсын Тәуелсіздік еліме,
Құт,береке әкелгейсің жеріме.
Бодандықтың құрсауынан босаған,
Қыран бүркіт қалықтасын көгімде
Лагербай Мереке
4 «ә» сынып оқушысы
Ұстазыма алғысым шексіз
Қолыма қалам ұстатып, алғаш әріп тануыма себепкер болған ұстазым Лаззат Қонақбайқызына алғысым шексіз. Дайындық сыныбынан бері жан – жақты білім нәрімен сусындатып, бізді оқуға баулып келеді. Жүрегімізге жақын сүйікті ұстазымыз Лаззат апай әр сабағын тартымды, әрі қызықты етіп өткізеді. Мәселен, «Тәуелсіздікке 25 жыл» атты сыныптан тыс ашық шарасына оқушылар белсене атсалысты.
Лаззат Қонақбайқызы бізге сапалы білім берумен қатар, саналы тәрбие беріп, тұлға ретінде қалыптасуымызға атсалысып жүр.
Мектепшілік, аудандық математикалық турнирлерге қатысуыма өз үлесін қосып жүрген осы ұстазыма алғысым шексіз.
Жетер Ақжол
4 «ә» сынып оқушысы
Жарқын жүзді ұстазым
/Лаззат апайыма арнаймын/
Алғаш білім үйреткен,
Мейірімді ұстазым.
Білімді қылып жан – жақты,
Тәлім берген балаға.
Әр сәтіңіз бір ерлік
Қамқор болып ұл – қызға,
Білімнің кәусар бұлағын
Өзіңізден аламын.
Ақылшы, дана ұстазым.
Мейірбан деп санаймын
Сізден алған біліммен
Болашаққа қараймын.
Жангелдіқызы Жангүлім
4 сынып оқушысы