Сор?ыш ??рттар 7 сынып саба? жоспары


Сынып 7 Күні:
Пән: Биология
Сабақтың тақырыбы: Сорғыш құрттар. Даму циклы және иелерін аламасытруы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өзін – өзі дамуына жетелеу және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбие және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру
Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру
Сабақтың көрнекілігі:
І Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі: - оқушылармен амандасу
- сыныптың тазалығын тексеру
- сыныптың кезекшілігін анықтау
- оқушыларды түгендеу
- сабаққа дайындықтарын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Таспа құрттардың жалпақ құрттардан айырмашылығы неде?
Сиыр цепенің қайдан кездестіруге болады? Оның сыртқы құрылысы қандай?
Сиыр цепенінің буылтықтарының пішіндерінде қандай айырмашылықтар бар?
Сиыр цепені қалай көбейеді, оның жұмыртқасы адамға қалай жұғады?
Финка қалай дамиды?
Кірпікшелі құрттар мен таспа құрттардің коректену тәсіліндегі айырмашылықтарды нақтылы мысаладр келтіріп, дәлелдеңдер.
ІІ Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі
Сорғыш құрттар тегi және құрылыс жағынан кiрпiкшелi құрттарға ұқсас болып келедi. Айырмасы сорғыштар түгел паразиттiк тiршiлiкке көшкен. Сондықтан паразиттiк тiршiлiк етуiне байланысты олардың құрылысында өзгерiстер бар. Трематодтар деген ұғым гректiң “сорғыштарында тесiк бар” деген мағына бередi. Сондықтан оларды сорғыштар класы дейдi. Барлық сорғыш құрттар омыртқалы жануарлардың әртүрлi iшкi мүшелерiнде эндопаразиттiк тiршiлiк етедi. Ересек түрлерi  омыртқалы жануарлар мен адамдардың организмiнде, көбiнесе ас қорыту жүйесiнде, ал личинкалары омырқасыз және омыртқалы жануарлардың организмiнде кездеседi. Ғылымға шамамен барлығы 7200 түрi белгiлi.

Паразиттiк тiршiлiкке бейiмделгендiктiң басты белгiсi көп мөлшерде ұрпақ беретiндiгi. Сондықтан олардың ұрпағы мындап-миллиондап есептеледi. Бұл олардың жер бетiнде кеңiнен таралуына мүмкiндiк бередi. Негiзгi өкiлi бауыр сорғыш құрттар. Құрылысы. Дене пiшiнi жапырақ тәрiздi, сопақша ланцет тәрiздi, шар тәрiздi, лента тәрiздi болып келедi. дене тұрқы 5- ЗО см, кейде одан да үлкендерi болады. Сорғыш құрттардың өздерiне тән ерекшелiктерi болады: бас жағында ауьтз сорғышы, дененiң бауыр жағында екiншi бауыр сорғышы орналасқан. Артқы жағында зәр шығаратын тесiгi болады. Терi-ет қапшығы кутикула мен оның астында жатқан ет қабаттары қосылысынан пайда болады. Дене қуысы паренхимамен толтырылған.

ІІІ Қорытынды. Бекіту кезеңі.
Суреттер бойынша ағзаларды атаңдар және олардың тіршілік ортасын анықтаңдар.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
IV Үй тапсырмасын беру кезеңі:_________________________________
V Бағалау. Оқушыларды бағалау.