Планирование по казахскому языку на тему ?аза?стан Республикасыны? р?міздері(5 класс)


А С. Пушкин атындағы №20 мектеп – лицейі
Тақырыбы:


Ашық сабақ
Мұғалімі: Нурмуханова С.С.
2016-2017 оқу жылы
Тексерілді:........................... 12.10.2016 жыл
Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан
Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: топқа бөлу, сұрақ-жауап , топтастыру, миға шабул, ВЕНН диаграммасы, постер қорғау, рефлекция
Көрнекілігі: ҚР-ның рәміздері, Президент портреті, слайдтар және сабаққа қажетті құралдар
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
оқушылар шеңбер құрып, түрлі-түспен топқа бөлу (жасыл, қызыл, сары)
топтарға аттар қою
(І топ «ТУ», ІІ топ «ЕЛТАҢБА», ІІІ топ «ӘНҰРАН»)
топ ережелерімен танысу
Үй тапсырмасын сұрау
-үй тапсырмасын пысықтау және бекіту
3. Жаңа сабақ
-Балалар, біздер қай елде тұрып жатырмыз ( оқушылар жауабы)
- оқушылардан Қазақстан және рәміздер туралы білетіндерін сұрау, А4 парақшаға Қазақстан рәміздерін топтастырып түсіру - оқушылар әнұран орындайды
Мұғалім сөзі:
Оқушылар олай болса, біз бүгін рәміздермен толық танысамыз, слайд арқылы көрсету. Рәміздердің авторларымен таныстыру
Гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру-тайпасының таңба белгілері, жалауымен қатар, Әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер-жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар береді. Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған.
Дәптермен жұмыс (дәптерлерін ашып, күннің жадысын мен жаңа тақырыпты жазып, сөздікпен жұмысты жаздыру)
Сөздікпен жұмыс
Отан – Родина Елтаңба – герб
мемлекет – государство рәміздер – символы
Ту – флаг, знамя
Біліп ал, яғни түртіп алу стратегиясы (дәптерге жаздыру)
Қазақстанның рәміздері
ТУ ЕЛТАҢБА ӘНҰРАН
СЛАЙД:
«Білімдінің көзі ашық» (оқушылар рәміздердің суреттеріне қарай отырып, сипаттап айтады
І топ: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында нелер бейнеленген? (топтастыр)
ІІ топ: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында нелер бейнеленген? (топтастыр)
ІІІ топ: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздердің авторларын атаңыз? (топтастыр)
Сергіту сәті: (оқушылар Рәміздер өлеңін жатқа хормен айтады)
Оқулықпен жұмыс: 3- тапсырма (әр топтан екі оқушыдан шығып, Қазақстан мәтінін оқиды)
І топ: Ту
Біздің Отанымыз – Қазақстан.
Қазақстанның өз Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар.
ІІ топ: Елтаңба
Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстанның жаңа астанасы – Астана қаласы.
ІІІ топ: Әнұран
Астана – жас қала.
Қазақстан – үлкен мемлекет.
Диалогтік оқу. 4-тапсырма
(әр топтан екі оқушы шығып диалог арқыры сөйлеседі)
Сәлем, Миша!
Сәлем, Дима!
Сен қайда тудың?
Мен Қазақстанда тудым.
Қазақстан қандай мемлекет?
Қазақстан – үлкен мемлекет.
Рәміздерін аташы.
Ту, Елтаңба, Әнұран.
Сен Отаныңды жақсы көресің бе?
Иә, мен Отанымды жақсы көремін.
Сау бол, Миша!
Сау бол, Дима!
«Менің Отаным – Қазақстан» постер қоғау:
МЕМЛЕКЕТ ТУ
Менің Отаным
ҚАЗАҚСТАН

ЕЛТАҢБА ӘНҰРАН

ПРЕЗИДЕНТ АСТАНА
Сабақты қорыту: Сұрақ – жауап әдісі:
Қазақстан қандай мемлекет?
Қазақстанның Президенті кім?
Қазақстанның астанасы қай қала?
Рәміздерді білесің бе?
Астана қандай қала?
Сен Астанада болдың ба?
Сабақты бекіту: ВЕНН диаграммасы
Үй тапсырмасын беру
Ел рәміздерін жатқа білу 2. ”Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы” ойтолғау жазу
Мадақтау, бағалау