Н?тижеге ба?ыттал?ан білім беру моделіндегі, білім беру сапасын жетілдіруде критериалды ба?алауды? ма?ызы.


Казанбаева Эльмира Сагимбаевна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалім
Ақсу ауданы Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі
Нәтижеге бағытталған білім беру моделіндегі, білім беру сапасын жетілдіруде критериалды бағалаудың маңызы.
«Кез келген адам басқалардың және оның
білімін кемеліне келтіруіне көмектеспесе,
өзінің де білімін кемеліне келтіре алмайды»
Чарльз Дикенс
Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі.Білім сапасы дегеніміз – мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік.Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.Балалардың  білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауы т.б. қадағалап, балалармен жеке — дара жұмыстар жүргізеді. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет – ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі — оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Сын тұрғысынан ойлау — өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы балалармен  пікірлесу, топтасу. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Жас балалардың да бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі — критериалды бағалау жолдары. Біз бұл бағалау жолын сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы жүзеге  асыра  аламыз.Критериалды бағалаудың моделінің үш түрі 1.қалыптастырушы бағалау,2.ішкі жиынтық бағалау,3.сыртқы жиынтық бағалау.Бағалаудың моделінің түрлері бір-бірімен тығыз байланыста болады,атап айтсақ қалыптастырушы бағалау күнделікті пайдаланған жағдайда ішкі жиынтық бағалаудың сапасы артады.Ішкі жиынтық бағалау әр тоқсан аяғында тоқсан мақсатының жетістіктерін қорытындылауға арналған бағалау тестілеу үлгісінде өткізіледі.Сыртқы жиынтық бағалау мектептен тыс ұйымдардың тәжірибелі мамандары тарапынан құрылған тест,сынақтар арқылы жүзеге асырылады.Критериалды бағалау алдын-ала бекітілген критерилерге сүйене отырып жүзеге асырылады. Критериалды бағалауда оқушылар бағасының әділ екендіген қол жеткізе отырып өздеріне өзі баға бере алады. Оқу нәтижесіне жетуде танымдық қабілеттерін арттыру үшін және де өмірге бейімдеу үшін,алған білімдерін өмірлік жағдаяттарда қолдана алатындай,сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыра отырып дағдыларын қалыптастыру.