Бастауыш сыныптар арасында?ы саба?тасты?-білім сапасын арттыру кепілі Білім беру саласына елеулі ?згерістер енгізіп жат?ан ?азіргі кезе?де мектепке дейінгі ?йымдар мен бастауыш білім беру ісін жа?а сапалы? де?гейге к?теру міндеті-б?гінгі к?нні? ?зект


Бастауыш сыныптар арасындағы сабақтастық-білім сапасын арттыру кепілі
Білім беру саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамыту мен оны жеке тұлға ретінде қалыптастыруға аса жауапкершілікпен қарауды басты міндет етіп қойып отыр. Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор. Өйткені сабақтастық-өткір де өзекті мәселе.
Бастауыш сатыда мектепке дейінгі шақтағы жетістіктерінің барлық деңгейіне тірек болуды, қарқынды даму жағдайында жеке жұмыстарды, мектепке дейінгі қалыптасып болмаған қасиеттерін жетілдіруге арнайы өзара қарым-қатынас жасау формаларын дамытуды қамтамасыз етеді.
Сабақтастықтың даму кезеңдері мен сатыларының арасындағы ортақ мақсат-міндеттер, ортақ мазмұнды байланыс-оның толық және жеке шақтарының кейбір элементтерін сақтайтын тұтас жүйе. Жеке тұлғаның даму кезеңінің үздіксіз білім беру деңгейлері мен сатылары нақты мақсаттарды іске асыру жағдайлары мен талаптарының іске асырылуымен анықталады. Осының барлығы бір ғана түпкі мақсатқа-баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға не ғұрлым сәтті өтуіне бағытталуы тиіс. Сондықтан сабақ барысында ойын түрлерін пайдаланып отырса, оқушылардың ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен іздемпаздық дағдылары жетіле түседі.Ойын түрлерін сабақты тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгеріп отырға аса зор ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Жас ерекшеліктеріне байланысты ойын барысында тез сергіп, тапсырманы жылдам орындауға тырысады. Сабақта ойын түрлерін қолдану оқушылардың пәнге деген қызуғышылығын арттырып, тапсырманы орындауға белсенді түрде қатысып,түсінбегенін түсінуге мүмкін туғызады.
Оқушылардың әр сабақта бірлескен топтық жұмыстарға тартуға тырысамын. Топтық жұмыстардың ережелерін оқушылармен бірігіп құрастыра отырып, ынтымақтастық атмосфера жасаймыз. Топтасу барысында әр оқушы қамтылады. Оны тренингтер арқылы жүйеге асырып отырдым. Сынып оқушылары өте жоғары қызығушылықпен кірісіп кетті. Сабақ барысында тапсырмаларды өздері талдап, бір шешімге келіп, бірін-бірі тыңдап, әр қайсысының пікірі құнды екенін білді. Алғашқы сабақта оқушыларды біріктіру үшін топтарға бөліп отырғызу. Кейінгі сабақтарда топтағы оқушылар орындарымен ауыстырылды. Әр сабақта топтарды өзгеріп отырғанын қадағалауға тырыстым. Өткізген сабақтарымдағы менің ендігі рөлім бағыт беруші, оқушының ойын толықтырушы, топтық ережелерді сақтау, қадағалаушы,оқушылардың білім деңгейін бағалаушы,бақылаушы.Сабақ барысында АКТ-ны жиі пайдаланып отырдым өйткені АКТ арқылы оқушылардың ойлау қабілеті мен тіл байлықтары дамиды. Сабақта берілген тапсырмалардың топ ішінде талқылау барысында өз білгенін өзгеге түсіндіре отырып, өзгенің түсінгенін ой елегінен өткізу арқылы пікір алмасуы, ойларын толықтыруы,жинақтауы, айқын байқалып отырды. Жаңа бағдарлама бойынша өткізген сабақтарын оқушылар жауаптарын ауызша айтып ғана қоймай ойларын жеткізу мақсатында қағаз бетіне түсіріп немесе презентация құрып, тіпті тақырып бойынша көрініс көрсету, өлең жолдарын шығады.Қорғаудың әр түрін қолдана отырып, әр оқушыға өзін әр қырынан көрсетуге мүмкіндік туғызып отырдым.
Топтық жұмыс өте тиімді, себебі оқушылардың бәрі қызу жұмыс істейді, біреуі сурет салса, біреуі өз ойын жазады. Дәстүрлі сабақтарда оқушылар тез жалығып кетушы еді. Ал топтық жұмыста зерігіп отырған оқушылардың қызығушылығы артып, жұмыла жұмыс жасай береді.Орташа оқитын оқушы төмен оқитын оқушылармен ой бөлісіп, оны өз қатарына қосуға тырысады.Дарынды балалар орташа оқитын оқушыларға кеңес бере отырып, көмектеседі. Жаңа әдіспен оқыту барысында бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болып, өздеріне ұсынылған тапсырманы орындаудың жолын бірлесіп іздеу барысында бір-бірінің көмегіне жүгінеді.
Топтық жұмыстан осылайша оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы білім алу, білім беру, әрекеттеріне тиімді жолдарын көруге болады. Сабақ тиімді өту үшін көп ізденушілік, жауапкершілік керек.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті- оқу,қарым-қатынас, ойын және еңбек болса, бұлардың әр-қайсы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу-білім алу мен білік, дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас балалардың бірін- бірі дұрыс қабылдап, жаңалық алмасуын арттырады.
Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде топпен, жұппен жұмыс, «ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден, оқушыларға сапалы білім беру құралы болса, екіншіден, оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттырады.
Алматы облысы
Панфилов ауданы
Головацский атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Бегжанова Гүлбархан