Рефлексивный очет по казахскому языку на тему О?ытуда а?паратты? – коммуникациялы? технологияларды пайдалану


Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану
Технологиялық педагогикалық және мазмұндық білім алғаш рет 2006 жылы Мишра және Келер қарастырды, олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгерту қабілетті болуға тиіс болса, үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінентінін біле отырып, осы білімдерін ықпалдастыру қамтуы керек. Оның үстіне, Мишра мен Келердің пайымдауынша, барлық үш білім саласы арасында өзара байланысты іске асыруға қабілетті мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылады. Сонымен қатар зерттеушілердің айтуынша, осындай мұғалімдер зертханада жұмыс істейтін ғалымдармен немесе жаңа технологияларды пайдалану жөнінде білімдері жеткіліксіз бағдарламашылар мен тәжірибелі мұғалімдер сияқты технологиялық сарапшылармен салыстырғанда ауқымды кәсіби білімге ие болады. Қорыта келгенде, жекелеген пәндерді оқытуға білім мен технологияларын ықпалдастыру мұғалімнің қарқынды дамуына, оқудың барлық үш аспектісін өзара байланыста белсенді қолдануына дайын болуын қажет ететіндігін және бұл оқу мен оқыту үдерістерін білікті түсіну көрсеткіші болып табылатындығын баса айту керек. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 65-бет)
Жекелеген пәндерді оқытуда білім технологияларын интеграциялау мұғалімдерінің қарқынды дамуына, оқудың барлық үш аспектісін өзара байланыста белсенді қолдануына дайын болуы қажет ететіндігін және бұл оқу мен оқыту үдерістерін білікті түсіну көрсеткіші болып табылатындығы баса айту керек. Менің ойымша, ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Қазіргі кезде заман талабына сай күннен - күнге жаңа технологиялар қарқынды жүріп жатыр. Бізге, ауылдың қарапайым мұғалімдеріне осы технологияларды меңгеруімізге тура келіп тұр. Оқу барысында компьютерді пайдалануға, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.      Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты жолдауында « Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » -деп атап көрсеткен.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтарың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру – негізгі міндеттерінің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгерту үшін жағдайлар жасау» деп көрсетілген. Солардың бірі – білім беру ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдарын барлық пәндерді оқытуға пайдаланады.Бұл бағытта ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдарының бірі – бағдарламалық – техникалық кешен боп саналатын «Активті экран» болып табылады.(« Қазақстан мектебі» журналы 16-бет)
Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғылар мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер береді.Кез келген сабақта электрондық оқулықты , интерактивті тақтаны пайдалану оқушылардың белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Қазіргі кезде елімізде жаңа технологияларды білім жүйесіне енгізу қарқынды жүргізіп келе жатыр. Оның бір дәлелі ретінде біздің мектебімізге 2007 жылдан бастап интеративті тақта, бірнеше пәндік кабинеттер, мультимедиа кабинеті әкелінді. Көп болмаса да ауылдың мектебіне ол үлкен жетістік болып табылады. Біздің мектеп ұстаздарына болсын, мектеп оқушыларына болсын осындай ақпараттық құрылғылардың маңызы өте зор, уақыт талабына сай білім алуына мүмкіндік береді.       ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
ХХІ ғасыр - ақпарат ғасыры болғандықтан, адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет.Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер, интерактивтік құралдарын көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады.
Жас мемлекеттің басты байлығы да , болашағы да – жас ұрпақ. Қоғам болашағы жастар екенін ескерсек, оларға дәйекті білім беру және бүгінгі жаһандану дәуірінде заман талабына сай лайықты тәрбиелеу жалпы педагогика саласының ғана емес, сондай – ақ мемлекет деңгейіндегі негізгі бағыттардың бірі болып саналады. Бүгінгі жас ұрпақ тек белгілі бір білімдердің иесі болып қана қоймай, сонымен бірге, ең бастысы, қоғам мүшесі және өз Отанының лайықты азаматы болуы тиіс. Сондықтан да қазіргі білім беру жүйесін жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдана отырып жаңа сапалық деңгейге көтеру - отандық педагогиканың алдында тұрған басты міндеттерінің бірі.(«Қазақ тілі мен әдебиет» журналы 5-бет)
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуының заман талабы. Осы заман талабына сай мұғалімнің осы технологияларды меңгеруі тиіс. Қазастан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша еліміздің мектептері 100% интернетке қосылуы тиіс. Интернетке қосылу желісі біздің мектепте толықтай бар, мұғалімдер де, оқушылар да интернетпен еркін жұмыс істей алады. Мультимедиа кабинетінде 16 компьютер интернеттің oky.net ресурсуна қосылған. Activboard тақтасымен және әртүрлі электрондық оқулықпен жабдықталған. Мектептегі компьютерлік сынып интернет жүйесіне қосылғандықтан тереңдетіп оқыту сабақтарымда қосымша бейнематериалды ізденіп қолданамын. Сонымен қатар оқушы да интернеттен материал іздеп қана қоймайды, әлемдік байланыс желісіне кіруді де үйренеді.
Шульман 1986 жылы білімдердің педагогикалық аспектісі мазмұнды педагогикалық ықпалды формаларға айналдыру мүмкіндігін беретін құрамдас бөліктердің: оқу мазмұны мен педагогикалық білімдердің біртұтастығы болып табылады. Сол уақытың өзінде білім беру бір ықпалды формадада берілу керектігін айтты. Егер еліміздің әрбір мұғалімі сабағында жаңа технологияны жетік меңгеріп, пайдаланып отырса, оқушыларымыздың білімге деген құштарлығы мол болар еді деп ойлаймын.
Сабағымда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану барысында мынадай нәтижеге қол жеткіздім:оқушылар оқу материалын терең түсінді, оқу мотивациясы артып, алған білімдері ұзақ уақыт есте сақталды.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың дамуы білім дағдысының дамуына, оқыту технологияларын жаңартуға әкеледі. Қазіргі заманда, ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану, пән сабақтарын тиімді өткізуде көмегі зор болып тұр. Бағдарламадағы негізгі материал тиісті сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған. Жеті модульде қарастырылған идеялар өзара бір - бірімен байланыста болу керек. Сондықтан да әр модульдің өзіндік ерекшеліктері бар.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
Пән бойынша базалық білімді меңгерту;
Алған білімді жүйелеу;
Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
Оқуға деген ынтасын арттыру;
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға негіз бар.
Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5, көргенінің 20 пайызын, есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видео ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 пайызға дейін арттырады.(«Информатика негіздері» журналы 14-бет)
Сонымен интерактивті тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап,қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпаратты біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік,графикалық ақпараттық объектілер сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Ендеше «Активті экран» кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісіне жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға жағдай туғызады.
Сабағымда ақпараттық – коммуникациялық технологияның мынадай түрлерін қолдандым: компьютер, интерактивті тақта, интернет, сандық бейне, видео. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы, оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқу және оқыту үдерістерін жақсартуға жағдай жасайды. Мен өз тәжірибемде ақпараттық – коммуникациялық технологияның түрлерін оқыту үдерісін жақсарту үшін қолдандым.Мысалы: компьютерді жеке, жұптық, топтық жұмыстардың бәрінде қолдандым. Жеке жұмыстарда баланың білімін бағалау мақсатында, жұптық жұмыстарда диалог құру, пікір алмасу, ынтымақтастық қарым - қатынас құру мақсатында, топтық жұмыстарда сыни ойлауға, өз ойын жүйелі жеткізуге, сауатты жазу мен айтуға, оқушыларды тарту және оларды әрекеттерге қатыстыру, біреудің жұмысын өзгертуге және оны өзінің түсінігімен ауыстыруға үйретеді. Интерактивті тақтаны барлық сабақтарда қолданып, көздеген мақсаттарыма жеттім деп ойлаймын.
Өзімнің пәнімде ақпараттық – коммуникациялық технологияның тиімділігін сабағымның мына жерінен байқадым: ең алғашқы күні кері байланыс өткізген кезде, оқушылардан сабақты қалай өткізсек қызықты болар еді деген сұрақ қойған кезде, балалардың көбі слайд және электрондық оқулық, видео арқылы деген ұсыныстар жазған. Соған байланысты әр сабағымда мүмкіндігімше жаңа сабақта да, жаттығулар жұмыстарында да слайдттар жасап, электрондық оқулықтарды, видеоны қолданып отырамын. Кез-келген мұғалім ақпараттық – коммуникациялық технологиясын пайдалана білуге, оның тиімді жақтарын, оқушыларға үйрете білуде маңыздығы зор екендігін білу қажет. Ақпараттық – коммуникациялық технология арқылы ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, алмасу жұмыстарымен қатар, интернет желісінде бірлескен жұмыста оқушы қызығушылығын арттыратындығы сөзсіз.
Қазақ тілі сабағы – оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын болып саналады.Ол оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін және сөздік қорын дамытуға ықпал жасайды. Қазақ тілі пәнінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану пәнді оқытуда оқушының ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Өзіне қажетті мазмұнын мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. Сабағымда ақпараттық - коммуникациялық технологияны тиімді пайдалану - білім сапасының артуына әкелді.
Мен үш айлық курстың 2-ші кезеңіндегі практикамда ACTIVBoard интерактивті тақтасын, ACTIVote тестік құрылғылар, РowerPoint презентация, Internet мүмкіндігін, электрондық оқулық сияқты ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдандым. Әрбір сабағымда осы арнайы құрылғыларды қолдану маған үлкен көмек тигізеді. Өйткені, біріншіден, сабаққа дайындалу уақыты кемиді де, екіншіден, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, үлгерімі төмен оқушылардың көзінде от жанып, белсенділігі артып, сабаққа деген көзқарасы өзгереді.
Жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологияны сабақтарымда пайдалана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығарып, оны талдай білуге үйреттім.
Мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі болғандықтан, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану маған қиынға түсті, себебі мен ACTIVBoard интерактивті тақтасын, ACTIVote тестік құрылғыларды, Рower Point презентациялар жасай алмайтынмын, бірақ қазіргі технологияларды қарқынды даму кезеңінде уақыт талабымен күн сайын үйренуді, ізденушілікті қажет етеді. Сондықтан курс аясында мен өзіме біраз нәрсені үйрендім деп айта аламын.
Екінші «бетпе-бет» кезеңінде әріптестеріммен сабақтар талдауда осы модульді енгізудің оң жақтарын көрсетіп, тәжірибе алмасуда өз материалымды жеке папкама салуды үйрендім. Бұл да мен үшін жаңалық және жетістік деп ойлаймын. Келешекте осы мақсатыма жетуде, курста алған білімімді ары қарай жетілдіріп, сабақтарыма жүйелі түрде енгіземін. Ақпараттық – коммуникациялық технология бойынша тереңірек, қосымша ақпараттар алып, әріптестеріммен тәжірибе алмасып, оқушыларымның өздігінен білім алуларына көмегімді тигіземін деп ойлаймын.
Мен ақпараттық - коммуникациялық технологияны әрбір сабақта қолдандым. Мысалы: «Тіркескен сөздер » тақырыбын өткен кезде мен теориялық материалды алдын-ала дайындалған таныстырылым арқылы түсіндірдім. Келесі сабақтарда сергіту сәтін өткізген интерактивті тақтаны қолдандым. Қайталау сабағында оқушылар алған білімдері туралы өздері флипчарт құрды. «Зат есім» тақырыбында видеопроектор арқылы осы тақырып бойынша бейнеролик тамашаладық.
Сабақтарымда жеткен жетістіктерімді атап кетейін :
Оқушылар дербес компьютерді қолдану арқылы грамматикалық және лексикалық оқу материалдарын өздігінен меңгере алды;
Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың өздік, жұптық,топтық жұмыс жасауында белсенділігі және қызығушылығы артты;
Интернет желісінде оқушылар сөздіктер мен энциклопедияларды пайдалана алады, рефераттарға,баяндамаларға мәліметтер таба алады. т.б.
Сыныптағы барлық оқушыларды да осы жаңа технологияны меңгертуге тырысамын. Кейбір оқушылардың білім деңгейі төмен болса да, сабақты әдемі безендірілген таныстырылым немесе флипчартпен өткізген кезде, қызығушылықтары бірден артатынын , сабақта үлкен белсенділікпен жұмыс жасағанына көзім жетті.
Мен мультимедиялық презентацияларды әр сабағымда кеңінен қолданып жүрмін. Олар өте қолайлы. Презентацияларға мәтінмен бірге суреттер, графиктер, кестелер, видео және музыкалық сүйемелдеулерді кірістірдім. Сабақ барысында мультимедиялық презентациялардың көмегі мынадай болды:
Барлық оқушылардың зейінін белсендірді;
Оқу уақытын үнемделді;
Презентацияға интерактивті тақтаны қолдану жаңа тақырыптардың лексикалық, грамматикалық,фонетикалық материалдарын көрнекі жүйелеуге мүмкіншілік жасалды;
Оқушылардың өз бетінше білім алуына септігін тигізді;
Мен сабақтарымда ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану арқылы оқушылардың оқу дағдыларын дамытамын, интернеттен алған материалдарды пайдаланамын, жазбаша біліктіліктерін арттырамын, сөз қорларын кеңейтемін және шәкірттердің оқуға деген тұрақты мотивацияларын қалыптастырамын. Өз жұмысымда мен көптеген электрондық ресурстарды қолданамын: мультимедиялық бағдарламалар, интернетте табылған материалдар, интерактивті бағдарламалар. Олар сабақты түрлендіреді және қызықты етеді, балаларды әр түрлі жаңа технологияларды пайдалануға үйретеді.
Мектебімізде жаңа технологияларды ауқымды қолданылады. Мысалы біздің оқушыларымыз: қашықтан олимпиадаларға жиі қатысады. Оқушылардың бірнешеуі осындай олимпиадалардан жүлделі орындарға ие болып, сертификат алғандары да бар.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» - деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын  « Активті экран » болып табылады.         «Активті экран» кешені білім үрдісіне қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивті тақта болып табылады. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.      Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді.Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, бейне және дыбыс бөлімдерінің программасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді.(«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 8-бет)Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы деп ойлаймын.
Жоғарыда айтылған ой – пікірлерді тұжырымдай келе, компьютерді қолдану негізінде оқушылардың пәнге деген қызығуын арттырсам, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады дей аламын.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық – коммуникациялық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет,» - деп Елбасы атап көрсеткеніндей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.(«Қазақстан мектебі» журналы 17-бет)

Әдебиеттер тізімі: 1/ Мұғалімдерге арналған нұсқаулық (65-бет)
2/ «Қазақстан мектебі» журналы (16, 17-бет)
3/ «Информатика негіздері» журналы ( 14 – бет)
4/ «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы (5 – 8 беттер)