Статья О?ыту ?рдісінде жа?а ?діс-т?сілдерді пайдалана отырып, о?ушыны? білім алу?а деген ынтасын арттыру жолдары.docx


Оқыту үрдісінде жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушының білім алуға деген ынтасын арттыру жолдары
Қабдығалиева Айман Төлепбергенқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Талдықорған қаласы№14 орта мектеп-гимназиясыҚазіргі таңда мұғалімдердің іс-тәжірибелеріндегі заманауи өзгеріс оқу үдерісінде орын алып жатқаны барша ұстаздар қауымына белгілі. Оған дәлел Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Кембридж университеті бағдарламасы бойынша I, II, III деңгей біліктілігін арттыру курстарын меңгерген мұғалімдердің іс-тәжірибелері. Еңбек өтілі зейнеткерлік жасқа тәмәмдалып қалған тәжірибелі ұстаздарымыздың өзі де жаңашылдыққа бейімделуде. Әрине мұндай бетбұрысқа ұстаздар әрқашан дайын. Баланың жетістіктерге жетіп, өмірден өз орнын таба білуіне бірден-бір септігін тигізетін жауапты тұлға – мұғалім. Ендеше қазіргі таңда мұғалімнің беделін көтеру және мұғалімнің білім деңгейін көтеру мемлекет үшін маңызды іс болып отыр. Әлем елдерінің білім жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер әлемдік білім беру жүйесіне өзіндік әсерін тигізіп отырғаны белгілі. Демек, білім беру жүйесіндегі реформалар біз үшін өте маңызды. Білім саласының әлемдік деңгейге көтерілуінде алдыңға қатарлы Америка Құрама Штаты, Финляндия, Жаңа Зеландия, Жапония сынды мемлекеттермен иық тірестіру әрине ерте, дегенмен халықаралық байқаулардан құр алақан еместігіміз рас. Қазіргі таңда белгілі бір білім қорына ие, білім негіздерін терең меңгерген зиятты азаматты тәрбиелеу, әрбір пәнді оқытудың ғылыми деңгейін жоғарылату – заман талабы. Осы талаптарды орындау үшін, нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалімдер тарапынан жасалатын ең алғашқы қадам –сабақты дұрыс жоспарлап, өткізу. Жақсылыққа бастайтын жарықжұлдыз – оқу. Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ десек, сол ұрпақтың парасатты, өнегелі, өнерлі болуы үшін жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға бет бұруымызға тура келеді. Халқымыздың атақты педагогы Ахмет Байтұрсыновтың: «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» - деген пікіріне сүйенген жөн деп ойлаймыз.
Қазіргі таңда білім беру саласында жаңа әдіс-тәсіл түрлері өте көп.Олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңіне тиімді қолдану – басты талап. Қазақстанның белгілі әдіскер – тілшісі – Ш.Х.Сарыбаев айтқандай: «Қай сабақты, қай тақырыпты оқытсақ та, ең алдымен ондағы қиындықтарды белгілемей тұрып және ол қиындықтарды жеңудің әдістемелік жолын анықтамай тұрып тақырыпты, не тақырыпшаны бас салып оқыту - әдістемелік қате» [1.1984 ж. 7 бет].
Сондықтан да мұғалім қандай сабақ өтсе де онда кездесетін қиындықтарды жеңудің жолын іздестіріп, қандай әдіс-тәсілдерді қолданатынын алдын-ала белгілеп алуы қажет. Мұғалім еңбегінің нәтижесі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана алуына тікелей байланысты. негізінен әдісті дәл қолдана алмаған жағдайда ғана әдіс тиімсіз, пайдасыз болуы мүмкін.
Бүгінгі күнде кездесетін ең басты кедергі оқушының өз ойларын жеткізе білмеуі тіл мамандарын алаңдатады. Өйткені тіл – қарым-қатынастың басты құралы. Кез келген жерде ұтымды ой айта білетін, сыни тұрғыдан ойлай білетін, сөздік қоры бай тұлға тәрбиелеу - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Қоғамды дамытуға тек білім беруді терең түбірімен өзгерту арқылы ғана жетуге болатындығын білеміз. Сондықтан оқушының коммуникативті қабілетін дамыту үшін диалогтық оқытудың маңызы зор. Сол үшін баланың білім алуға деген құштарлығын ояту қазіргі заманда мұғалімнің көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауын қажет етеді. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты. Коммуникативті дағдыларды дамытуда топтық жұмыстың тигізер пайдасы орасан зор. Топтық жұмыс – ынтымақтастыққа жетелейді, бірлескен оқуға және өзара әрекеттесуге ықпал ету болып табылады. Ынтымақтастық оқу - ол бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы. Ынтымақтасқан оқу – оқыту мен оқуға білім беру тәсілі, бұл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау үшін бірлескен оқу. Оқушылар бірлескен оқуда, топтық жұмыста өздерін еркін сезініп, үйретуші қызметін атқарады, жауапкершілікті сезінеді, айтылған әрбір ойы маңызды екендігіне сенімді болады. Нәтижесінде, оқушы бойында көшбасшылық қабілеті қалыптасады, алынған ақпаратты, мәліметті өздігінен игеретін, алынған жаңа ақпаратты өз білімімен байланыстыра алатын белсенді тұлға болып қалыптасады.
Таным пирамидасына сүйенер болсақ, оқушы білімін өздігінен жетілдірсе 70 пайыз білім алады, оқытушы қызметін атқарса 90 пайыз өз білімін жетілдіреді. Демек, Блум таксономиясының талдау, бағалау сатысы осыны айғақтайды. Қазіргі таңда білім жүйесінде Блум таксономиясының білу, түсіну, қолдану сатысымен шектеліп отырмыз. Сонда талдау, топтау, бағалау мүлде қамтылмай отыр. Мысалы, қазақ әдебиеті сабағында оқушы Блум таксономиясының білу сатысында мәтінді оқып, түсініп, мәтіннің мазмұнын айтумен бағаланған. Қазіргі қойылып отырған талап бойынша оқушы сол тақырыпқа талдау жасап, Не үшін? Неге? Қалай? деген сұрақтарға жауап іздеп, өзінің ұсынысын, қорытындысын шығара білу керек. Сонда оқушы өмірде де өз ойын еркін жеткізіп, кез келген жерде білімін қолдана алады. Сол үшін мұғалім сабақ жоспарлаған кезде осы айтылған негіздерге сүйене отырып, жоспарлау керек. Сонда ғана нәтижелі сабақ болатыны айқын.
Қазіргі білім беру үдерісіндегі оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту – үлкен жауапкершілікті іс екенін білеміз. Өйткені, оқушылар оқулықта берілген мәліметтермен шектеліп отыр. Оқушының сын тұрғысынан ойлауын дамыту үшін мұғалім әртүрлі стратегияларды пайдаланып, ойын дамытуға жағдай жасау керек. Мысалы, тіл сабақтарында «Синквейк» стратегиясын пайдалану өте тиімді. Бұл стратегияның ерекшелігі сол оқушыларды ойландыру арқылы өз ойларымен бөлісуге және тез шешім қабылдауға дағдыландыру болып табылады. Онда оқушыларға бір сөз беріледі.
1-жолда Сол сөздің мағынасын бір сөзбен айтады.
2-жолда Екі сын есіммен мағынасын ашу.
3-жолда Үш етістікпен мағынасын ашу.
4-жолда Төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлем құрастыру.
5-жолда Сол мағынаны ашатын бір сөзбен сипаттау.
1-мысал:
Мектеп
Білімді, үлкен
Оқытады, тәрбиелейді, оқытады
Мектеп білімді тұлға тәрбиелейді.
Білім
2-мысал:
1.Өлең
2.Әсерлі, мазмұнды
3.Шабыттандырады, тәрбиелейді, ойландырады
4. Құлақтан кіріп бойды алар.
5. Сөз
«Роунд Робин» стратегиясының тиімділігі топ мүшелері түгел қамтылады және оқушы сыныптастарынан қалмауға тырысып, өз ойымен бөліседі. «Роунд Робин» стратегиясында әр топқа бір проблема беріледі. Берілген проблемаға әр топ мүшесі өз шешімін жазады. Уақытта міндетті түрде шектеу керек. Нәтижесінде бір проблеманың бірнеше шешуі табылады және оқушылардың коммуникативті қабілеті артады.
А.Выгодскийдің ЖАДА еңбегі бойынша мұғалім бағыт-бағдар беруші, яғни скоффолдер қызметін атқарады. Қысқа мерзім ішінде мұғалім оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға қалыптастырып, бейімдейді. Нәтижесінде оқушылардың білімге деген ынтасын көтеріп, оқушыларға өз білімін әрі қарай дамуына мүмкіншілік беру керек. Демек формативті бағалау қадамдары – сәттілікке жетелейтін сара жол болып есептеледі. Дәстүрлі сабақтарда жаңа сабақты бекітіп, үй тапсырмасын беріп, оқушы білімдерін бір бағамен бағалайтынбыз. Жаңа әдіс-тәсілдер бойынша мұғалім жұмыстың 25 пайызын бағалауға ұмтылу керек және оны белгілі бір мақсаттарды орындату үшін қолдану керек. Бағалаудың қалған бөлігін өзара бағалау жабады. Оқушы білімі қашанда нақты және әділ бағалану керек. Сол үшін берілетін тапсырмаларға алдын-ала бағалау критерийлері құрылып, топ жұмысы осы критерий бойынша бағалануы тиіс.
Қазақ әдебиеті сабағында қолданылатын бағалау критерийлерін ұсынамыз.
Оқушы жұмысын бағалау
Бағалау критерийлері 1-есім 2-есім
Жазушы өмірі туралы деректер қамтылды ма? Иә жоқ Иә жоқ
Оқулықтан тыс тың мәліметтер бар ма? Иә жоқ Иә жоқ
Өлеңнің мәнерлеп оқылуы Иә жоқ Иә жоқ
Өлеңнің идеялық мазмұны ашылды ма? Иә жоқ Иә жоқ
Өлеңге лингвистикалық талдау жасалды ма? Иә жоқ Иә жоқ
Түсіндірме сөздікпен жұмыс бар ма? Иә жоқИә жоқ
Құрастырылған критерийлердің 100 пайызын орындаған оқушыға «5», 70-80 пайызын орындаған оқушыға «4», 50 пайызын орындаған оқушыға «3» деген баға қойылады. Демек, оқушы өзінің деңгейін біліп отырады және бағалаудың әділдігіне сенімді болады.
Жаңа әдіс-тәсілдердің ішінде ерекше орын алатын, сабақтың нәтижелілігін, алдағы сабақтарды жоспарлауға септігін тигізетін, сабақ жоспарының соңғы қорытынды бөлімі – кері байланыс. Кері байланыс – әрбір сабақтың нәтижесін саралайтын тиімді бөлімі. Кері байланыс дұрыс жолға қойылса оқушылар да соған тез бейімделеді. Сабақтарда қолданылатын кері байланыс оқушылардың сабақтың өзіне ұнаған немесе ұнамаған тұстарын және келесі сабақта түсінбеген сұрақтарының жауабын білу мақсатында өз ойларын стикерға жазып тиісті смайликтердің жанына орналастырады. Кері байланыстың тағы бір тиімді түрі «Білімді қоржынға жинақтау» деп аталады. Кері байланыстың бұл түрі асықты қоржынға жинау түрінде жүзеге асырылады. Сабақ соңында оқушылар сабақ барысында алған білімі туралы айтып, асық түрін көлеміне, түріне қарай таңдап қоржынға салады. Осындай кері байланыс түрлерін сабақта қолдануды әрбір ұстаз әдетке айналдырса, оқушылар да соған қарай бейімделіп, өз құрбыларына немесе мұғалімге ұсыныс айтуға дағдыланатыны сөзсіз. Осындай заманауи өзгерістер назарынан тыс қалмайтын, шығармашылық пен шынайы ізденістер негізінде нәтижелі жұмыстарға бейімделіп жатқан Талдықорған қаласы №14 орта мектеп-гимназиясы ұжымы да білім жүйесіне енгізіліп жатқан жаңа әдіс-тәсілдерді өз тәжірибелеріне енгізу үстінде. Әрине, мұндай кезде кәсіби қоғамдастықтың рөлі ерекше. Мұғалімдер тобы бірлесу қажеттілігін сезінген жағдайда қоғамдастық жұмысы жанданады және дамиды. Себебі, әр қоғамдастық мүшелерінің пікірі мен қатысуы маңызды. Құрылған кәсіби қоғамдастықтың нәтижесінде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, жүзеге асуда. Алдағы уақытта өз еңбегіміздің жемісін көреміз деген үміттеміз.
Сөз соңында айтарымыз, әрбір оқушының болашағы өз мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тізгін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін, ділін қастерлейтін және оны рухани құндылықтарға ұштастыра білетін елжанды тұлға тәрбиелеу – әрбір ертеңіне бейжай қарамайтын ұстаздың міндеті. Сондықтан болашақтың бүгіннен басталатындығын естен шығармаған жөн деп ойлаймыз. Әлемнің өркениет елдерінің қатарына қадам басқан өз еліміздің болашағы жарқын болатынына сенімдіміз.