М??алім ?р саба?ты ?ызы?ты, ?мірді? ?скеле? талабына сай, жа?а технологияны басшылы??а ала отырып ?ткізу керек. О?ушыларды? ойлау ?абілеттеріні? арттыру?а арнал?ан о?у ба?дарламасында?ы материалдарды ?мірімен байланыстыра ?ткізіп, оны к?нделікті саба?та п
Үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған маманданддырылған
№30 мектеп-гимназиясы
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Қызықты математика әлемінде»
(5-11 сыныптар арасында)
Өткізген: Математика пәні мұғалімі
Ғаббасова Ақмарал АхметқамбаровнаАтырау қаласы-2015ж
Қызықты математика әлемінде
Мұғалім әр сабақты қызықты, өмірдің өскелең талабына сай, жаңа технологияны басшылыққа ала отырып өткізу керек. Оқушылардың ойлау қабілеттерінің арттыруға арналған оқу бағдарламасындағы материалдарды өмірімен байланыстыра өткізіп, оны күнделікті сабақта пайдаланған жөн. Төменде осындай бір сабақтың жоспарын ұсынып отырмын.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ауызша есептей білуге, логикалық есептерді шешуге дағдыландыру;
Дамытушылық: Әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына адамгершілікке ұмтылып, әдемілікті сүюге үйренуге және шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау.
Тәрбиелілік: Топпен, ұжыммен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, еңбекке баулу, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, мақсатына жете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Интеллектуалдық ойын.
Сабақтың әдісі: Топтық, ұжымдық
Сабақтың көрнекілігі: Ұлы сөздер, құмсағаты, тапсырмалар. Математикалық.
Сабақтың барысы:
1.Командаларды таныстыру
2. Кім жүйрік?
3. Математикалық лото
4. Зейінді геометр5. Суретшілер сайысы
6. Сабақтың қорытындылау
Мұғалімнің сөзі: «Табиғат математика тілімен сөйлейді. Бұл тілдің әріптері дөңгелектер, үшбұрыштар және басқа математикалық фигуралар». Г.Галилей
Шыққан әр сыныптардан үш оқушыдан жаңа топ құрастыру.
Кім жүйрік?
А) 1. Y=ax+b қандай функция? (сызықты).
2. Тәуліктің 1/24бөлігі? (сағат)
3. Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары қалай аталады? (катет, гипотенуза).
4. 13 санының квадраты нешеге тең? (169)
5. Ереженің әріп түрінде жазылуы? (Формула)
6. Жердің жасанды емес серігі? (Ай)
7. Оу осі коррдинат жазықтықта қалай аталады? (ординат осі)
8. Дұрыс теңдік. (Тепе-теңдік).
9. Диаметрдің жартысы. (Радиус).
10. Екі бөліндінің теңдігі (Пропорция)
Ә) 1. Бұрыштары жоқ фигура. (Шеңбер)
2. Дәлелденбейтін тұжырым. (Аксиома)
3. Шеңбердің кез келген нүктесін центрмен қосатын кесінді. (Радиус)
4. Пропорцияның негізгі қасиеті ()
5. Санауға қолданылатын сандар (натурал)
6. Қазақ тілінде қандай әріп цифрға ұқсайды. (З)
7. 15 санының квадраты нешеге тең? (225)
8. Қандай мемлекеттік атында геометриялық дененің аты қайталанбайды? (Куба)
9. 2 және 3 сандарының арасына қандай таңба қойғанда шыққан сан 2-ден үлкен, 3-тен кіші болады? (Үтір)
10. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы (П=3,14...)
5балл 10балл 15балл 20балл
Арифметика Қоян мен түлкі орманға қарай жүгіріп бара жатыр. Қоян 100дм, ал түлкі 10 м жүгіреді. Екеуінің қайсысы орманға бірінші келеді. 1,2,3,4,5,6,7,8,9,0 берілген сандарының несі көп: қосындысы немесе көбейтіндісі ме? Кітап үшін 1 теңге және кітаптың жарты құнын төлеген. Кітап неше теңге тұрады? Асан мен Үсеннің дәптер саны бірдей болды. Асан Үсенге 5 дәптерін берді. Кімде дәптер саны көп болып қанша көбейеді.
Алгебра Егер ойлаған санды 3 ке көбейтіп оны 70 ке азайтса сонда 34 саны шығады? Қандай сан ойлады? Бір сан екінші саннан 4 есе көп , ал олардың қосындысы 20-ға тең. Осы сандардың кіші санын тап. Сауда жасау үшін 19 теңге төлеу керек. Санда тек қана 3 теңгелік ақшалар бар. Ақшаны қалай төлейсіз? Дәптер мен қарандаш 16 теңге тұрады.қаламсап пен қарындаш 32 теңге тұрады. Ал дәптермен қаламсап 44 теңге тұрады. Заттарға қанша теңге төленген?
Геометрия Квадраттың ауданы 49 см2, оның периметрі нешеге тең? 1-ші шаршының ауданы 16 кв,м, 2-ші шаршының ауданы 4 есе үлкен. 2-ші шаршының периметрін тап. Қағаздан 3 шаршы кесілген. 1-нің қабырғасы 4см, ал қалған екеуінің қабырғалары 2 см-ден. Олар бір –біріне төрт бұрыш болатындай етіп қосылған. Осы төртбұрыштан периметрін тап. 4смге тең АВ кесіндісінің О нүктесімен белгіленген. 3см-ге тең ОК кесіндісі сызылып, радиусы 3см-ге тең етіп центрі О нүктесінде болатын шеңбер сызылған. АВ кесіндісі дөңгелекке қарағанда қалай орналасқан.
Логика Сіз іс-сапарға наурыздың 24-де барып ал наурыздың 31-де келіңіз. Іс-сапарда неше күн болдыңыз? Ең ұзын тоқсанның номерлік санына аптаның бейсенбі күнгі номерлік санын қосыңдар. Адам тәулігіне орта есеппен 8сағат ұйықтайды. Егер адам өмірі орта есеппен 75 жыл аралығында болса, онда адам осы аралықта неше сағат ұйықтайды? Ыдысқа толық салынған балдың массасы 8кг. Ал ыдысқа жартылай салынған балдың массасы 4,5 кг. Ыдыс балсыз неше кг болады?
Б) 1. Берілген санға қалдықсыз бөлінетін сан. (еселік)
2. Құрамында белгісіз айнымалысы бар теңдік. (теңдеу)
3. Жылдамдықты өлшейтін құрал. (спидометр)
4. Санның 1/100 бөлігі (процент)
5. 11 санының квадраты нешеге тең? (121)
6. Координаталық жазықтықта ОХ осі қалай аталады? (абцисса)
7. Дәлелденетін пікірдің өзі (теорема)
8. Аудан өлшемі (гектар)
9. Қиылыспайтын түзулер (параллель)
10. Қандай натурал сандардың қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (3)
«Бақытты кезең» ойыны.
«П» әрпінен басталатын математика терминдерін жаз.
Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлігі.
Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу
Санның жүзден бір бөлігі
Қосу амалын өрнектейтін белгі
3-бөлім. Математикалық лото. Интерактивті тақтаның көмегімен бір рет қолданып шығару
4-кезең. Зейінді геометр. Берілген фигураларға қарап кесуді бір рет қолданып шаршы шығатындай түзу бойымен кесу керек.
5-кезең. Суретшілер сайысы (5 минут). Берілген координаталар бойынша фигураны салу.
6-кезең. Қорытындылау.