Саба? жоспары Санды? функциялар. Сызы?ты? алгоритмді программалау


Күні: 12.12.2016 жыл
Сабақтың тақырыбы: Сандық функциялар. Сызықтық алгоритмдерді программалау. 
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларда Pascal программалау тіліндегі енгізу және шығару операторлары
туралы мағлұматтар қалыптастыру.
Жаңа ақпараттық технологиялық құралдар мен бағдарламалық жабдықтарды
қолданып пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Еңбексүйгіштікке баулу, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру
 Сабақтың көрнектілігі: интерактивті тақта, компьютер, Паскаль программалау ортасы, слайд.
 Сабақтың түрі: Аралас сабақ
 Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
II Үй тапсырмаларын сұрау.
1.Алгоритм дегеніміз не?
Алгоритм-берілген мақсатқа жету үшін реттелген әрекеттер тізбегі
2.Алгоритм жазу пішімі қандай?
              алг  алгоритмнің аты
              басы
алгоритм командалары
              соңы
Айнымалы типтерін атаңыз? (бүтін-integer; нақты-real; литерлік-char)
 
Енгізу операторы (read, readln-енгізу)
 
Шығару операторы ( write, writeln- шығару)
 
Меншіктеу операторы (айнымалы аты:= өрнек)
 
Программа жазу пішімі қалай?
                program программа аты айнымалалар бөлімі begin операторлар бөлімі                end.
 
III Жаңа тақырып.Екі  санның қосындысын (c=а+в) анықтайтын блок-схемасын,алгоритмін, программасын жазу. 
алг ЕСҚ табу
(арг бүт а, в,нәт бүт с)
басы
енгізу а, в
 с=а+вшығару сcоңыprogram ecep;
 var a,b,c:integer;
begin
readln (a,b);
  c:=a+b;
writeln (‘с= ‘,c);
end.
а=12 ,в=10
деп мәндері берілсеонда программаны былай жазуға боладыprogram ecep;
 var a,b,c:integer;
begin
  a:=12;b:=10;
  c:=a+b;
writeln (‘с= ‘,c);
end.
Оқушыларға ДК программаның орындалуын көрсету.
Сыныпты үш топқа бөлу.
1 топ  «Программа»
2 топ  «Блок-схема»
1 тапсырма: Әр топ өз атына сәйкес есеп шығарады.
Өрнектің мәнін табыңдар  a=-2 ,болғанда   (a-8)/(2a+5)   блок-схемасын, программасын құрыңыз.
2 тапсырма:   /топтар ауысады. 2 топ программа құрады, 1 топ блок-схема құрады/
P=2(a+b), S=a*b формуласы бойынша есептеу блок схемасын , программасын  құрыңыз.
 3 тапсырма: /2 топ та блок-схемасын, программасын құрады/
Үш санның арифметикалық ортасын табу алгоритмін, блок-схемасын және программасын жазыңыз.
IV Компьютермен жұмыс
Осы үш тапсырманы ДК Паскаль программалау тіліне жазып жауабын алыңыз.
“Программа”  тобы 2 есеп                        Жазған тапсырмалары тексеріледі.
“Блок-схема” тобы 3 есепV Демалыс сәті.Бүтін а санының түбіріне шығатын программаны құру үшін әр топ оқушылары ретін табуы керек . program san_a; writeln (‘түбір= ‘,х);
end.  begin readln(a);  x:=sqrt(a); var a:integer; x: real;
Әр топқа есеп үзіндісі беріледі жауабын табу керек.
VI Бекіту сұрақтары:
1.Айнымалы бөлім аталуы?2.Алгоритм қасиеттерін атаңыз?3.Алгоритмді график арқылы кескіндеудің атауы.4.Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
5.Енгізу операторы қалай аталады?
6.Шығару операторы  қалай аталады?
VII Үйге тапсырма:
№1. Y=(AX+B)-С   өрнегініңалгоритмін,  блок-схемасын,программасынқұрып келу.№2. y=x2+1 функциясын есептейтін программа жазыңыз.