Конспект урока по химии на тему Химиялы? тепе-те?дік ж?не оны? ы?ысу жа?дайлары. Ле Шателье-Браун принципі
Күні 18.12.2014ж
Пәні Химия
Класс 10 "Ә"
Сабақтың тақырыбы Химиялық тепе-теңдік және оның ығысу жағдайлары. Ле Шателье-Браун принципі
Сабақтың мақсаты Химиялық тепе-теңдік туралы түсініктерді қалыптастыру, тепе- теңдіктің динамикалық сипатын көрсету және әртүрлі факторлардың (концентрацияның,температураның және қысымның) химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әсерін қарастыру. Ле-Шателье принципін тұжырымдау. Есеп шығару дағдысын одан әрі жетілдіру.
Оқыту нәтижесі Химиялық тепе-теңдік туралы түсініктері қалыптасады, тепе теңдіктің динамикалық сипатын көрсете алады және әртүрлі факторлардың химиялық тепе теңдіктің ығысуына әсерін қарастырады. Ле Шателье принципін тұжырымдалады.
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурс
Кіріспе 2 мин
2 мин
2 мин Ұйымдастыру бөлімі
«Ха-ха-ха, хе-хе-хе» тренингін өткізу.
«Химиялық тепе-теңдік және оның ығысу жағдайлары. Ле Шателье-Браун принципі» саяхатқа шығамыз. Кемеге міну үшін билет аламыз. Осы билет арқылы топқа бөлінеміз.
Өткен тарауды «Миға шабуыл» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылар
Билет алады.
Топқа бөлінеді.
1-топ. «Катализатор» экипажы
2- топ. «Тежегіш» экипажы
3-топ.«Гетерогенді реакция» экипажы
4-топ. «Гомогенді реакция» экипажы
Оқушылар сұрақтарға жауап береді Үш шапалақ Интербелсенді тақта
Билеттер
Тұсаукесер 3 мин Сұрақтар қою:
Қайтымды реакция дегеніміз не?
Қайтымсыз реакция дегеніміз не?
Бір бірінен айырмашылығы неде?
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
«Химиялық тепе-теңдік және оның ығысу жағдайлары. Ле Шателье-Браун принципі» Оқушылар сқрақтарға жауап береді.
Оқушылар дәптерлеріне тақырыпты
жазып алады. Борттық журнал Негізгі бөлім 15 мин
3 мин Жаңа тақырыппен жұмыс.
«Экипаж очерктері» әдісі арқылы топтық жұмыс. Топтарға тапсырмалар беремін:
1-топ. Концентрацияның әсері
2- топ. Қысымның әсері
3-топ. Температураның әсері
4-топ.
Сергету сәті. «Капитан» ойыны
Матростар жүреміз.
Матростар еден жуамыз.Матростар түскі ас ішеміз.Матростар құтқару дөңгелегін жасаймыз.Матростар кеме жасаймыз. Оқушылар әр топ шығып кішкене мәлімет береді.
«Капитан» ойынын ойнату. Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрамыз.
Борттық журнал Флипчарт, маркер
Әуен
10 мин «Компас» әдісі арқылы тақырып соңындағы есептерді барлық топ оқушыларына орындатамын.
Оқушылар дәптерлеріне есептерді шығарып болғасын бір-бірін бағалайды. Борттық журнал Есептер парағы
Қорытынды 3 мин
4 мин
1 мин «Морзе коды» әдісімен сабақты бекітемін.
Кері байланыс өткізу, бағалау.
Үйге тапсырма Оқушылар өздеріне берілген әріптер бойынша сол әріптен келетін сөйлеммен тақырыпты түйіндейді.
Борттық журнал Әріптер бар парақшалар